Өз балаңызға жақсы денсаулық тілесеңіз, отбасында өмір сүруде төмендегі ұстанымдарды қолданыңыз:
А) еңбек етудің, демалудың,тамақтанудың белгілі бір режимін ұстаныңыз,атап айтсақ:уақытында ұйқыға жатып,ерте тұру,қонымды ауқаттану,кешкі 7-ден кейін тамақ ішпеу.Тамақ құрамы өсімдік және белоктық құрамнан тұрғаны дұрыс,тәтті,майлы,ащы,тұзды заттардан аулақ болғаны жөн;Жартылай дацын тағамдарының(тез дайындалатын, гендік инженерия арқылы дайындалған тағам өнімдері) психика мен жалпы денсаулыққа теріс әсер ететінін ұмытпаңыз!
Б) Таңертең күйіңізді дене шынықтыру гимнастикадан бастап (30 минуттай), таза ауада жүгіріп, одан соң душ қабылдап, мұздай суды денеңізге құйып шынығыңыз.
В) Темекіні тастаңыз. Балаларыңызға темекі шегу- өзін- өзі өлтірудің бір әдісі екенін түсіндіріңіз. Ішімдікті мүлдем азайтыңыз(Әсіресе, баланың көзінше ішпеген дұрыс).
Г) Теледидардың құлы болып кетуден қашыңыз. Одан да табиғатпен қарым-қатынас жасауға тырысыңыз ( таза ауа, қимылды еңбек, ойын).
Е) Бос уақытыңызды балалармен бірге спорттың бір түрімен қызыға айналысыңыз, балаларыңыз сізге құрметпен қарайтын болады.
Ж) Сіздің барлық әдетіңіз баланың үйреншікті ісіне айналатынын ұмытпаңыз!
Достарыңызбен бөлісу: |