Мұғалім сабақтарын дұрыс бағалап, оқушылардың білім сапасын тексеріп, жауап алынатын сұрақтар: • оқушылардың бағдарламадағы оқу материалын меңгеруі; • өз беттерімен білім ала білуі; • білімдерін шығармашылықпен тәжірибеде қолдануы; • оқушылардың жалпы дамуы. Озат педагогикалық тәжірибенің белгілері, оған қойылатын талаптар.
Бірінші белгісі – қоғам дамуының бағытына, әлеуметтік сұранысқа сәйкестігі. Озат мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері өмір талаптарына сай жұмыс істеп, педагогикалық процесті жетілдірудің тиімді жолдарын табады.
Озат тәжірибенің екінші белгісі – педагогикалық қызметтің тұрақты, жақсы нәтижелері. Педагогикалық "өнім" - оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларының, жалпы дамуының, тәрбиелілігінің деңгейі.
Достарыңызбен бөлісу: |