Өзбекстан республикасы халықҚа білім беру уәзірлігі әжінияз атындағы нөкіс мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет13/29
Дата04.01.2022
өлшемі459,31 Kb.
#109199
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29
Байланысты:
etstktn grammatikalyq kategoriyalaryn zhanasha tusndru zholdary
etstktn grammatikalyq kategoriyalaryn zhanasha tusndru zholdary, Ergashev Perdekhan
Кітаппен 

жұмыс 

істеу

 

әдісі 



сабақтың 

барлық 


кезеңінде 

қолданылады.  Себебі  көсемшеден  білім  оқушылардың  тілдік  құбылыстарды 

бақылауы  арқылы  немесе  мұғалімнің  сөзі  арқылы  ғана  емес,  басқа  әдістер 

арқылы да меңгерілетіні белгілі. 

 

Оқушыларға  қазақ  тілінде  көсемшеден  білім  мазмұнын  игеруіне 



оқулық  пен  көмекші  оқу  құралдары,  ғылыми  көпшілік  әдебиет,  журнал  мен 

газет  материалдарының  мәні  зор.  Мұғалімнің  түсіндіруі  мен  жаттығу 

жұмыстары кітапқа сүйенгенде ғана нәтижелі болады. Сондықтан да мүғалім 

оқушыларға кітапты пайдалануды үнемі үйретіп отыруы керек. 

 

Мұғалім  көсемшені  түсіндіріп  болып,  оқушылардың  сұрауларына 



жауап  берген  соң,  оқулықты  алдырып,  өтілген  материалды  кітаптан  оқып 

шығуды  тапсырады.  Мұндай  жағдайда  көбіне  ережелерді  оқу  ғана 

тапсырылады,  кейде  түсінігін  оқу  да  талап  етіледі.  Сонан  кейін  көсемшеге 

байланысты  мұғалімнің  қойған  сұрауларына  жауап  қайтарады.  Көбіне 

мұғалім  сұрақтарды  жаттығуларды  орындатып  болып  та  қояды.  Көсемшені 

пысықтарлық  жаттығулар  оқулықтан  да,  дидактикалық  материалдардан  да 

болуы мүмкін. Ол мұғалімнің қалауымен шешіледі.  

 

Оқулық  пен  дидактикалық  материалдардың  оқушыларға  үйде 



тигізетін көмегі мол. 

 

Дегенмен  оқушылар  оқулыққа  тым  иек  сүйеп  алып  жүрмес  үшін, 



оларға шығармашылық жұмыстар орындату керек. Алдымен оқушы кітаптан 

оқыған  ережелерін  талдап,  өз  мысалымен  дәлелдеп  айта  алатындай  болуы 

қажет.  Сонан  кейін  оларға  көркем  әдебиеттен,  газет-журналдардан  оқып 

келуге  тапсырмалар  беріледі  де,  соларда  кездескен  көсемшелік  тұлғаларды 




 

28 


ауызша  талдау,  теріп  жазып,  олардың  не  үшін  қолданылғанын  біліп  келу 

тапсырылады. 

 

Көркем  әдебиет  немесе  басқа  кітаптар  мен  газет-журналдардан 



тапсырмаларды сабақ үстінде де орындатуға болады. 

 

Міне,  осылайша  оқулық  пен  онан  басқа  да  кітаптарды  сабақтың 



мақсатына лайықтап, икемдеп пайдалану аса тиімді. 

 

Сонымен, оқулықты және онан басқа кітап, газет журналдарды тиімді 



пайдалану  арқылы  да  оқушыларға  қазақ  тілінде  көсемшеден  саналы  білім 

беруге, дағдысын қалыптастыруға болады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет