Буынның сипаты
Біздің сөзіміз айтылу жағынан ең кішкене единицалар (бөлшектер) –буындарға ажырайды. Буын - фонациялық ауаның кілт үзілуінен не кедергіге ұшырауының нәтижесіде пайда болатын жеке дыбыс, не дыбыстар тобы. Қазақ тілінде буынның маңызы ерекше. Фонетикалық негізгі заңдар осы буынның төңірегінде өрбейді.
Буын болу үшін оның саны біреуден артық болмауға тиіс. Сонда сөздің құрамында қанша дауысты фонема болса, сонша буын болады деген сөз.
Буында мағына болмайды. Кейбір сөздердің әрбір буыны лексикалық немесе грамматикалық мағынасы бар бөлшектерге (морфемаларға) тура келіп қалады .
Тіліміздегі байырғы сөздер бірыңғай не жуан буынды, не жіңішке буынды болып келеді. Егер тілімізде аралас буынды сөздер кездесетін болса, онда олар кірме сөз болғаны.
Тіліміздегі байырғы сөздер, сондай-ақ буындарда екі дауыссыздан басталмайды. Орыс тілінен енген біраз сөздің біздің тілімізде жазылуы соның айғағы бөрене (бревно), жеребе (жребий), кереует (кровать) кінәз (кеязь), үстел(стол). Сондай -ақ тіліміздегі байырғы сөздердің соңында екіден артық дауыссыз тұра алмайды. Оның өзінде негізінен еліктеуіш сөздер: былқ, жалп, күңк, күмп, бырт. Мұндай жағдайда қос дауыссыздың алдыңғысы міндетті түрде үнді, соңғысы қатаң дыбыс болады. Ал, орыс тілінен енген сөздер екі, тіпті үш дауыссызға еркін аяқтала береді: акт, кадр, спорт, пункт, текст, спектр, министр т.б.
Қазақ тілінде басқы буын ғана дауыстыдан басталуы мүмкін, қалған жағдайда буындар дауыстыдан басталмайды. Қазіргі қазақ тіліндегі буындар дыбыстық құрамы жағынан мынандай болып бөлінеді:
бір дыбысты: а-та, ә-же, а-па, і-ні, а-ла, а-ла, а-ас,о-қы, а,ә,е,о, отыр. Бір дыбысты буындар тек дауысты болады да, жеке сөз түрінде, не сөз басында ғана кездеседі ;
екі дыбысты: ба-ла, қа-ла-да, та-за-ла, жа-ға, ой-на, та-за;
үш дыбысты: бас, бет, сөз, көз, өрт, акт, бөл-шек-тер, тас-тақ;
төрт дыбысты: қант, төрт, былқ, жалт, жылт, кадр, такт, порт;
бес дыбысты: пункт, спорт, текст, скетч, старт, фланг, трест, спирт, стенд;
Сөздердің буын құрамы тіліміздегі сөздер құрамындағы буынның түрлеріне қарай мынандай болып келеді:
Бірыңғай ашық буынды сөзформалар: а-на-ла-ры-на, қа-ла-да-ғы, ке-ле-ді т.б.
Бірыңғай бітеу буынды сөзформалар: жат-тық-тыр-ған-дар-дың, тас-тай, т.б.
Аралас буынды сөзформалар: а-на-ла-ры-мыз-дың, айт-қан-да-рын, қа-на-ғат-тан-ды-рыл-ды т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |