Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби



бет15/190
Дата06.02.2022
өлшемі5,51 Mb.
#28486
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   190
БУЫН ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ

Қазіргі қазақ тілінің буын мәселесі фонетикалық категория. Сондықтан буынға ерекше мән беру керек. Буын деп фонациялық ауаның қарқынмен кілт үзіліп шыққан бір немесе бірнеше дыбыс тобын атаймыз. Әр буында бірден артық дауысты фонема болмайтындықтан, сөз ішінде неше дауысты фонема болса сонша буын болады. Буын ішіндегі дауыссыздардың экспирациялық күшіне қарай, яғни айтылуына қарай күшті бас дыбыс және күшті сонғы дыбыс деп негізінде екі топқа бөлуге болады. Буын ішіндегі екі дауыссыздың алғашқысының экспирациясы соңғысында басым келсе, күшті келсе, күшті соңғы дыбыс болады. Мысалы: буынның бас дыбысы да, соңғы дыбысы да бір түрлі болып келген қақ, тұт сияқты сөздердің алғашкы дыбыстары күшті, айқын айтылады да, сонғы дыбыстары әлсіз, осал айтылады. Егер сөз ішінде немесе сөз аралығында эксплозив дыбыстар қатар келсе, бұл екеуінің түйіскен жерінен буын жігі пайда болады. Мысалы: көк-ке, ап-пақ, тәт-ті, алып бер. Осы мысалдарда көрсетілген, қатар тұрған біркелкі дыбыстардың алдыңғысы имплозив, кейінгісі эксплозив дыбыс болады.


Яғни имплозив дыбыс - буынды аяқтаушы дыбыс. Эксплозив дыбыс -буынды бастаушы дыбыс. Осы сияқты үндестік заңында да, яғни түбір мен қосымша аралығында, сөз тіркестері аралығында біркелкі дыбыстар үнемі қатар тұра алады. Мысалы: қаққа, аққа, текке, т.б.
Сөздің жуан, жіңішке болуы буынмен байланысты болады. Ал; буынның жуан-жіңішке болуы дауысты дыбыспен байланысты келеді. Дауысты дыбыс жуан болса, буын да жуан болады, ал, жіңішке болса, буын да жіңішке болады. Жуан және жіңішке болып келетін жұп-жұбымен айтылатын дыбыстар мыналар: а-ә, о-ө, ы-і, ү-ү;
Тек е мен э дыбыстарының ғана жуан сыңары болмайды. Дифтонгоид дауыстылар алфавитте бір әріппен белгіленген. Бұлардың жуанына бір әріп, ал жіңішкесіне бір әріп белгіленбей екеуіне бір әріп белгіленген. Олар и және у әріптері.
Қазақ тіліндегі буынның түрлері дауыстылар мен дауыссыздардың өзара алмасып келуіне байланысты үш топқа бөлінеді. 1.Ашық буын. 2.Тұйық буын. 3.Бітеу буын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет