Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби



бет148/190
Дата06.02.2022
өлшемі5,51 Mb.
#28486
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   190
Етіс категориясы
Етіс категориясы тілдің грамматикалық жүйесінде кернекгі орын алатын қимыл, іс-әрекеттің, субьекті мен обьекті арасындағы әртүрлі қатынасын білдіретін, белгілі қосымшалар жүйесі арқылы жасалатын етістіктің лексика-грамматикалық категорияларының бірі. Етіс категориясы субьекті мен обьектінің әзара әр түрлі қатынаста болуынан, яғни бастауыш пен толықтауыштың сөйлемдегі қатынасынан пайда болатын категория. Әрі етіс етістіктіңсалт, сабақты мағынада жұмсалуымен де байланысты, өйткені етіс түбір етістіктерге қосымшалардың қосылу арқылы жасалады. Етіс катего-риясы қимылдың субьекті мен обьектіге әр түрлі қатынасын көрсететін жұрнақтар қосылу арқылы, түбір сөздің бастапқы грамматикалық мағынасын өзгертіп, сөйлем мүшелерін синтаксистік байланысқа түсіреді.
Етіс туралы алғашқы пікір ХІХ ғасырдың басында түрік тілдерін зерттей бастаған тіл мамандарының еңбектерінде бар. Онда етістіктіңрай, шақ, жіктік жалғау категориялары қатарында етіс категориясының бары да айтылған. Кейінгі шыққан грамматикаларда бұрынғы айтылғандарға қосқан айтарлықтай жаңалық болмағанымен, етістік категорияларын жеке-жеке атап, әрқайсысына тоқгалып, солардың ішінде етіске де анықтама беріп, жасалу жолдарының көрсетілуі етіс туралы зерттеудің де кеңи бастағанын көрсетсе керек.
Қазақ тілінде жазылған еңбектердің ішінде етіс туралы алғаш айтылған пікірді Ахмет Байтұрсыновтың «Тіл-құрал» оқулығынан табамыз. А.Байтұрсынов етістіктің етіс түріне ереже бермей, бірден «Етістікте он түрлі етіс бар», -дей келе, оның сабақты етіс, салт етіс, ортақ етіс, өздік етіс, өзгелік етіс, беделді етіс, ырықсыз етіс, шығыс етіс, дүркінді етіс, өсіңкі етіс - деген түрлері барын келтіреді. Етістүрлері ішінде салт етіс пен сабақты етісті етістің түрлері қатарында атайды. Салт етістік пен сабақты етістікті етіс категориясымен бірге қарау, бұдан кейінгі жылдары шыққан мектепке арналған оқулықтар мен жоғары оқу орнына арналған грамматикаларда да орын алып келді.
Етіс категориясын ғылыми тұрғыда лексика-грамматикалық сипаты жағынан арнайы зерттеген ғалым профессор А.Қалыбаева (Хасенова). Ғалым Аққал Қалыбаева етіске берген сипаттамасында етіс категориясының етістікке қатысы жайында және сабақты етістік пен салт етістіктердің етіс катего-риясы мен байланысы жөнінде, етістің түрлері, олардың жасалу жолдары, етіс категориясының мағынасы мен тұлғалық ерекшеліктеріне ғылыми талдау жасап, «Етіс мәселесін дұрыс шешу үшін, сөйлем мүшесі (баяндауыш) мен сөз табының (етістік) ерекшеліктерін байланыстыра салыстырып, бірінен бірін бөлмей тұтас қарау қажет» - деген құнды тұжырым жасайды.
Ғалым басқа сөз таптарының грамматикалық категориялары сияқгы етістікгің етіс категориясының қалыптасуы сөйлем мүшелері мен сөз таптарының дамуымен байланысты екенін дұрыс бағдарлайды.
Өзінің қалыптасу дәуірінде түрлі заңдылықтарды басынан өткізген етіс категориясының синтаксистік қызметіне сай беретін мағынасы, өзіне тән тұлғапық ерекшеліктері, ол тұлғаларды жасайтын қосымшалары бар. Етіс жасайтын қосымшапар етістіктің сабақты түріне де, салт түріне де жалғанып, етістіктің етіс тұлғасын жасайды. Сапт етістіктерден қимыл мен қимыл иесі арасындағы қатынастан туып, субьектінің ішкі мәнін түрлендіретін өзгелік, ортақ етіс түрлері жасалса, сабақгы етістіктерден етіс қосымшалары қосылу арқылы барлық етіс түрі жасала береді.
Қазақ тіліндегі етіс қосымшаларының осындай бір-бірінен мағыналық ерекшеліктерімен қатар, етістікгің басқа қосымшаларынан ажырататын өзіндік тағы бір ерекшелігі бар. Ол – етіс тудыратын жұрнақтардың етістіісгің түбіріне тікелей жалғанатын болымсыз -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтарынан бұрын жалғанатындығы. Мысалы: кел-тір-меді, кел-тір-іл-меді, кел-тір-т-кіз-беген, ойла-н-бады, ойла-т-пады, ойлан-дыр-т-қыз-бады, әкел-ін-беді, әкел-т-тір-меді, өкел-іс-педі т.б. Бұл мысалдардан етіс қосымшаларының тағы бір ерекшелігі етістіктің негізгі және туынды түбірлеріне тікелей жеке де, және бірінен соң бірі үсті-үстіне жапғана беретін қасиеті бары көрінеді. Етістік етіс қосымшаларынан соң өзінің басқа категорияларының қосымшалары ретімен қабылдайды. Яғни, етіс қосымшаларынан кейін түбірге етістіктің басқа категорияларының есімше не көсемше, рай, шақ, жақ тұлғаларынның көрсеткіштері қосылады. Осындай етістіктің ерекше мағынапық құбылуынан, тұлғалық түрленуінен етістің жасалуы, немесесубьекті мен обьектініңөзара қатынасына сай семантикалық және модальдық құбылуынан етіс категориясы туады. Сөйтіп, етіс жұрнағы жапғанған етістік сөз етістіктіҢ грамматикалық категорияларын кезегімен қабылдау арқылы түрлене келе, сөйлемнің белгілі мүшесі баяндауыштың қызметін атқарады.
Етіс категориясының семантикалық сипаты, етіс қосымшаларының қызметі жайында бірізді пікір көпке дейін қалыптаспады. Ол 1967 жылы шыққан академиялық грамматиканың өзінде «етіс аффикстері қосылған сөздер аффикстердің санына қарамай, туынды түбір етістіктер құрамына кіретін журнақ» қатарында келтіріп, етістік негізден етістік тудыратын жұрнақ ретінде танылғанынан көрінеді. Бұл пікірді морфология оқулығының авторы профессор Ахмеди Ысқақов та қолдаған. Оған «Етістіктен етістік тудыратын, өздерінше морфологиялық және синтаксистік сипаттары басқашалау болып келетін, бір алуан жұрнақтардың жүйесі, әдетте, етістер я етіс категориясы деп аталады. Етістерді етістіктіңөзге категорияларынан ерекшелендіріп тұратын сипаттары мынадай: Ол одан жөн сұрады; Олар бір-бірінен жөн сурасты; Ол онан жөн сұратты; Одан жөн сұралды; Ол өзі сұранды деген сөйлемдердегі етістік (сұрады, сұрасты, сұратты, сұралды, сұранды) формалардың соңындағы өткен шақгың қосымшасын (-ды, -ты) алып тастағаннан кейінгі сұра, сұрас, сұрат, сұрал, сұран етістіктерін бір-бірінен сапыстырғанда, олар бір түбірден өрбіген түбірлес негіздер екені айқындалады. ...Етіс формаларының бұл ерекшелігінен, біріншіден, басқа жұрнақгар сияқгы, туынды етістікжасайтын қабілеті барлығы (айырмасы тек етістіктен етістік тудыратындығы) және сол етіс жұрнақгары арқылы туған формалар етістік негіздері есебінде қызмет ететіні айқындалады. Ендеше, бұл жағынан қарағанда етіс жұрнаідары сөзден сөз тудыратын жұрнақгармен сәйкес келеді де, лексикалық категорияға жатады. Екіншіден, етіс категориясының формаларында субьекгі мен обьектінің амалға қатысын, керісінше, амалдың (өрекеттің) субьекті мен обьектіге қатысын білдіретін грамматикалықсипаты күшті. Демек, етіс формалары сөйлемнің граммати-калық құрылысына өзгеріс енгізіп отырады» - дегені дәлел. Бұл пікірден автордың етіс қосымшаларын әрі сөзжасам, әрі грамматикалық мағына беретін қосымша тұрғысында танығаны анық көрінеді. Ал, И.Маманов етіс категориясын түбір етістіктен туатын грамматикалық форма ретінде таныған . Бұл пікірді профессор С. Исаев қолдап, етіс қосымша-ларынформатудырушытұлға қатарына қосады. Ғалым «етістіктерде етіс жұрнаідары жаңа сөз тудырмайды, етістік түбір білдіретін семантикасын өзгертіп жібермей, лексикапық және жалпы грамматикалық мағынасы сақталып қалады, тек сабақтылық- салттылық өзгеріп, сөйлемде субьект пен обьеіст арасындағы қатынасы ауысуы мүмкін» -дейді.
Етістік түбірге етіс қосымшалары жалғанғанда, етістіктің түбірінің жалпы грамматикалық мағынасы өзгермей, тектүбірдегі салттылық-сабақ-тьілық мән ғана өзгеретін болса, етіс жұрнақтары тек салт етістікті сабақты етістікке, сабақты етістікті салт етістікке айналдыру қызметін ғана атқара құралады. Ендеше ол (етіс қосымшалары) сөзжасам қосымшаларына жатпайды, сөз түрлендіруші қосымшалары қатарына қосылады. Етіс қосымшалары етістік түбірге жалғанғанда түбірдің грамматикалық сипатын өзгертпейді. Ол етістұлғалы етістіктіңтүбір етістіктер сияқты ерекшелігі екенін көрсетеді. Яғни етіс тұлғалы етістіктер түбір етістікгер сияқгы тек сырттай бұйрық райдың 2-жақжекеше, анайы түрімен сәйкес келгенімен тікелей жіктік жалғауларын қабылдамайды, сонымен бірге сөйлемде етістік етіс тұлғасында қолданылмайды.
Етіс журнақтары түбір етістіктерге де, арнаулы жұрнақтар арқылы жасалған туынды етістіктерге де, күрделі етістіктердің түр-түрлеріне де жалғана береді. Оқулықтарда етіс - негізгі етіс, ортақ етіс, өзгелік етіс, ырықсыз етіс, өздік етіс, - деген бес түрге бөлініп, негізгі етіске мынадай түсінікберілген: «Негізгі етістің арнаулы көрсеткіші болмайды. Оған әрбір түбір я туынды етістіктердіңде, күрделі етістікгердің де негіздері жатады. Әдетте етістік негізінің субьекгі мен обьектіге қатысы я субьекті мен обьектінің етістік негізіне (амалына) қатысы сол негіздің бастапқы лексикалық семантикасына қарай анықталатындықтан, оның семантикалық ерекшелігі, грамматикапық (синтаксистік) қызметі туралы да арнайы сипаттама беру қажет болмайды». Бұл түсініктің өзінен анық көрінетіндей, негізгі етіс деп аталатын етіс түрінің етістік түбірі деген ұғымнан, мейлі негізгі түбір, мейлі туынды түбір болсын, не семантикалық жағынан, не формалық жағынан, не синтаксистік қызметі басқа сөздермен қарым-қатынасы жағынан ешбір айырмашылығы жоқ және грамматикалықя лексикалық категория (түрлеріне) негіз болатын тұлға, яғни негізгі етіс деп аталған, дұрысында етістік түбірі деген тұлға ол категорияның бір түрі бола алмайды, категория шеңберіне енбейді, сол категория түрлеріне негіз ғана болады. Сондықтан негізгі етіс деген етіс категориясының түрі жоқ, етіс категориясына, түрлеріне негіз болатын негізгі, туынды, күрделі етістік түбірдеген ұғым ғана бар» - деген пікір негізгі етіс етістіктің етіс түрінің бірі бола алмайтынын көрсетеді. Сол себептен де етіс түрлері төрт түрге бөлінеді, яғни етіс категориясының өздік етіс, өзгелік етіс, ортақ етіс, ырықсыз етіс түрлері ғана бар.
Олар сөйлемде атқаратын қызметі мен беретін мағынасына қарай тұлғалық ерекшелікгері бар қалыптасқан грамматикалық категорияға жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет