Дифтонгоиддауыстылар Қазіргі қазақ тілінде басқа түркі тілдері сияқты қосынды (дифтонгоид) дауыстылар бар. Осы дифтонгоид дауыстылар мыналар: у және и. Бұл фонемалар қосынды дыбыстардың орнына жұмсалады. Мысалы: бу, буын-бұу бұуын, ту, үу сияқты сөздерде у дыбысы үу дыбыстарының орнына қолданылады. Дауыссыз дыбыстан кейін келіп, дауысты фонемаға айналады. Сондай-ақ и қосынды дыбысы дифтонгоид ретінде жұмсала береді. И дыбысы қосынды жуан ый және қосынды жіңішке ій дыбыстарының орнына қолданылады. Мысалы: жиналыс, Иса, тиын сөздерінде и дифтонгоид дыбысы жуан ый дыбыстарының орнына қолдынылып тұр. Сондай-ақ, и фонемасы жіңішке йи дыбыстарының орнына жұмсалады. Сондықтан бұл у және и дыбыстарын қосынды дыбыс немесе дифтонгоид дауыстылар деп атайды. Бұл дифтонгоид дауыстыларға тек қана екі сөз немесе ол сөзден өрбіген сөздер бағынбайды. Олар мыналар: сый, тый.