Сабақтың тақырыбы: Абылай хандығы
Өз ерлерін, өз ұлдарын ескермесе,ел тегі қайдан алсын кемеңгерді.
І.Жансүгіров
Абылай Уалиұлының туғанына 300 жыл толуына және
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналады.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Абылай ханның қолбасшылық, саяси қайраткерлігі,қазақ жерлерін біріктіру жолындағы күресі және тарихта алатын орны туралы түсінік қалыптастыру арқылы толық мәлімет беру.
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру,Абылай ханның өмірінен үлгі алуға,алған білімдерінен қорытынды шығарып,өмірде пайдалана алатын жан-жақты тұлғаның дамуына әсер ету.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке баулу, оның қадір-қасиетін ұғынуға, қорғауға,елдің дамуына үлес қосуларына тәрбиелеуге ықпал ету.
Сабақтың барысы: ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІV.Үй тапсырмасын қорытындылау
Жаңа сабақ
Қосымша мәліметтер
VIІ. Қорытындылау
VIІІ. Бағалау
Үйге тапсырма беру
Үй жұмысын тексеру әдісі: 1.Тест жұмысы. 2.Сандар мәліметі.
3.Жылдар сөйлейді. 4. Картамен жұмыс.
Тест жұмысы. (1-топ оқушылары орындайды.) ( Слайд № 6,Тест тапсырмасы көрсетіледі.)
Әбілқайырдың басты тірегі болған ру:
А. Шекті В. Жағалбайлы С. Байбақты Д. Табын Е. Адай
Кіші жүздің оңтүстік-шығысы кімнің иелігінде болды:
А. Ералының В. Нұралының С. Батыр сұлтанның Д. Барақ сұлтанның Е. Қайып сұлтанның
Кіші жүздің солтүстік-батысы кімнің иелігінде болды:
А. Қайыптың В. Ералының С. Батырдың Д. Нұралының Е. Барақтың
Император Цянь-Лун (Хун Ли) қолдаған Жоңғариядағы билікке таласушылардың бірі:
А. Лама Доржы В. Себан Рабдан С. Дабашы Д. Қалдан Церен Е. Әмірсана
5. Сібір редутынан Омбыға дейін созылған шеп:
А. Ертіс шебі В. Горькая шебі С. Колыван шебі Д. Пресногорьковск шебі Е. Омбы шебі
Омбы бекінісінен Ертістің оң жағасын қамти отырып, Кіші Нарын бекінісіне дейін созылған шеп:
А. Омбы шебі В. Горькая шебі С. Колыван шебі Д. Пресногорьковск шебі Е. Ертіс шебі
Өскемен бекінісінен басталып, Алтай тауларының батысын жағалап, Колыван зауыттарын басып өтіп, Кузнецк шебімен жалғасқан шеп:
А. Колыван шебі В. Ертіс шебі С. Горькая шебі Д. Омбы шебі Е. Пресногорьковск шебі
Ташкент, Бұхар, Қоқан, Қашғар көпестері жиі келетін сауда орталығы:
А. Өскемен В. Семей С. Қызылжар Д. Бұқтырма Е. Түркістан
Оқушылардың орындаған тест жұмысын текреру.(Слайд №7-14 Оқушылар тест сұрақтарын оқып дұрыс жауаптарын айтулары қажет. Дұрыс жауап нұсқау белгісін қозғау арқылы ретімен көрсетіледі.)
Сандар_мәліметі._(2-топ_оқушылары_орындайды)'>Сандар мәліметі. (2-топ оқушылары орындайды)
(Слайд №15.Оқушыларға кестедегі сандар көретіледі,сандарға байланысты дұрыс мәлімет айтылуы қажет.Дұрыс жауап берілгеннен кейін мәліметтер ретімен нұсқау белгі көмегімен ашылады.)
№
|
Сандар
|
Мәлімет
|
1
|
2
|
Әбілқайырдың өлімінен кейін Кіші жүзде хандық орнады
|
2
|
50000
|
1735ж. Қазақстанға бас сауғалап қашып келген башқұрттардың саны
|
3
|
553
|
Горькая шебінің ұзындығы.
|
4
|
1684
|
Ертіс шебі бекіністерінің ұзындығы.
|
5
|
723
|
Колыван шебінің ұзындығы
|
6
|
1 миллион
сом
|
1745-1759 жылдары қазақ даласы арқылы Орынборға жеткізілген мал саны.
|
7
|
330-ға жуық
|
XVIII ғасырдың 60- жылдарының соңы- 70- жылдарының басындағы Семейде сауда жасаған қазақ көпестерінің саны
|
8
|
158
|
1765 жылы Жәміш бекінісіндегі сауда орталығына Қаз дауысты Қазбек пен Абылай жіберген саудагерлер саны.
|
9
|
300 мың
|
Қалқаман,Кереку көлдерінен Томск, Тобыл, Екатеринбургке апарылатын ас тұзының мөлшері.
|
10
|
45000
|
I-Павелдің жарлығына сай Ертістің оң жағасына қайтадан қоныстануға және мал жаюға рұқсат алған отбасылардың саны.
|
Жылдар_сөйлейді._(3-топ_оқушылары_орындайды)'>Жылдар сөйлейді. (3-топ оқушылары орындайды) (Слайд №16 Оқушыларға жылдар сөйлейді кестесі көретіледі,жылдарға байланысты дұрыс мәлімет айтылуы қажет.Дұрыс жауап берілгеннен кейін жауаптар ретімен нұсқау белгі көмегімен ашылады.)
№
|
Жылдар
|
Болған оқиға
|
1
|
1745ж, күзде
|
Қалмақ билеушісі Қалдан Церен қайтыс болды
|
2
|
1755ж. шілде айының 19
|
Император жарлығына сай бұрынғы жоңғар мемлекетінің иелігі Цинь өкіметінің меншігі деп жарияланды.
|
3
|
1758 ж
|
Жоңғария дербес ел ретінде тарихи сахнадан жойылды
|
4
|
1761 ж
|
Шыңжаң (жаңа шекара) империялық әкімшілік бірлестігі қай жылы құрылды.
|
5
|
1752 ж
|
Петропавл (Қызылжар) бекінісі салынды
|
6
|
1761ж.
|
Бұқтырма бекінісі қай жылы салынды.
|
7
|
1756ж, қыркүйек
|
Жайық жағасына жақын жерде қазақтардың малын жаюға
алғаш рет ресми түрде шек қойылды.
|
8
|
1757ж. желтоқсан айының аяғында
|
Кіші жүз ханы Нұралыға тапсырылған орыс үкіметінің шешімі Жайық өзенінен мал айдап өтуіне тыйым салынды.
|
Картамен жұмыс. Сынып оқушылары үшін жалпы тапсырма (Слайд№17)
(Оқушылар XVIII-ғасырда салынған бекіністерді контур картаға түсірулері керек.)
Қорытынды: (Слайд№18)
Сонымен, XVIII ғасырдың орта шеніндегі Қазақстанның саяси-экономикалық дамуына бірқатар жаңа өзгерістер қалыптасты. Патша үкіметінің отарлау саясатына қарамастан, қазақ-орыс сауда байланыстары, Қазақстанның шет елдермен қатынастары өзара тиімді жағдайда дамыды. Алайда патша үкіметінің қазақтардың өз жерін пайдалануына шек қоюы, орыс-казак шаруаларын қоныстандыра бастауы олардың жерін басып алу шараларының
бастамасы болатын.
Жаңа сабақ: Абылай хандығы (Слайд№19)
“Қазақтың дербес ел болуына, әрі-беріден соң қазақтың
қазақ болуына, басы қосылып, бір жеңнен қол,
бір жағадан бас шығаруына ерен еңбек сіңірген
Абылайдан артық адам болмас”.
Мұхтар Әуезов. (Слайд№20)
Абылай қазақ хандығының аса көрнекті саяси және мемлекет қайраткері
Білемеміз
|
Білгіміз келеді
|
Білдік
|
Абылай ханның өмір
сүрген жылдарын.(1711-1781)Түркістан қаласында Уәлидің шаңырағында дүниеге келгенін. Азан шақырып қойған аты Әбілмансұр және жасырын аты Сабалық екендігін. Төле бидің түйесін баққан кезе де Бөгенбаймен таныс болғандығын. 20 жасында қалмақтың батыры Шарышты жекпе-жекте жеңгендігін. Қазақ хандығын мықты да біртұтас мемлекетке айналдырғандығын , ресми түрде 1771 жылы таққа отырғанын ,1781 қайтыс болып, Қожа Ахмет Яссауи
кесенесінде жерленгенін.
|
Абылайдың білімі, қабілеті , өнерлілігі, дарындылығы,
дене бітімі, өмірлік
өнегесі атқарған істері туралы . Өзге елдермен қарым-қатынастағы әрекетінің қандай болғандығы. Кеңесшілері болды ма? Қай жерде қалай дүниеден өтті. Артында қалған ұрпақтары туралы
|
Абылай ханның өткен өмір жолы оңай болған жоқ. Сұлтан Абылай мұсылманша жақсы білім алды.Шығыстың жеті тілін білді, сөзге шебер әрі тапқыр, домбыраны жақсы тартты өзі шығарған 20-дан астам күйі бар. Бойы ортадан жоғары, жауырыны қақпақтай дене күші зор болған. Жауынгерлермен үнемі бірге болып, олжаны әділ бөлісекен . Ол орта жүздегі Арғын тайпасының Атығай руына басшылық етті. Абылайдың кеңесшілері Бұқар ,Үмбетей,Тәтіқара жыраулар Төле,Қазбек билер болған.Билігін нығайту және шекаралас елдермен бейбіт қарым-қатынас орнату мақсатында ол көрші мемелекеттердің ықпалды отбасыларымен және қазақ хандары мен сұлтандарының қыздарына үйленіп әулеттік некеге отырған.Ташкенттен Түркістан қаласына келе жатқанда дүние салған. Абылайдын артында 30 ұлы мен 40 қызы қалды.
|
Абылай орысша жыл есебі бойынша 1713 жылдың басында туған (қосымша мәлімет)
Қазақ тарихында Абылайдың туған жылы туралы кейінде қалыптасқан 1711 жылы, 1713 жылы деген екі пікір бар. Екеуі де негізсіз емес, бірақ, нақтылай түсуді керек етеді. Демек, екеуін салыстыра отырып, қолда бар деректерді қайта қарап көрсек, Абылай қазақ күнтізбесі бойынша 1712 жылдың аяғында, орысша жыл есебі бойынша 1713 жылдың басында туған және 1780 жылдың күзінде қайтыс болғанын аңдаймыз. Дәлел қандай: Зерттеушілердің сүйенетіні Уәли сұлтанның хатындағы: «Әкем, Абылай 69-ға қараған жасында өмірден өтті» деген сөздер. Бұл арада мына сөздерді қағазға түсірген Уәли сұлтан емес, әрине, оның хатшысы. Орыс тіліне аударғанда, қазақша «алпыс тоғызға қараған жасында» деген тіркестің мағынасы «алпыс сегіз жаста» болып шығады. Және де бұл жас қазақтың жыл қайыру есебімен мөлшерленгенін еске алайық. Бірінші, мүшел, он үш жас, одан кейінгілері он екі жылдан келіп отырады.
Сонда Абылай толық 5 мүшел және 7 жыл өмір сүрген.
Жошы ханнан тарайтын белгілі тұлғалардың шаңырағында дүниеге келді. Ол – әйгілі заңгер әрі қоғам қайраткері Есім ханның ұрпағы.Әбілмансұр жетімдіктің зардабын ерте тартады 11 жасында әкесінен айрылды. Жападан –жалғыз ұшы-қиырсыз ұзақ жол кешкен ауыр күндерінде де бабалар аруағы оған рух берді.
|
|
Абылайдың өмірі мен ерлігін жырлаған Бұқар жырау оның жас кезіндегі ауыр өмірін төмендегі шумақтармен білдірген:
Әй, Абылай, Абылай!
Сені мен алғаш көргенде
Тұрымтайдай ұл едің
Үйсін Төле бидің
Түйесін баққан құл едің.
Абылай атын жоқ еді,
“Сабалақ” атпен жүр едің
|
|
Төле биге сәлем беруге келген Бөгенбай батырдың Сабалақты алғаш көргеннен кейін айтқаны.
Шырағым-ай, көзің отты бала екенсің!
Мінезің қазақтағы хан екеңсің,
Жазға салым қалмаққа аттанамыз,
Соған да керек болар жан екенсің!
Ел әңгімелері, тарихи жырлар Сабалақ әуелде Бөгенбай жасақтарының құрамында жорықтарға қатысқанын айғақтайды.Аңырақай шайқасына қатыспады дегеннің өзінде де , Абылайдың 1730-33 ж. болған ірі шайқасқа қатысқаны дау тудырмайды . Тарихи деректерден орта жүз жасақтарымен жоңғарлардың расында 1730-31 жылдарда да бірнеше үлкен ұрыстар болғаны белгілі 1732 жылы жоңғарлардың 7 мыңнан астам әскери орта жүздің шығыс шетіндегі ауылдарына шабуыл жасап тегеурінді тойтарысқа тап болады. Абылайдың 20 жасы 1733 сәйкес келсе дәл сол жылы қазақ қалмақ арасында үлкен майдан болғаны қытай деректерінде атап көрсетілген. Абылайдың әскери қайраткерлігі қолбасшылық қабілеті 30-40 жылдардағы шайқастарда ерекше көрінді . Осындай жан алысып жан беріскен соғыстардың бірін Бұқар жырау “ Қалданменен ұрысып Жеті күндей сүрісіп….” – деп суреттейді.
Ол соғысқа Абылайдың қанды көйлек жолдастары : Қабанбай , Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек , Қарақалпақ Қылышбек , Шапырашты Наурызбай, т.б. Қазақтың белгілі батырлары . Бұлда Абылайдың жауға қарсы қазақ халқының басын біріктіре білгендігінің дәлелі болып табылады. 18 ғ. 30 жылдарының аяғында Абылай есімі бізге белгілі құжаттарда Әбілмәмбет ханмен қатар аталады.
Абылайдың көрші елдермен қарым-қатынасы
Ресеймен
|
Жоңғарлармен
|
Тату-тәтті көршілік саясатын ұстануға тырысты .Ресей мемлекетімен дипломатиялық, сауда байланыстарын орнатты. Ол өз қол астындағы халықты Ресей әскери қызметкерлерінің орынсыз талаптары мен әрекетінен қорғай білді. Ресейдің қол астына өтуді қабыл алғанына қарамастан, іс жүзінде Ресейге мүлде тәуелсіз ішкі және сыртқы саясат жүргізді. 1759 ж патша үкіметнің ұснысын қабыл алмады, 1778 ж патша үкімет Абылайды Орта жүздің ханы деп таныды. Ант қабылдау рәсіміне барудан бас тартты. Абылай хан былай деп санады: мені билеуші хан етіп халық сайлайды, олай болса орыс патшасының тағына тағзым етіп, ант беруге тіпті де міндетті емеспін деп білді. Патша үкіметі өзнің ханға ықпалын жойып алудан қауіптеніп ханға жылына 300 сом мөлшерде жалақы тағайындап, 200 пұт ұн беріп тұруға уәде етті. Бірақ бұл кезде Абылай іс жүзінде Ресей империясымен қарым-қатынасты үзген еді.
|
Абылай өзінің күш жүгерін жоңғар шапқыншылығын әлсіретуге бағыттады. Жоңғарлар Цинь империясымен бейбіт келісім жасағаннан кейін барлық күшін батысқа қарай бұрды. 1741 ж жоңғарлар қазақтарға тағы бір ірі жорыққа шықты. Тұтқиылдан баса көктеп келген жоңғарлар Абылайды тұтқынға түсірді. Бейбіт келісім жасалғаннан кейін ғана босатудың сәті түсті. Қалдан-Церенның қайтыс болуы қазақ жерлерін жоңғарлардан қайтарып алуына мүмкіндік туғызды. Абылай жоңғарлардың тақтан үміткер мұрагерлеріне кезек- кезек қолдау көрсетті. 1755 ж Цинь императоры жоңғарияға елеулі әскер күшін кіргізді. 1758 ж Қытай армиясы Жоңғарияны бағындырып алды. Жоңғарлардың тірі қалған аз ғана тобы елдің төменгі сағасындағы туыстас торғауыт қалмақтарға қарай қашты. Жоңғарлар бұл жолы да қазақтардың шабуылына тап болды.
|
Жаңа замандағы зерттеуші И.Крафттың сөзімен айтқанда, “Ол қалыптасқан нақты жағдайларға қарай бірде Ресейге, бірде Қытайға,енді бірде Жоңғарияға шын берілген болып көріне білді, ал шын мәнінде ешкімге бас иген жоқ”
Абылайдың қазақ жерлерін біріктіру жолындағы күресі.
Жыл
|
Болған оқиғалар
|
1756 ж
|
Қытай үкеметімен димпломатиялық қатынас орната бастады. Бұл шара Ресейдің Қазақстан аумағындағы отаршылдық әрекеттерін тоқтатуына , Қытай тарапынан жасалатын агрессияға жол бермеуіне мүмкіндік туғызды.Жоңғар мемлекетін жоюдың кезінде басталған қазақ билеушілерімен Қытай үкіметі арасында жер қатынастарына байланысты едәуір шиеленісті дау туды.
|
1755 ж
|
Шекара мәселесін реттеу үшін Қазақстанға Абылай сұлтанға Қытай арнайы елшілік жіберді. Абылай Қытайдың Жоңғарияны басып алғанын мойындағысы келмеді . Жоңғария жерінің бір бөлігі оның байырғы қожайындары қазақтарға қайтарып берілуін заңды деп санады . Қытайлықтар бұл ұсыныстан үзілді-кесілді бас тартты.
|
1756 ж,
көктем
|
Қазақ жасақтары Қытай әскерлеріне қарсы Жоңғарияның ішкі бөлігіне жорық жасады. Бұған жауап ретінде қытай императоры Қазақстанға шабуыл жасауға бұйрық берді.Қазақ жасақтары Қытай әскерлерінің әрекет етуіне мұрша бермей олардың келген ізімен қайта кетулеріне мәжбүр етті.
|
1757 ж
(жазы)
|
Тарбағатай тауының солтүстік сілімдерінде Қытай әскерлерімен Абылайдың қосындары арасында ең соңғы ірі шайқас болып өтті. Жеңіс қазақтар жағында еді. Екі ел арасында келіс сөздер басталды Қытайлар ілі өзенінің аңғары мен Тарбағатай аймағында әскери бекіністер сала бастады . Ондағы мақсат – босап қалған Жоңғар жеріне Қазақтардың қайта оралуына жол бермеу еді.
|
1761 ж
|
Қытай боғдыханы қазақтардың Аягөз өзенінің оңтүстік жағына қарай көшіп-қонуына тыйым салатын туралы жарлық шығарды. Алайда Қазақтар өз беттерімен қоныстануын тоқтатпады.
|
1767 ж
|
Қытай жағы Тарбағатай аймағындағы және Іле өзені бойындағы жайылымдарды қазақтардың пайдалануына рұқсат етуге мәжбүр болды. Оның есесіне Қытайлықтар жайылымды жалға алып Қазақтардың Қытай мемлекетінің қол астына талап етті. 18 ғасырдың аяқ кезінде Орта жүзбен Ұлы жүз қазақтарының бір бөлігі Қытайдың қол астына өтіп , Синьцзяндағы шөбі шүйгін жайылымдарға жайғасты
|
Қазақ-қырғыз қатынастары
Қырғыздардың озбырлығы
|
Абылайдың әрекеті
|
Нәтижесі
|
1.Жоңғарлардан басып алған жерлерді иемденуге қырғыздарда талап қойды
|
1765 жылы Абылай Қырғыздарға қарсы өзінің бірінші жорығына шықта
|
Алайда ол жорықтан кейін де қырғыздармен қарым-қатынас жақсара қоймады.Жетісу мен Түркістандағы үйсіндермен Қоңыраттарға шабуыл жасап елін тонады озбырлық көрсетті.
|
.Қырғыздардың жасақтары Жетісу жеріндегі қазақтардың малын барымталап айдап әкетуді жиелетіп жіберді.
|
1770 ж Абылай Қырғыздарғы 2-ші рет жорық жасап оларға күйрете соққы берді.
|
Екі халықтың арасында айқын белігіленгін шекара шебі құрылды. Тұтқынға түскен қазақтар мен барымталап алған малды түгел қайтарды, шабуыл жасаспауға келісті.
|
3.Олар қазақтардың сауда керуендерін талап алуды тоқтатпады
|
1779 ж. мазасыз қырғыз үшінші рет жорық жасауға мәжбүр болды.
|
Бұл жорық бейбіт келісім жасаумен аяқталды.Абылай ең атақты манаптардың балаларын аманатқа алып қайтты . Қырғыздарды тұтқынға алды.
|
Абылайдың қазақ халқының тарихындағы орыны
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қазақтардың басын қосып біріктірді.
|
|
|
|
|
Қырғыздардың қазақтарға шабуыл жасауын тоқтатты.
|
|
Қытай әскерінің Қазақстан аумағына жылжуын тоқтатты.
|
|
Қазақтардың Тарбағатай Іле өзені өңіріндегі мал жайылымдарын қайтарып алды.
|
|
Қазақтардың өзарасында көрші халықтардың өзарасында да зор беделге ие болды.
|
|
Қазақтардың ұранына айналды.
|
|
Жоңғар мен Еділ Қалмақтарын жеңуде маңызды рөл атқарды.
|
|
Қорытынды. Абылайдың үш жүздің келешегін ойлайтын , соңынан ер азаматы түгел еретін, дұшпанының мысын басатын, көрші елдермен татуласып, тіл табысатын, өзі шешен, сардар, данышпан көсем болуын уақыттың өзі талап етті. Абылайдың ел билігіне келуіне заман талабы, уақыт қажеттігін туды. Оның бала кезінен ел мұңын, арман-тілегін жан – жүрегімен ұғынып, қалайда жұрттың басын біріктіріп, жоңғар шапқыншылығынан қазақ жерін азат етуді армандағанын сезінеміз. Жаугершілік заманда халқының қорқынышты өмір сүргенін көріп, оны бұл халден құтқаруға бел байлауы Абылайға заманының қандай міндет жүктегенін айғақтайды. Мысалы, Абылайға дейін болсын, Абылайдың тұсында болсын қазақ халқының арман еткені біріншіден, — өз алдына ерікті ел болып , өзін-өзі басқару; екіншіден, — ата қонысына жайғасып бейбіт еңбек етіп шаруашылығын дамыту; үшіншіден , — бір ауызды ынтымақта болып Отанын , елдігін қорғау еді. Абылай өзінің ақылдылығының арқасында халықтың осы арман тілегін жақсы ұқты. Аштықтан қазақ көп қырылған “Ақтабан — шұбырынды ” азабынан елді құтқарған Абылай екені де ақиқат.
Ш. Уәлихановтың мына бір тұжырымы жоғарыдағы айтқан пікірімізді бекіте түседі: “Әсіресе, 1723 жыл сұмдық сипатымен қазақтардың есінде өшпестей болып қалды. Қайда барса да қанқұйлы жоңғарлар қыр соңынан қалмаған қазақтар үріккен киік үйіріндей дүркіреп, жол – жөнекей дүние-мүлкін, бала – шағасын, кемпір-шалын , арық-тұрақ малын , үй-мүліктерін шашып, түстікке барып , қойып кетті… Міне,осындай екіұдай, үрейлі , қанды, қасапты кезеңде ел назары Абылай сұлтанға ауады. Өйткені , ол жорықтардың бәріне алғаш қатардағы жауынгер болып қатысады, соның өзінде қисапсыз ерлік көрсетіп, айрықша амал-айласымен көзге түскен еді. Өнегелі ақыл-кеңесі , сұңғыла зердесі арқасында да ол бірден-ақ көреген , кемеңгер атқа ие болды. Абылайды заманы шыңдаған, тағдырдың түрлі сынағынан өткен жеке басының ересен ерлігімен , қолбасшылық ерекше қабілеттілігімен , алғырлығымен, көрегендігімен, парасаттылығымен ерте бастан ел назарына іліккен ұлы тұлға деп даралайды.”
Бағалау.
Бағалау парағы.
№
|
Оқушының аты-жөні
|
Үй тапсырмасын тексерудің түрлері
|
Тест жұмысы
|
Датамен жұмыс
|
Сандар сөйлейді
|
Картамен жұмыс
|
1
|
Алиева Дина
|
|
|
|
|
Үй тапсырмасы.
Мазмұнын оқу
Ұғымдар мен терминдерді жазу
Тарихи тұлғалар туралы мәліметтерді жаттау.
Тақырып бойынша қосымша мәліметпен танысу және мәлімет жинақтау.
Абылай ханның ел басқарудағы ұстанымын Қазақстанның тұңғыш президенті
Н.Ә. Назарбаевтың ұстанымымен салыстырып, тарихи эссе жазу
Достарыңызбен бөлісу: |