Өз-араңызда қандайсыз


Егер балаңызды орта адамы, мәдениетті адам ретінде көргіңіз келсе



бет2/16
Дата09.06.2020
өлшемі151 Kb.
#63288
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Егер балаңызды орта адамы, мәдениетті адам ретінде көргіңіз келсе:

А) Балаңыздың мектептегі жетістігіне қуана біліп, қолдау көрсетіңіз.Сабақтан қалмауын қадағалаңыз.

Б)Балалармен бірге мәдениетті демалуға қаражат, уақытыңызды аямаңыз.Театр, кино,көрме,концерт,мұражай,т.б. бірге барып, талдаңыз. Ең бай адам- эмоциясы бай адам!

В) Кітап оқуға (бірге және өзіңіз де) уақыт тауып, балаларға да кітап оқуға сүйіспеншілігін қалыптастырыңыз.Ең жақсы сыйлық- ақылды кітап. Кітап оқып отырып күлімдеп, күліп,ең қызық жерін оқып беріңіз, ұнаған жерімен, алған әсеріңізбен бөлісіңіз. Мақтаныңыз. (Бала қызығатын болады).

Г) Баланың мәдени хоббиін, құштарлығын қолданыңыз.Әсемдікке талпынысын, ынтасын жойып алмаңыз.Көмектесіңіз, өзіңіз де сонымен айналысыңыз. (Мысалы:әдеби кітап жинау, шахмат ойнау,т.б.)
Егер балаңызды қатал, еш нәрсеге қызықпайтын “жүрегі жоқ қатыгез” болмасын десеңіз:

Өзгелерге, өзіне жақсы қарым-қатынасқа тәрбиелеңіз.Өзгелер туралы өсек айтпаңыз, оған да айтқызбаңыз.Қызғаншықтық, екіжүзділік, жағымпаздық, даңғойлық сияқты қасиеттер ата- анадан берілетінін ұмытпаңыз.



Балаңыз мейірімді,сенімді,сіздің қарттығыңызды сыйлайтын терек болсын десеңіз:

А)Өзіңіз ата-анаңызға,үлкендерге,ағайынға мейірімді,қайырымды болыңыз.Оларға көмекті балаларыңызбен бірге жасаңыз.Жылы қарым-

қатынас,ізгілік өзіңізгеқайтыпоралады.Осыдан түйін,бүкіл тәрбие екі ғана қағидаға негізделген:

1.Сіздің жеке бас үлгі-өнегеңіз;

2.Балаға қолайлы жағдай жасау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет