Өз-араңызда қандайсыз


Сыныпта тұлға аралық ұнамды қарым-қатынас қалыптастыру



бет4/16
Дата09.06.2020
өлшемі151 Kb.
#63288
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Сыныпта тұлға аралық ұнамды қарым-қатынас қалыптастыру.

(Б.В.Куприянов)

Кез келген топ өзіндік әлеуметтік-психологиялық құрылымнан тұрады.

Социометриялық тұрғыдан қарағанда бұл құрылым: жұлдыздар, қабылданатындар мен шеттетілгендер деп бөлінеді. Адамдар аралық қатынасты анықтауда социометрия әдісі көмектеседі.Балаларды бақыласаңыз, оларды алақанға салғандай көруге болады.Олар үшін кімнің қасында отыратыны, асханаға кіммен баратыны, бәрі маңызды.

Сыныптағы лидерлерге сүйену маңызды. Алайда, ол лидерлер өзіндік жоспарын іске асыруы үшін, ойдағыдай өз орнын табу үшін, жасайтын жұмыстарын сәтті орындауға кеңестер, өтініштер, ұсыныс-нұсқаулар беру арқылы бағыттау- сынып жетекшісінің құзырында.

Мұғалім тарапынан болатын ашушаңдық, кейігіштік, салғырттық, ұсақшылдық, күйзелістер балалар ұжымын «ауыртады», яғни, мұғалім балалар ұжымындағы шиеленістерге өзі кінәлі. «Адамдарға мейірімділікпен қарау» заңы осы ортада негізгі заң болуы керек.

Кейде мұңалім мен оқушы арасында да проблема туындайды, оның себебі әр мұғалімнің өзіндік стилі мен балаға деген ұнату не ұнатпау сезімдері болады. Барлық уақытта мұғалімнің стилі сыныппен үйлесіп жатпауы мүмкін, әсіресе басқа мұғалімнің стилін ұнататын жағдайда, салыстыру өз нәтижесін көрсетеді. Міне, осындай жағдайда сынып жетекші сыныпқа жалпы оң бағыт-бағдар беріп, кез келген жағдайда ұнамды көзқараспен қабылдауды ұйымдастырғаны жөн. Барлық адамдар бір-бірінен дұрыс қуат алады, ұнамды эмоцияларымен алмасады, сондықтан сынып жетекшісі өзінің сыртқы түріне, көңіл-күйіне, не айтып не қойғанына мән беруі керек

Ортадан шеттетіліп қала беретіндерді (аутсайдер) қолдау, қорғау қажет. Кез келген ортада осындай адамдар болады. Оның себептері өте қиын. Тұлға аралық қарым-қатынасты реттеуде әзіл-шыны аралас «партия жиналысын» жасап тұруға болады. Ол туындағанмәселе туралы ашық және талқылау түріндеболмауы керек, мысалы, бір баланың ісі ұнамады, онымен не істеу керек деген сұрақты талдау тиімді емес. «Халқым, мені мынадай ой жегідей жеуде...», «Қыздар , мен сендермен бір нәрсе туралы сыбырласқым келеді», «Жігіттер, бір әңгіме бар, сыр шашпайды деп сенемін» деген сөзбен бастап, әрі қарай тұлға аралық қатынастағы олқылық туралы ойды өрбітуге болады. Алайда, әңгімені қалай аяқтауды да ойластырған жөн. Мұндай жиында мұғалімнің монологы тиімсіз, ұжымның өзара сенімі мен құрметі көп рөл атқарады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет