Өз білімін көтеру жұмыстарының жоспары



Дата29.01.2020
өлшемі34,5 Kb.
#56719
Байланысты:
Өз білімін жетілдіру2017-2018


Талғар ауданы

Алмалық ауылы

«№18 орта мектебі» КММ


«Бекітемін»: «Келісемін» ӘБ отырысында қаралды

Мектеп директоры: Оқу ісі жөніндегі орынбасары ӘБ жетекшісі

«____»___________ ж.

«____»____________ ж.

Өз білімін көтеру жұмыстарының

жоспары

Пән мұғалімі: Сарбасова Э.М



Түсінік хат
«Ұстаз ... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардың еш нәрсені ұмытпайтын ... алғыр да, алғарымпаз, ақыл иесі, ... мейлінше шешен, өнер білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ ...., жұрттың бәріне...  жақсылық пен ізгілік көрсетіп .... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ер жүрек болу керек» - деген Әл-Фараби.

Мұғалім әрдайым даму үстінде сондықтан өзінің еңбек жолының барлығында зерттеуші болып табылады. Әсіресе мұғалімнің кәсіби шеберлігін қалыптастыру барысында ғылыми-әдістемелік іс- әрекет үлкен әсерін тигізеді.

Бұл іс- әрекет болжамы:


  • білім саласында болып жатқан қазіргі кездегі өзгерістермен әрдайым таныстыру;

  • өз әріптестерінің әртүрлі формадағы сабақ ұйымдастыру тәжірибесін оқып үйрену;

  • жаңа білім тұжырымдамасымен, бағдарламаларымен т.б. танысу.

Өзінің педагогикалық шеберлігін арттыру үшін мұғалім әртүрлі курстарға қатысады, сол сияқты өз білімін арттырумен шұғылданады.Ожеговтың анықтамасы бойынша өз білімін арттыру дегеніміз «Басқаның көмегінсіз,өз бетімен дайындалу арқылы білімін арттыру, кәсіби-әдістемелік білім мен біліктілігін тереңдетуге және кеңейтуге, пәндік дайындық деңгейін көтеруге бағытталған».

Өз білімін арттыру мұғалімнің тұрақты іс-әрекеті болғандықтан, оған кіретіндер:



  • белгілі мәселеге байланысты ғылыми зерттеу жұмысы;

  • кітапханаға бару, ғылыми – әдістемелік және оқу кітаптарын оқу;

  • педкеңеске, мұғалімдердің пәндік секцияларына қатысу;

  • өз әріптестерінің сабағына қатысу, сабақты ұйымдастыру;

  • сабақты өткізу әдістемесі т.б. сұрақтар жөнінде пікір алмасу;

  • әртүрлі формадағы сабақтарды, сыныптан тыс іс- шараларды және оқу материалдарын теориялық талдаудан, практикалық өндеуден өткізу.


Мақсаты:

  • оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін жетілдіру мақсатында жалпы педагогикалық және психологиялық білімді оқып-үйрену.


Міндеттері:

  • педагогикалық-әдістемелік білімді тереңдету;

  • педагогика ғылымының жетістіктерін, озат тәжірибені оқып-үйрену;

  • жалпы мәдени деңгейді көтеру.


Негізгі принциптері:

  • ғылымдылығы:

  • саналылықпен меңгеру;

  • практикамен байланысты теориялық іздену;

  • қажетті дағдыларды меңгеру;

  • жүйелілігі мен жоспарлылығы;

  • мұғалімнің білімге қызығушылығы;

  • дайындық дәрежесіне сай өзгешелігі.


Маңыздылығы:

  • ҚР «Білім» туралы Заңының 51-бабының 5-тармағында «Мұғалім  өзінің педагогикалық шеберлігін, парасаттылығын , шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін үнемі жетілдіріп отыруға міндетті,»- делінген;

  • Мұғалім еңбегі жоғары деңгейдегі ұтқырлығымен , күрделілігімен және жан-жақтылығымен ерекшеленеді, бұл оның терең және кәсіптік білімінің, білік-дағдыларының болуын қажет етеді. Өзіндік білім алудың шеңберінен тыс мұғалімнің тұлғалық және кәсіптік дамуы мүмкін емес.

Өз білімін көтеру жұмыстарының жоспары



Негізгі тарау

Бағыттары

Мерзімі

1

Саяси сауаттылықты көтеру

  1. ҚР Конституциясы

  2. ҚР «Білім туралы» Заңы

  3. ҚР «Тіл туралы» Заңы

  4. ҚР «Еңбек туралы» Заңы

  5. ҚР Президентінің Жолдауы

  6. Білім саласындағы реформаларды талдау

  7. 12 жылдық білім

  8. ҰБТ жаңалығы

Жыл бойы

2

Ақпараттық сауаттылықты көтеру

Ақпараттық-коммуникативтік технологияны меңгеру

Үнемі

3

Пәндік теориялық білімді жетілдіру

1.Білім жетілдіру курстарына қатысу.

2.Пәндік олимпиадаларға қатысу.

3.Пәндік әдістемелік журналдарға жазылу.


Жыл бойы

4

Педагогикалық-психологиялық білімді жетілдіру

Әр сынып оқушыларының психологиялық жас ерекшелігіне сай тапсырмалар беру

Жыл бойы

5

Жаңа технологияны оқып үйрену

1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер (Кембридж үлгісімен оқыту).

2.Модульдеп оқыту.



3.Педагогика қағидалары мен оқыту әдістерін игеру.

Жыл бойы

Пән мұғалімі: Э.Сарбасова


Өз білімін көтеру жұмыстарының жоспары



Жұмыстың мазмұны

Мерзімі

Жұмыс нәтижесі

1

Өз білімін көтеру жұмыстарының жоспарын құру

Қыркүйек

Жоспар жасау

2


Өзара сабаққа қатысу

Жыл бойы

Тәжірибе алмасу

3

Басылым материалдарымен жұмыс, басылымға шығу

Жыл бойы


Жинақтау


4


Ақпараттық технологиямен жұмыс істеуді жалғастыру

Жыл бойы

Ашық сабақтар беру

5


Интернетпен жұмыс жасау,  жеке сайтты жаңа материалдармен толықтыру


Жыл бойы


Интернетпен жұмыс, сызбалар жасау, сайтпен жұмыс

6


Интерактивті әдіс-тәсілдерді игеру


Жыл бойы


Сабақта қолдану, тәжірибе бөлісу

7


Құзыреттілік бойынша жұмыс


Жыл бойы


Авторлық   жұмыс 
жасау

8


Сайыстарға қатысу


Уақтысында


Аудандық, облыстық және республикалық байқауларға қатысу

9


Аудандық, облыстық семинарларға қатысу

Жыл бойы


Тәжірибе алмасу


10


Білім жетілдіру курсына бару


Кесте бойынша


Кәсіби білімді 
жетілдіру

Пән мұғалімі: Э.Сарбасова
Өз білімін көтеру жұмыстарының жоспары



Атқарылатын жұмыстың мазмұны

Мерзімі


Пайдаланған

әдебиеттер

І. Өз пәні бойынша білімді жетілдіру

1

Математика пәні бойынша білімді жетілдіріп отыру

Үнемі

Оқулықтар, интернет

2

Пән бойынша оқу бағдарламасы

Қыркүйек

Бағдарламалар

3

Пән саласы бойынша жаңалықтармен танысып отыру

Үнемі

Қосымша материалдар

ІІ. Идеялық-теориялық  білімді жетілдіру

1


ҚР Конституциясы

Үнемі

 Конституция

2

ҚР  «Білім туралы» Заңы

Үнемі

«Егемен Қазақстан» газеті

3

ҚР «Тіл туралы» Заңы

Үнемі

 Заңнамалар

4

Білімдегі жаңалықтар

Үнемі

 Әдістемелік жуналдар

5

Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы

Үнемі

 Интернет материалдары

6

ҚР  2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдасы

Үнемі

 Білім беруді дамыту тұжырымдамасы

7

ҚР «Еңбек Кодексі»

Үнемі

Еңбек Кодексі

8

12 жылдық білім беру бағдарламалары

Үнемі

 Интернет материалдары

9

ҚР Президентінің «ҚР Мемлекеттік Рәміздері туралы» Жарлығы

Үнемі

 Жарлықтар

10

«Қазақстан-2030» стратегиялық   бағдарламалары

Үнемі

 Жолдау

11

«Балалар құқығын қорғау» Конвенциясы

Үнемі

 Конвеция

12

Елбасы Н.Ә.НазарбаевтыңҚазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін  оқу-тәрбие процесінде қолдану.

Үнемі

Ақпарат құралдары

Интернет


ІІІ.Әдіс-тәсіл мен әдістемелік шеберлікті жетілдіру

1

Жаңа педагогикалық технология

Үнемі

Педагогикалық ізденіс

2

Проблемалық оқыту әдісі

Үнемі

 

3

1.Ішнәра-ізденіс (эвристикалық)

2.Зерттеу әдісі



Үнемі

 

4

Ж.Қараевтың «Саралап деңгейлеп оқыту » әдісі

Үнемі

 

5

Облыс көлеміндегі жаңа педагогикалық  іс-тәжірибемен танысу

Уақытында

 

6

Педагогикалық шеберханалар технологиясы

Үнемі

Интернет материалдары

7

Білім берудің негізгі міндеті

Үнемі

 

8

Бейіндік оқыту

Үнемі

 

9

Инновациялық әдістемелік, тәжірибелік оқу құралдарымен,электрондық оқулықпен, компьютермен жұмыс

Үнемі

 

10

Әр түрлі білім жетілдіру курстарына бару

Үнемі

 

11

Информатика және физика пәндерін оқытуда интернет материалдарын пайдалану

Үнемі

Әдістемелік журналдар

ІV. Психологиялық-педагогикалық әдіс-тәсілдерді жетілдіру

1

Оқушылардың тұлғалық бейнесін қалыптастыру шарттары

Үнемі

 Қосымша материалдар

2

Тест түрлері бойынша оқушылардың логикалық ойын дамыту

Сабақ үстінде

Шың

Интернет


3

Оқушыларды зерттеудегі диагностикалық әдіс

а) Сапалық-диагностикалық әдіс

ә) Экспериментальды әдіс


Үнемі

Ф.М. Фридман

«Изучение личности учащихся и ученических коллективов»



V. Сынып жетекшісі ретінде ізденіс

1


Сынып ұжымына тәрбие жоспарын дайындау.

Қыркүйек

«Сынып жетекшісі»

«Тәрбие құралы» журналы



2


Кешенді бағдарламаны басшылыққа ала отырып,апталық,айлық жоспар дайындау.

Қыркүйек-мамыр

Ақпарат құралдарына сүйену

3

Халықтық педагогика элементтерін іс-тәжірибе жүзінде дайындау.

үнемі

Мектеп кітапханасымен байланыс жасау

 


4

Модульдік технологияны тәрбие жұмысында қолдану бағытындағы тәрбиелік шаралар дайындау.

Уақытында

М.М.Жанпейісова «Модульдік технология негіздері»

5


Сынып ұжымына тәрбие жоспарын дайындау.

Қыркүйек

«Сынып жетекшісі»журналы

VІ. Шығармашылық жұмысты жетілдіру

1

Сыныпта және сыныптан тыс уақытта оқушы шығармашылығын дамыту

Жыл бойы

 

2

Жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана отырып, шығармашылық сабақтар өткізу

Оқу жылында

Шығармашылық сабақтар

3

Оқушыларды ғылыми бағыттағы жұмысқа баулу

Үнемі

Ғылыми жұмыстарға қатысу

4

Оқушылардың кіші ғылыми жобалар сайысына қабілетті оқушыларды қатыстыру

Уақытында

 

5

Оқушыларды әр түрлі деңгейлік тапсырмалармен оқыта отырып, олимпиадаға  дайындау

Жыл бойы

Олимпиадаға қатысу

6

Әр түрлі мектепішілік, аудандық, облыстық сайыстарға қатысу

Уақытында

Әр түрлі сайыстарға, байқауларға қатысу

7

«Дарын» орталығының тестер жинағымен жұмыс

Үнемі

«Дарын»-2017,2018,

VIІ. Мәдени ой-өрісті кеңейту

1

Көркем әдебиеттер оқу

Үнемі

Абай, Ә.Тәжібаев, Қ.Бекқожин т.б. туындылар

2

Күнделікті газет-журналдар оқу

Үнемі

 

3

Теледидардан «Хабар», «Қазақстан» т.б. бағдарламаларды көріп отыру.

Үнемі

 



Пән мұғалімі: Э.Сарбасова

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет