Өз іс-әрекетінің рефлексиясы



бет1/3
Дата13.11.2022
өлшемі20,31 Kb.
#157953
  1   2   3
Байланысты:
сро 6
43818

Өз іс-әрекетінің рефлексиясы
Педагогты иннова­циялық іс-әрекетке даярлау құрылымындағы маңызды да міндетті компонент мұғалімнің өз санасының және қызметінің құбылыстарын танып-білу және талдау көрінісі ретіндегі (өз ойлары мен әрекеттеріне басқалардың тұрғысынан қарау) рефлексия болып табылады.
Рефлексия (латынның reflexio - «өткенге көз тастау» деген сөзінен шыққан) - субъектінің ішкі психикалық актілер мен күйлерді танып-білу үрдісі. Рефлексия ұғымы ең алғаш рет философияда пайда болды және индивидтің жүріп жатқан нәрселерді өз санасында ойластыру үрдісі дегенді білдірді. Рефлексия - бұл субъектінің өзін-өзі тануы немесе түсінуі ғана емес, сонымен қатар басқалардың оны қалай түсінетіндігін, оның тұлғалық ерекшеліктерін, эмоциялық реакциялары мен когнитивтік (танымға қатысты) қабілеттерін қалай білетіндігін аңғару. Мұндай аңғару мазмұны бірлескен іс-әрекет нысанасына айналып, реф­лексияның ерекше формасы - нысаналық-рефлексиялық қатынастар дамиды [78, 26-29 б.].
В.А.Лефевр рефлексияның түсінігін кеңейте түсті. Біріншіден, оның пайымдауынша, мұғалім өзіне қатысты «бақылаушы», «зерттеуші» және «бақылағыш» міндеттеріне қоса, өзгелерге қатысты «зерттеуші» мен «бақылаушы» міндеттерін орындаушы болса; екіншіден, ол «рефлексия деңгейі» мен «рефлек­сиялық жүйе» ұғымдарын алғашқы болып енгізді [79, 55-63 б.].
М.В.Кларин, шығармашылық ойлау ерекшеліктеріне тоқтала отырып, оның мазмұнын өз тәжірибесін зерделеуге мүмкіндік беретін рефлексиямен байланыстырады. Бұл тұрғыдағы рефлексия ой-тұжырым жасау, қорыту, салыстыру, ұқсастыру, бағалау, толғану, есіне алу және мәселелерді шешуден тұрады. Ол сондай-ақ интерпретация, талдау, талқылау немесе бағалау мақсатындағы сенімдерді де қамтиды [80, 72 б.].
Рефлексияның әр деңгейі мұғалімнің мүмкіндіктерінің мазмұнын, түсініктері мен толғаныстарын анықтайды. Мүмкіндіктер шекараларының рефлексиясы, өзі мен басқалардың арасындағы айырмашылықтарды тұжыру кезінде қарама-қайшылық туындап, оны шешуге тырысады. Өзінің осал тұстарын өзгерту және ішкі мүмкіндіктерін пайдалануға ұмтылу мұғалімді инновациялық іс-әрекеттегі табысқа жетелейді.
Инновациялық іс-әрекетті жүзеге асыру кезеңіндегі рефлексия екі үрдіспен қоса жүреді: 1) мұғалім болжамдау кезеңіне қайта оралғандай болады, сол кезеңнен тұжырымдаманың жекелеген құрамды бөліктерін іздестіреді; 2) екінші үрдіс өз іс-әрекетінің рефлексиясымен, яғни мақсатты жүзеге асыру үрдісімен тығыз байланысты: мұғалім мүмкіндіктері мен сыртқы жағдайлардың ара қатынастарын талдау жүреді. Педагогикалық дағдылар, әрекеттер, инновациялардың мазмұны зерделенеді.
Өз іс-әрекеті мен оның компо­ненттерін (қажеттіліктерді, мотивтерді, мақсаттарды (олардың ара қатынастарын), мақсат пен нәтижелерге жету тәсілдерін) бағалау жөніндегі өзіндік алгоритмдерді меңгеру шарты ретіндегі өзін-өзі бағалау мұғалімнің рефлексиялық ұстанымының шарты болып та табылады. Мақсатқа қол жеткізу тәсілінің рефлексиясы кезінде іс-әрекет зерделенеді, бұл талдаудың табыстылығы педагогтың инновациялық іс-әрекетті жүзеге асырудың баламалық тәсілдемелерін іздеу, бағалау және таңдау қабілеттеріне байланысты.
Жаңалағышты енгізу салдарлары тұрғысынан іс-әрекет рефлексиясы бойынша іс-әрекет шарттарының өзгеруін талдау қажет. Жаңашыл-ұстаз бұл кезде жаңалағышты енгізу салдарларының өзіндік және бөгде бағаларын ажырата білу, одан кейінгі салдарларын көрегенділікпен болжамдай білу қабілетіне ие болуы тиіс.
«Рефлексия» - адамның өз істерінің мәнін түсіну, олар туралы ойлану барысында өзіне өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі немесе өзі әрекет барысында басшылыққа алған ережелер мен кестелерді мойындауы не жоққа шығаруы. Бұдан басқа да рефлексия жайында айтылған философиялық ойлар негізінен «адамның өзіне бағытталған зерттеу жұмысы», «өзіңнің ақылың мен рухыңды өзіңнің бақылауың » дегенге келіп саяды.
Мұғалімнің рефлексиялық қызметінің мақсаты: педагогикалық әрекеттің негізгі компоненттерін есіне түсіріп, олардың мәнін, алынған нәтиженің «дұрыс» не «бұрыс» болғанын дәлелдей алу, қолданылған әдіс пен құралдардың тиімді не тиімсіз болғанына байланысты өзіндік көзқарасын білдіру. Орындалып өткен әрекеттің нәтижесін зерттеу. Тек сонда ғана алдағы жұмыстарға дұрыс мақсат қойып, алға қарай шығармашылықпен жылжудың жобасын жасау мүмкін болады.
Психологиялық мұғалімнің шығармашылығын дамытудың қысқаша формуласын «тәжірибе + сол тәжірибенің рефлексиясы= даму» түрінде ұсынған Г.С.Сухобская мен Ю.В: Кулюткин екеуі бірлесе жазған педагогика оқулығында бұл үрдісті сипаттай отырып, оның мұғалімнің кәсіби әрекетінің өн бойында мына төмендегідей жағдайда байқалатындығы айтылды: біріншіден – мұғалімнің оқушының ойын, сезімдері мен іс – қимылдарын түсіну бағытындағы әрекеттесуінде; екіншіден – оқушылардың жас ерекшеліктері, даму мүмкіндіктерін ескере отырып оқыту үрдісінің мақсаттарын анықтау мен жобалауда; үшіншіден – оның өз әрекетін, сол әрекеттің субьектісі ретіндегі өзін талдауда. Тек сонда ғана мұғалімнің педагогикалық әрекетінде шығармашылыққа жол ашылады.
Рефлексияның мәні – адамның өзінің білімін, білімнің негізін, оларды меңгерудің жолдарын анықтау. Рефлексияны ойлау, ес, сана сияқты танымдық үрдістер адам табиғатына тән болғандықтан олардан бөліп қарауға болмайды.
Мұғалімнің шығармашылық әлеуетінің дамуы үшін оның әдіснамалық рефлексия жасай алуының мәні зор. Бұл – мақсаткерлікті талдай алудан басталады. Өзінің нақты жағдайы мен болашағының бағытын саралай, аралық мақсаттарды анықтай алумен сипатталады.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта отырып, айта кететін жайт -рефлексия үрдісі жеке-дара сипатқа ие. Мұғалімнің инновациялық іс-әрекеті бойынша рефлексиялық ұстанымының белсенуінің педагог тұлғасымен, оның өзін-өзі дамытуға бағдарлануымен байланысты екендігі сөзсіз. Бұл үрдістің қайнар көзі болып мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінде сезінетін қарама-қайшылықтарының жүйесі саналады, сондықтан да оқу-кәсіби іс-әрекет барысында рефлексиялық ұстанымды өзектендіре түсетін, жағымды өзіндік қабылдауды қалыптастыратын, өзін-өзі көрсету үрдістерін ынталандыратын жағдайларды жасау қажет.
Рефлексиялық сана мектептегі белгілі бір инновацияларды жасақтау мен тексеру үрдісін бақылап, іс-әрекеттің барлық кезеңдерін ой елегінен өткізеді. Сондай-ақ инновациялық іс-әрекет кейде санаға бағынбауы да мүмкін, соның ішінде бағдарламаларды, мақсаттарды құру кезеңінде санадан тысқары жатуы да мүмкін. Ол көбінесе педагогикалық іс-әрекеттің саналы немесе санасыз, реттелмейтін немесе реттелмейтін тәсілдері мен формалары арқылы жүзеге асырылады.
Іс-әрекетті саналы реттеу кезінде мұғалім оны жүзеге асыру мазмұны мен тәсілдеріндегі өзгерістерді аңғарып, мақсатқа жетуге кедергі туғызған нысандарды оңай анықтайды. Педагог туындаған кедергілерді (ерекшеліктерін, себептері мен өзі үшін салдарларын) ғана көрсетіп қоймай, сол кедергіні қабылдаушы, оның мақсатқа жетуге кедергі немесе түрткі (немесе бейтарап нысан) екендігін бағалаушы, өзінің ол кедергіні жеңе алмайтындығын, оған деген көзқарасын өзгерте алмайтындығын, нақты іс-әрекет пен «Мендік тұжырымдама» шекараларының өзгеру салдарларын бағалаушы ретінде көрсетеді (мұғалім өзінің алдына «Бұл кедергіні жеңе аламын ба?», «Енді не болмақ?», «Мен қандаймын?» деген сұрақтарды қойып, оларды шешуге тырысады) [83]. Бұл кезде инновациялық іс-әрекетте оның жаңа нұсқаларын болжамдау, модельдеу үрдістері қарқындатылады. Рефлексияның бұл кезеңінде мұғалімнің өз тәсілдері мен қатынастарының мазмұнын өзгертуге қатысты танымдық іс-әрекеті жандандырылады. Бұл өзгерістерді түйсіну мен бағалау нәтижесінде педагогта инновацияларды дамыту перспективалары мен мүмкіндіктері пайда болады.
Рефлексиялық іс-әрекеттің келесі кезеңінде мұғалім өзіне іс-әрекетіне түзету енгізуші, қиындықтарды жеңуші субъект ретінде баға береді. Ол бағалау шкалаларын өзектендіріп, өзін толғандыратын мәселеге сәйкес күрделілерін қалыптастыруға, өзінің педагогикалық мәселелерді дұрыс немесе бұрыс шешетіндігін түсінуге, өз іс-әрекетінің шекараларына пайымдылықпен қарауға қабілетті. Іс-әрекеттің табысты аяқталуының рефлексиясы нәтижесінде «Мендік тұжырымдамасы» жақсы дамыған мұғалім қанағаттану, өзіне деген сенімділік, еркіндік және бақыт сезімдеріне бөленеді [84]. Мұндай педагог тұлға ретінде таныла алады, өйткені мектепке жаңалағыш нысанды енгізу мақсаттарына жету жолында тұлғалық және рухани өсудегі кедергілерді жеңетіндігіне бек сенімді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет