Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби



бет147/190
Дата06.02.2022
өлшемі5,51 Mb.
#28486
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   190
Сабақтылық-салттылық категориясы
Бүкіл етістікті қамтитын салттылық, сабақгылық мән әрі лексикаға, әрі грамматикаға қатысты категория ретінде түркологияда зерттелуі жағынан аса дами қоймаған мәселелердің бірі. Етістіктің салт етістік, сабақты етістік Деп бөлінетін түрлері ертеден айтылғанмен, олар етістіктің салттылық-сабақтылық категориясы ретінде танылмаған. Категория ретінде салт, сабақты етістіктер арнайы зерттеудің тақырыбы болмаған. Сондықтан да ертеде шыққан түрколог ғалымдар еңбектерінде етістіктің салттылық, сабақтылық мағынасы мүлдем аталмайды. Кейінгі түрік тілдері грамматикаларының авторларының еңбектерінде етістіктің салт етістік, сабакгы етістік түрлері аталады, бірақ оны етістіктіңжеке категориясы ретінде танымайды. Олар етістіктің салттылық, сабақтылық мағынасын етіс категориясының ішінде атайды. Енді бір топ ғалым-түркологтар етістіктің салттылық, сабақгылық категориясын етіс категориясынан бөліп, оның жекелігін көрсетеді. Бүл топтағы ғалымдар етістіктің салттылық, сабакгылығын жеке категория ретінде тани отырып, оның етіс категориясымен байланысы барына, салттылық, сабакгылыққа етіс жұрнақгарының әсері болатынына тоқталады. Сөйтіп, етіс көрсеткішінің етістіктің салттылық, сабақтылығын жасайтынын көрсетеді. Келесі топтағы ғалымдар етістіктің салт, сабақтылық мағынасын бөліп жеке қарағанмен, оны категория деп санамайды.
Етістік жалпы грамматикалық мағынасы жағынан нені білдірсе де және қандай тұлғада тұрса да, не сабақты, не салт мәнін білдіріп тұрады. Етістіктің бойындағы осы салттылық-сабақгылық қасиет оның әрі семантикалық сипаты, әрі етістікке ғана тән ерекшелік болып саналады. Етістікке тән салттылық пен сабақтылықты таныған ғалымдарда оны қандай категория деп атаумен байланысты әр түрлі пікір бар. Башқұрт тілінің ғалымдары сабақгы, салт етістік категориясын лексика-грамматикалық категория санаса, кей грамматика авторлары оны лексика-семантикалық категория дегенге жақындатады. Бұдан жалпы салт және сабақты етістікгер туралыоқулықтардабелгілі дәрежеде мағлұмат беру ертеден келе жатқан дағдылы құбылыс екені байқапады. Ал қазақ тілінде алғаш жазылған Ахмет Байтурсыновтың «Тіл-құрал» атты оқулығында салт етістік пен сабақгы етістіктер етістер құрамында аталып, «Сабақгы етіс дейміз - еткен іске бір нәрсе сабақхаулы болса...»; «Салт етіс дейміз - өткен іске сабақталып, байланып тұрған ьеш нәрсе болмаса,...» -деген ережемен берілген. Яғни етіс ішінде қаралған.
Қазақ тіл білімінде сабақты етістік пен салт етістік етістіктің жекө семантика - синтаксистік категориясы -деп танылады.
Етістік проблемаларын қазақ тіл білімінде ең көп зерттеген ғалым -А.Қалыбаева (Хасенова), бұл ғалымның негізгі еңбектері етіс проблемасымен, етістікгіңсезжасамымен байланысты. Осы мәселелерді зерттеу үстіндеғалым сөз жоқ етістіктің салт-сабақгылық мағынасына да тоқталып отырған.
А.Қалыбаева «Етістіктің лексика-грамматикалықсипаты» атты моно-гафиясында салт, сабақгы етістіктер мәселесінетоқтала келіп, бұл жөнінде автордың «Бүгінгі түркі тілдеріндегі сабақты және салт етістік категорияларын тек семантикалары тұрғысынан қарап қоймай, тілдің әр саласын жан-жақты қарауға тиісті лексика-грамматикалық қасиеттері тұрғысынан да қарап, оларды өзінше лексика-грамматикалық категория деп тұжырымға келу қажет болады» - деп айтқан өз сөзінен оның сабақгы және салт етістіктерді лексика-грамматикалық категория қатарына жатқызғаны көрінеді. Осы еңбекте ғалым сабақты және салт етістіктерді лексика-семантикалық және грамматикалық тұтастықга алып қарауды да ұсынады. «Сабақты, салт етістіктердің обьектіні керек ету, етпеуі етістіктердің лексика-семантикалық мәнімен ұштасады, ал олардың түбір тұлғада тұруы, сөйтіп тұрлаусыз мүшелерді меңгеруі грамматика саласынан танылады. Бұл сабақты, салт етістіктерді семантика мен грамматика тұтастығы тұрғысынан баяндауға мүмкіндік береді - деп есептейді. Салт етістік пен сабақты етістік ғылыми грамматикаларда «табыс септеудегі тура толықтауышқа мағынасы сабақталып тұратын етістікті сабақты етістік, ал, керісінше, табыс септеудегі тура толықтауышқа мағынасы сабақталмай, жадағай істің өзін халді білдіретін етістіктерді салт етістік дейміз» - деген анықтама беріліп, салт, сабақтылық категориясы түбір сөзге қатысты екені және бұлардың етіс жұрнақтары арқылы бір-біріне ауысатыны айтылған.
1967 жылы Ғылым академиясының Тіл білімі институты шығарған «Қазақ тілінің грамматикасы» ғылыми оқулығында жоғарыда айтылған салт етістік пен сабақты етістіктерге берілген сипаттамаларға қоса, аздаған толықтырулар бар. Мұнда етіс жұрнақтарының ішінде ортақ етіс жұрнағыныңсалттылық, сабақтылыққа әсер ететіні, етістікжұрнақтарының көбі етістіктің сабақты және салт мәнін беруге бейтарап болып келетіні айтылған. Сонымен бірге-ра/-ре, -сыра/-сіре, -мсыраАмсіре, -ңра/-ңре, -ура /-уре, -ай /-ей, -ырай /-ірей, -ал /-ел /-л, -ғы / -гі т.б. жұрнақтары салт етістік көрсеткіші есепті өз алдына бөліп қарау керек деп санаған да, ал -қыла / -кіле жұрнағы (шапқыла етістігінен басқа жағдайда) сабақты етістік жасайтыны айтылған. 1974 және 1991 жылдары шыққан «Қазіргі қазақтілі» (морфология) оқулықгарында салт және сабақты етістіктерге қысі^ша түсінік беріле келе, екі нәрсеге көңіл белу керектігі, бірі - бір етістіктің әрі салт, әрі сабақты болып кепуіне, екіншісі -салт, сабақтылық қасиеттің жалаңтүбіретістіктермен қосакүрделі етістіктерге де қатысы бар екеніне назар аударылған. Ә. Төлеуовтың «Сөз таптары» деп аталатын филология факультеті студенттеріне арналған оқу құралында етістік ішкі лексика-еемантикалық мәнінің сапалық белгісіне қарай ажыратылып, ол қимыл обьектілерінің түріне қарай сабақты, салт етістік болып бөлінетіні, сөйтіп етістік болмыстағы іс не әрекеттің белгілі бір обьектіге сабақталып, не сабақгалмай жалаң қолданылуы арқылы өздері меңгеретін сөздерінің белгілі формада туруын талап ететіні, сабақты етістік пен салт етістіктің қазақ тілінде формалануы жағынан (қосымша қосылуы) бір-бірінен пәлендей айырма жоқ, бірақ олардың бір-бірінен мағынасы және қызметі жағынан айырмасы барлығы айтылады . Бұл пікір алалығы түркологияда етістіктің салттылық, сабақтылық мәселесініңаз зерттелгенін көрсетсе керек.
Жалпы лингвистикада салт, сабақты етістіктерді объектілі, объектісіз қимыл деп атау қалыптасқан. Етістіктің салт, сабақтылығы тілдің грамма-тикалыққурылысында кеңорын алатын грамматиканың теориясын дамытуда маңызы зор өзекті мәселелердің бірі екені ақиқат.
Салт, сабақгы етістік категориясының кейбір жеке тілде ғана болмаса жалпы түркологияда, соның ішінде қазақ тіл білімінде де зерттелмей келе жатқаны, осы қысқа шолудан анық көрінеді. Бұл түркі тілдерінде сапт, сабақты етістік категориясына байланысты теорияның дамымағанын көрсетеді. Соңғы кездері жеке тілдерде, соның ішінде қазақ тілінде салт етістік пен сабақты етістіктердің ішкі сыры басқа мәселелермен қатысты құрамы мен мағына-сының аумағы, сөз тіркесін жасаудағы қабілеті, олардың есім сөздерді меңгеруіне байланысты қарастырылып жүр
Етістіктің салттылық, сабақтылық мәнінің өзіндік айырмашылығы бар категория. Ол негізінен қимылдың жасалуына байланысты мағына. Шындық өмірде қимыл, іс-әрекет субъекті арқылы іске асатыны, қимылды субъекті жасайтыны ешбір күмән туғызбайтын басы ашық мәселе. Ал субъект жасайтын қимылдың қай затқа бағытталуын етістік өзінің лексикалық мағынасымен бірге көрсетеді және сонымен бірге қимылдың субъектіге бағытталғанын да білдіреді. Ол салт етістіктерге тән мән-мағына. Мысалы, Кейде күн шықпай, Біжікен зиратының басына барып, күн бата қайтады (Ғ.Мүсрепов) сөйлеміндегі «күн шықпай» дегенде, шықпаған күн, «зиратының басына барып» дегенде барған - ол, «күн бата» дегенде, батқан - күн, «қайтады»дегенде, қайтатын-ол. Бұлардыңбәріндеде қимыл-субъектінің қимылы. Осы етістіктер білдіретін қимыл субъектіге бағытталады дегенді қимыл жасаушы - субъекті деп түсінбей, қимылға түсетін де субьектінің өзі деп түсіну керек. Өйткені мұнда қимылдыңжасалуына қатысты субъектіден басқа зат - объекті жоқ. Осы пікірді аңғару үшін сабақты етістікке мына мысалды келтірейік. Жақып Құнанбай отырған бөлменің есігін ашты (М.Әуезов); Мен біразын көзбен көріп, дәмін таттым (С.Бегапин) деген сөйлемдерде «ашу, тату» етістіктері сабақты етістіктерге жатады. Осындағы етістікті білдіретін қимыл да субьекті арқылы жасалады. Бөлменің есігін ашқан - Жақып, біразын көрген, дәмін татқан - мен. Бұл етістікгер білдіретін қимылдардың әрқайсысын жасаған қимыл иесі - субъектісі бар екені анық. Бірақ мұнда қимыл субъеюіге емес, обьектіге бағытталған. Анығырақ айтсақ, мұндағы қимыл обьектіге жасалған. «Ашу» қимылына түскен объекті -есік, «көру» қимылына түскен обьекті - дәм. Бұдан сабақты етістікте қимыл субъектіден басқа затқа жасалатыны, яғни қимылды субъекті басқа затқа жасайтыны көрінеді. Міне, сондықган да ғылыми еңбектерде салт етістіктер білдіретін қимыл субьектіге, ал сабақгы етістіктер білдіретін қимыл объекгіге бағытталады деп саналады. Салт етістіктегі қимыл субьеюгіге бағытталады дегенді субъекті жасайтын қимыл деп түсінуге де болады. Ал субъектіжасайтын қимылдың бәрі салт етістікке жата бермейтіні белгілі. Өйткені сабақты етістікбілдіретін қимылды да субъекті жасайды.
Салт, сабақгы етістіктерді тануда ғылыми әдебиеттерде айтылып жүрген қимылдың субъектіге не объекгіге бағытталуына байланысты болады деген жалпылама анықгама жеткіліксіз сондықтан, олардың бір-бірінен ерекшелігін ажырату қажет. Олар:
1. Салт етістікте қимылды субьекті жасайды, бірақ ол қимылға түсетін, қимыл жасалатын субъектіден басқа зат болмайды. Ал сабақты етістікте қимылды басқа зат жасайды, яғни сабақты етістікте қимылға түсетін объекті затболады.
2.Салт етістік тек субъеістіге қатысты қимылды білдіретін болғандықган, салт етістіктегі қимыл бір затқа ғана қатысты болады. Ал сабақты етістіктер субъектінің объектіге жасапатын қимылын білдіреді. Сондықган да ол кемі екі затқа байланысты қимыл болады. Оның бірі - субъекгі, екіншісі объекгі. Сабақгы етістік үшін сөйлемде субъектінің аталуынан гөрі қимылға түсетін, қимыл жасайтын обьектінің аталуы өте маңызды.
3. Салт етістіктер тек субьектіге қатысты қимылды білдіретін объектісіз етістіктер болса, сабақты етістіктер қимылдың белгілі бір обьектіде өтуін қажет ететін обьектілі етістік .
Сөйлемде қандай сөйлем мүшесінің қолданылуы, етістіктің жіктелуіне байланысты болады. Өйткені сөйлемнің ұйтқысы - етістік. Етістік сөйлемді ұйымдастырушы болса, оның ұйымдастырушылық қызметі обективті өмірде сол қимылдың жасалуын білдіретін ұғымдардың мәні салт, сабақты етістіктердің сол сөйлемде қолданылу ерекшелігіне байланысты болады. Өйткені қимыл объективті өмірде өзінен-өзі жасала қалмайды. Қимылды жасаушы болады, қимылға түсетін зат болады, қимылды жасау мезгілі, жасалатын орны, т.б. болады. Қимылдың мәнін ашатын, оған қатысты ұғымдар, жағдайлар болады. Қимылды жан-жақты, анық түсіндіру үшін, олардың бәрі де қажет. Сөйлемде етістік өзінің мәнін ашатын осындай ұғымдардыңаталуын қажететеді. Мысалы: «Ол қазір диванда газетті жайлап оқып жатыр» - деген сөйлемді алып, сөйлемдегі сөздерге талдау жасайық. Біріншіден бұл сөйлемдегі «оқып жатыр» деген етістікгің мағынасы кімнің оқығанын айтуды қажет етеді, өйткені қимылдың субьектісі аталу керек, сондықтан сөйлемге «ол» деген субьекті сөз кірген. Екіншіден, ол етістіктің мағынасы қимылға түскен обьектінің атауын керек етеді, сондықтан сөйлемде қимылдың объектісі «газет» сөзі айтылган. Үшіншіден, осы етістікгің мағынасы қимылдың қайда жасалуын атауды тілейді, сондықган сөйлемге «диванда» деген сөз кірген, ол қимылдың болған орнын көрсетіп тұр.Төртіншіден, аталған етістік мағынасы қимылдың қалай жасалғанын анықтауды керек етеді, сондықтан сөйлемде «жайлап» деген көсемше тұлғалы сөз қолданылған. Бесіншіден, бұл етістіктің мағынасы толық ашылу үшін қимылдың жасалу мезгілін білдіру қажет, сондықган да сөйлемге «қазір» деген үстеу сөз кірген. Осы мысал етістік тек лексикалық мағынаны білдіріп қана қоймай, ол өз бойында келешек сөйлемнің қаңқасы үшін қажет болатын сөздердің кіруін шеше алатынының дәлелі. Бұдан сөйлемде белгілі мүшелердің қолданылу, қолданылмауы етістіктің салттылық, сабақтылық мағынасына байланысты болатыны көрінеді. Етістіктің осы мағынасына байланысты объектілік, субьекгілік қатыстағы сөздер үшін сөйлемде бос орындар болады, сөйлемдегі осы бос орындар сондай қызметтегі сөздер арқылы толықтырылып отырылады. Ал салт, сабақты етістіктерді ажыратудың өзі сөйлемде осы тура объектінің болу болмауына, етістіктің оны қажет ету етпеуіне байланысты анықталады. Салт етістік баяндауыш болған сөйлемде тура объекгіге арналған бос орын бол майды, сондықган ол - тура обектісіз етістік, яғни обьекті жөнінен салтетістік ноль валентті. Ал сабақгы етістікте тура обьектіге арналған бос орын болады, оны сондай мәндегі, қызметтегі сөздермен толықтыру қажет етіледі. Етістік сөйлемде қолданылғанда табыс септіктегі сөзді - тура толықтауышты керек етіп, сабақталуды тілеп тұрады, оған сөйлемде қалдырылған бос орын да болады. Осындай тура толықтауышты керек ететін мағынасы бар сабақты етістіктер - тура обьекгілі етістіктерге жатады. Олар тура толықтауышпен тығыз лексика-семантикапық байланыста келеді. Ал тура толықгауыш сөйлемдегі ойды анықтайтын, нақтылайтын негізгі етістіктің серігі болып табылады.
Етістік - сөйлемнің және сөз тіркесінің негізгі тутқасы, тірегі. Ол іс-әрекет пен обьекті арасындағы грамматикалық байланысты шешеді. Сондықтан етістіктің сөйлем жасауда негізгі ұйтқы болуы тегін емес. Түркі тілдерінде етістік мағынасының ең үлкен топтары салт және сабақты етістіктер тілдегі бүкіл етістіктерді қамтиды. Тілдегі мағыналы етістік атаулының бәрі осы екі мағыналы топтың біріне жатады. Етістіктің салт, сабақгы болып бөлінуі олардың қалайда болмасын тұлғалық ерекшеліктеріне емес, негізінде лексикалық мағыналарына байланысты болып келеді. Өйткені салттылық, сабақтылық мән оның жалпы грамматикалық мағынасының басты мәнді көрсеткіші емес, соның негізінде ғана пайда болған екінші семантикалық сипаты. Салт етістікті де, сабақты етістіктідетудыратын грамматикалық формасының жоқтығы оның жалпы грамматикалық мағыналарына байланысты болып келеді. Қазақ тілі етістіктерінің грамматикалық семантикасымен байланысты қалыптасқан сапттылық пен сабақтылық категориясының сырттай білініп тұратын, өзіне тән арнаулы қосымшасы болмаса да, субъекті мен обьектінің грамматикалық катынасын өзгертіп тұратын ішкі семантикалық мазмұны болады. Ол мазмун етістік түбіріне табыс септікті қалау, қаламау қабілетін түпкілікті семантика-синтаксистік қасиеттің бірі етіп таққан. Етістік бойындағы салттылық, сабақтылық мағына етістік түбірінің тұрақты қасиеті болғандықтан да, ол табыс септіктегі объектіні меңгеру не меңгермеу шеңберінде ғана қалып қоймайды, сонымен бірге басқа септіктерді де меңгереді. Ендеше етістіктің салттылық, сабақгылық категориясы етістіісгің семантика-синтаксис саласындағы өзгешеліктерімен танылған лексика-грамматикалық категория. Етістік мағынасыныңсабақтылықжәнесалттылық ерекшелігі семантикалық категория шеңберінде ғана қалып қоймайды, сонымен бірге грамматикалық қызмет те атқарады. Өйткені етістіктің салттылық-сабақтылық мәні оның жалпы грамматикалық мағынасының негізінде пайда болған екінші семантикалық сипаты. Сондықтан етістіктің салттылық-сабақтылық категориясы етістіктің семантика-синтаксис саласындағы өзгешеліктерімен танылған лексика-грамматикалық категория саналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет