Өзбекстан республикасы халықҚа білім беру уәзірлігі әжінияз атындағы нөкіс мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет12/29
Дата04.01.2022
өлшемі459,31 Kb.
#109199
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29
Байланысты:
etstktn grammatikalyq kategoriyalaryn zhanasha tusndru zholdary
etstktn grammatikalyq kategoriyalaryn zhanasha tusndru zholdary, Ergashev Perdekhan
түсіндіру

  бір-ақ  ізбен  жүрмейді.  Ол  түрленіп 

отырады. Солардың негізгі түрлері мыналар: 



 

22 


1.

 

Бағдарлама  мен  оқулықтағы  етістік  туралы  білімді  түгел  түсіндіру. 



Түсіндірудің бұл түрін әр мұғалім бұрыннан қолданып жүр. 

2.

 



Оқулық пен бағдарламада көрсетілген етістік туралы материалдардың 

ең  негізгісін  ғана  мұғалімнің  түсіндіруі.  Бұлайша  түсіндіргенде,  мұғалім 

өтілетін  материалдардың  ең  өзекті  мәселелерін  ғана  өзі  түсіндіреді,  ал 

қалғанын  оқушылар  мұғалімнің  көмегімен  меңгереді.  Мәселен,  мұғалім 

етістік  пен  затесімді  салыстырып,  олардың  арасындағы  айырым  белгілерді 

түсіндіреді  /етістік  іс-қимылды  білдіреді,  не  істеді?  Не  істейді?  Қайтті?  т.б. 

сұрақтарға жауап береді, етістік тұлғасында тұрған сөзге тұйық етістіктің –у 

жұрнағы жалғанса, заттанып келіп зат есім болса, есімшенің –ған, -ген, -қан, -

кен жұрнақатры арқылы сын есім бола  алады, немесе етістіктің есімше жіне 

көсемше категорияларын өткенде өзара салыстыруға болады  /көсемшенің –а, 

-е,-й, -ып, -іп, -п, -ғалы, -гелі, - қалы, -келі тұлғалары бар болса, есімшеде ар, 

-ер,  -р,  -ған,  -ген,  -  қан,  -кен,  -мақ,  -мек,  -бақ,  -бек,  -пақ,  -пек,  -атын,  -етін,  -

йтын, -йтін/, ортақ белгілерін көрнекі құралға /венн диаграммасын қолдануға 

болады/  сүйене  отырып  /екеуі  де  етістіктің  категориясы  екенін/ 

оқушылардың өздігінен білуін талап етеді. 

3.

 



Оқушыларға  бағыт  беру.  Мұғалім  жаңа  материалды  өтерде 

оқушыларға  тек  бағыт  береді.  Сонан  кейін  оқушылар  көрнекі  құралды 

пайдалана  отырып,  ол  материалды  өздері  меңгереді.  Мысалы,  етістіктің 

түрленуіне арналған кестеге қарап отырып, етістіктің қалай түрленетінін айту 

талап етіледі. Оқушылар бұрыннан білетін материалдарына сүйеніп, көрнекі 

құралдың көмегімен жаңа материал жайында өз түсініктерін айтады. Мұғалім 

тек қана олардың айтқанын жүйеге келтіреді, толықтырады. 

4.

 



Оқушылардың  өздігінен  түсінуі  немесе  түсіндіруі.  Мұғалім  өтілетін 

тақырыпты  хабарлайды  да,  көрнекілікті  іледі.  Сонан  кейін  оқушылар  оны 

байқайды  да,  мұғалімнің  жетекші  сұрағынсыз-ақ  өздері  сол  жайында 



 

23 


сөйлейді.  Екінші  сөзбен  айтқанда,  мұғалім  тыңдайды.  Оқушылар  жаңа 

материалды түсіндіреді, яғни олар өзінше қалай түсінетінін айтады. 

Түсіндірудің  осылайша  түрленіп  отыруы  оқушылардың  сабаққа  деген 

ынтасы  мен  ықыласын,  белсенділігін  арттырады.  Әрі  олардың  ойлау 

қабілетін  дамыту,  сөз  байлығын  арттыруға  көмектеседі,  сөйлеуге,  ойын  рет-

ретімен  айта  білуге  үйренеді.  Әңгіме  әдісі  –  оқушыларға  білім  беруде 

қолданылатын  көне  әдістерінің  бірі.  Әңгіме  әдісі  бойынша  оқушыларға  оқу 

материалдарын  меңгерткенде,  мұғалім  сыныпқа  жетекші  сұрақтар  қояды. 

Оқушылар оған жауап қайтарады. Сөйтіп, мұғалім оқушылардың жауаптары 

арқылы  меңгертеді.  Сондықтан  да  кейбір  әдіскерлер  әңгіме  әдісін  сұрақ-

жауап әдісі, кейбірі әңгімелесу әдісі деп те айтады. 

Әңгіме

  әдісіне  үнемі  мұғалім  сұрақ  қоя  бермейді,  кейде  оқушылар  да 

сұрақ  қояды.  Әйтеуір  сыныпқа  қойылған  сұрақтар  әңгіме  туғызуға  себепші 

болады. Сол себептен бұл әдіс әңгіме әдісі деп аталынады. 

 

Әңгіме әдісінің мәні мына төмендегідей: 



1.

 

Әңгіме  әдісі  оқушыларға  етістікті  дұрыс  талдауды,  олардың  өзіндік 



ерекшелігін есте сақтай білуді үйретеді. 

2.

 



Әңгіме  әдісі  оқушыларды  етістіктен  талданған  жеке  фактілерді 

жинақтап, ой қорытындысын дұрыс шығаруға дағдыландырады.  

3.

 

Әңгіме әдісі оқушыларды ұжым болып жұмыс істеуге үйретеді. 



4.

 

Әңгіме  әдісі  оқушыларды  ойлауға,  тапқырлыққа  дағдыландырып, 



қиялын шарықтатады. 

5.

 



Әңгіме  әдісі  әр  оқушының  оқу  материалын,  яғни  етістікті 

қаншалықты білетінін аңғаруға мүмкіндік жасайды. 

 

Грамматикалық білім беруге қолданылатын әңгіме әдісі үш түрлі: 



 

1/ хабарлайтын әңгіме; 

 

2/ эвристикалық әңгіме; 



 

3/ еске түсіретін әңгіме. 




 

24 


 

Хабарлайтын  әңгіме  дегеніміз  –  оқушылардың  бұрыннан  білетін 

білімі  мен  тәжірибиесіне  және  байқауына  сүйене  отырып,  сұрақ-жауап 

арқылы мұғалімнің етістікті түсіндіруі. 

 

Эвристикалық  әңгіме  –  сұрақ-жауап  арқылы  жаңа  материалды 



оқушылардың  өзіне  меңгерту.  Эвристикалық  әңгімеде  оқушылар  етістікті, 

оған  тән  қасиеттерді  басқа  сөз  таптарымен  салыстыра  отырып,  олардың 

әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін таниды, ой қорытындысын шығарады. 

 

Еске  түсіретін  әңгіме  дегеніміз  –  қайталау,  жинақтау  арқылы 



оқушылардың  етістіктен  бұрыннан  білетін  білімдерін  бір  жүйеге  келтіру 

және  соларды  практикада  қолдану.  Бұл  әдісті  7  сыныпта  «Етістіктің 

түрленуі»  және  «Етістіктің  сөйлемдегі  қызметі»  атты  тақырыптарын  өтерде 

6-сыныпта  өткен  «Етістік»  мен    «Етістіктің  жасалуы  мен  түрлері»  атты 

тақырыптарды қайталауға қолданған тиімді болар еді. 

 

Әңгіме әдісінің нәтижелі болуы көбіне мұғалімге, оның қойған 



сұрақтарына байланысты болады.  

 

Етістікті әңгіме әдісімен оқытатын мұғалімдер мыналарды білуі шарт 



дейді Ғ.Арғынов. 

Әңгіме кезінде мұғалім аз, оқушылар көп сөйлеуге /ереже айту, мысал 

келтіру, жолдастарының жауабының дұрыс-бұрысын дәлелдеуге/ тиіс. 

1.

 



Сұрақ алдымен сыныпқа қойылуы керек. Содан кейін аз паузадан соң 

оған  жауап  беретін  оқушының  фамилиясын,  атын  атаған  дұрыс.  Мұндай 

жағдайда  мұғалім  сұрағына  сынып  болып  қатысқан  дұрыс  және  сынып 

болып 


жауап 

қайтаруға 

тырысады, 

оқушылардың 

белсенділігі, 

жауапкершілігі артады. 

2.

 

Сыныпқа сұрақтарды анық, айқын етіп қою. 



3.

 

Қиын сұрақтарды екі қайтара айту. Сол арқылы олардың оқушыларға 



түсінікті болу жағын ескеру. 


 

25 


4.

 

Қойылған сұрақтарға оқушылардың қысқаша әрі толық жауап беруін 



талап ету. 

5.

 



Мұғалім  қойған  сұрақтарға  жауап  беруге  барлық  оқушы  қатысуы 

керек. 


6.

 

Оқушы  жауабын  әбден  тыңдап  алған  соң  ғана  мұғалім  оны 



мақұлдауға немесе толықтыруға құқылы. 

7.

 



Бір  оқушыдан  сабақ  сұрауға  көп  уақыт  кетіруге  болмайды.  Өйткені 

көп  сұралған  оқушы  да  жалығады.  Соның  салдарынан  көптеген  оқушы 

сынып еңбегіне қатыспай қалады. 

8.

 



Оқушыдан карточка арқылы сұрауға да болады. 

9.

 



Мұғалімнің  рұқсатымен  жауап  беріп  тұрған    оқушыға    сыныптағы 

басқа оқушыларға сұрақ қойғызуға болады. 

10.

 

Оқушылар  жауабының    аяқталған  ойды  білдіруін  және  әдеби  тілде 



берілуін талап ету. 

11.


 

Оқушы  жауап  бергенде,оның  кітапқа  көз  жүгіртпеуін,біреудің 

сыбырын  қайталап  айтпауын  қадағалау.Екінші  сөзбен  айтқанда,  әр  оқушы 

білгенін  өз  сөзімен  баяндауға  тиіс.  Қай  әдісті  болса  да  ұзаққа  созбай,  басқа 

әдістермен,  алмастырып  отырса,  ол  жаңа  материалды  түсіндіргенде  де,  сол 

сияқты  қайталау,  пысықтау  да  оқушыларға  білім  беруге  немесе  білгенін 

түсіндіруге көмегін тигізеді.  

 

Әңгіме  әдісін  кейде  пікірталас  әдісімен  алмастыруға  да  болады. 



Пікірталас  жасау  үшін  мұғалім  оқушылардың  деңгейлерін  анықтап, 

сараланған  даму  деңгейлерін  анықтап,  сараланған  даму  деңгейлеріне  сәйкес 

келетін  проблемалық  мәселелерді  алдын  ала  даярлап  келіп,  соны  талдауды 

ұсынады.  Оқушылар  өз  топтарын  ұсынып,  оны  дәлелдеп,  көпшілікке 

танытуы  керек.  Бірақ  белсенділігі  жоғары  оқушылар  мен  белсенділігі  төмен 

оқушылардың  бір  топта  болмағаны  да  дұрыс.  Өйткені  белсенді  оқушылар 

саябырсып  қалған  оқушылардың  пікіріне  құлақ  аса  бермей,  сыныпта  күбір-



 

26 


сыбыр  көбеюі  мүмкін.  Сондықтан  пікірталаста  мұғалім  оқушылардың  даму 

деңгейлерін ескеріп отырғаны жөн. 

 

Көсемшені  оқытуда 



жаттығу

  әдісінің  мәні  зор.  Мұғалім  тілдік 

материалды  оқулық  пен  бағдарламаға  сай,  тіпті  одан  да  көлемді,  терең 

білімді оқушылар санасына өте тиімді жеткізгенімен, жаттығу әдісін білмесе, 

жаттығу  жұмыстарын  жүргізбесе,  ол  көпке  бармайды,  ұмытылып  қалады. 

Сондықтан да мұғалім оқушыларға көсемшеден саналы да терең, тұрақты да 

берік  білім  бергісі  келсе,  жаттығу,  дағдыландыру  жұмыстарын  жүргізу 

арқылы  олардың  дағдысын  қалыптастыратын  оқытудың  жаттығу  әдісін 

білуге тиіс. 

 

Көсемшеден  оқушылардың  дағдысын  қалыптастыру  үшін  жүргізетін 



жаттығулардың  түрі  өте  көп.  Сондықтан  да  мұғалім  жаттығуға  байланысты 

мыналарды білуге міндетті: 

1.

 

Белгілі  бір  жаттығуды  орындау  үшін,  оқушылардың  сол  жаттығуды 



орындарлық білімі болуы шарт.  

2.

 



Оқушылар  жаттығуды  не  үшін  орындайтынына,  оның  қандай 

пайдасы барлығына түсінсе ғана оны саналы түрде орындайды. Саналы түрде 

орындалған  жаттығулар  ғана  көсемшеден  тиісті  дағдылар  алуына 

көмектеседі. 

3.

 

Жаттығу оқушының қызығуын, ынтасын, ықыласын арттыруға тиіс. 



4.

 

Жаттығу оқушы назарын өзіне тартатындай болуы керек. 



5.

 

Жаттығулар  кездейсоқ  болмай,  белгілі  бір  жүйемен  орындалып 



отырылуы шарт. 

6.

 



Жаттығулардың түрлі-түрлі болып келуі. 

7.

 



Жаттығулар  тек  таяуда  ғана  өтілетін  материалдарға  негізделмей, 

бұрынырақта өтілген кейбір материалдарды да қамтуы керек. 

8.

 

Жаттығулар оқушылардың көп уақытын алмауға тиіс. 



9.

 

Шығармашылық жаттығулардың көбірек болуы қажет. 




 

27 


10.

 

Әр жаттығу оқушы еңбегінің нәтижесін көрсетіп отыруға тиіс. 



 

Жаттығулар  осы  талапқа  сай  болғанда  ғана  оқушылардың  дағдысын 

қалыптастыра алады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет