Өз іс-әрекетінің рефлексиясы



бет2/3
Дата13.11.2022
өлшемі20,31 Kb.
#157953
1   2   3
Байланысты:
сро 6

«Бәрі сенің қолыңда»
Бір бет қағазға сол қолды бастырады. Әр саусақ өз ойыңды білдіретін қандай да бір бағдар.
Бас бармақ – мен үшін маңызды және қызықты...
Екінші бармақ – сұраққа толық нұсқау алдым...
Ортаңғы бармақ– маған қиын болды (маған ұнаған жоқ).
Төртінші бармақ – менің психологиялық ортаны бағалауым.
Кішкентай бармақ– мен үшін жеткіліксіз болды.
«Қол»
Әр тыңдаушы қағазға қолын салады, саусақтар сабақтың бағасының белгісі:
Бас бармақ – керемет әрі қызықты болды!
Екінші бармақ – осыған көңіл бөлу керек.
Ортаңғы бармақ– маған ұнаған жоқ.
Төртінші бармақ – бұл жерде орта...
Кішкентай бармақ– маған жеткіліксіз болды...

Рефлексивті экрандағы сөздер тізбегі:

  1. бүгін мен білдім...

  2. қызықты болды...

  3. қиын болды...

  4. мен тапсырманы орындадым...

  5. мен ненің не екенін түсіндім...

  6. енді мен істей аламын...

  7. мен қолжеткіздім...

  8. мен үйрендім...

  9. менде бәрі жақсы шықты …

10. мен істей алдым...
11. мен істеп қараймын...
12. мені таңғалдырды...
13. сабақ маған өмірге қажетті ...
14. менің істегім келеді ....
«Қосу- алу- қызықты» жаттығуы.
Бұл жаттығуды сабақты қорытындылауда уақытқа байланысты ауызша немесе жазбаша түрде өкізуге болады.
Жазбаша өткізу үшін төмендегідей кесте беріледі:

«Қ» - «Қосу»

«А» - «Алу»

«Қ» -«Қызықты




«Қ» - «Қосу» бағанына сабақтың барысында ұнаған, жағымды әсер тудырған ақпараттар мен жұмыстың түрі немесе оқушының ойынша қандай да бір мақсатқа жетуге пайдалы деп тапқан нәрселердің барлығын жазады.
«А» - «Алу» бағанына сабақтың барысында ұнамағаны, оқушының ойынша қызықсыз түсініксіз болып қалған, пайдасыз қажет емес деп тапқан мәліметтердің барлығын жазады.
«Қ» -«Қызықты» бағанына тақырыпқа қатысты естіген және естігісі келетін қызықты деректерді, сұрақтарды жазады.
Бұл кестені Кембридж университетінің медицина, философия ғылымдарының докторы, практикалық дағдыларды дамытудың ойлау саласының маманы Эдвард де Боно, ойлап тапқан. Бұл жаттығу мұғалімге сабақты оқушы көзімен қарауға және сабақты құнды жақтарын сараптауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет