Сабақ жоспары
1.Пән аты: Қазақ тілі
2.Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жылы:
4.Тоқсан: IІІ
5.Мұғалім: .
Сабақтың тақырыбы: Ашық және қысаң дауыстылар
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларға ашық және қысаң дауыстылар туралы түсінік беру, олардың жасалу жолдарын меңгерту.
2.Тәрбиелік: оқушыларды табиғатты, қоршаған ортаны сүюге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың дауысты дыбыстардың түрлерін ажырата алу дағдыларын арттыру, ойлауы мен тілін, зейінін дамыту.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: баяндау, талдау сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
II.Үй тапсырмасын тексеру:
1. Дауысты дыбыстар, жуан, жіңішке дауыстылар туралы түсінік.
2. 104- беттегі тапсырмаларды орындау.
ІІІ Білім тексеру:
Өздік жұмыс.
Төмендегі берілген сөзге фонетикалық сатылай кешенді талдау жаса. Ұлыс
Үлгі: ана
Үш дыбыс, үш әріп
Екі дауысты(а,а), бір дауыссыз дыбыс бар(н)
А- жуан, ашық, езулік дауысты дыбыс.
Н – үнді дауыссыз дыбыс
А-на бір буынды сөз, а- ашық буын, на – ашық буын.
Ана тасымалданбайды.
Ана екпін соңғы а дыбысына түседі.
Үндестік заңы:
Буын үндестігі жоқ.
Дыбыс үндестігі бар.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Жақтың ашылу қалпына қарай дауысты дыбыстар ашық және қысаң болып екіге бөлінеді.
Жақтың кең ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды ашық дауыстылар дейміз. Олар: а,ә,о,ө,е,э.
Жақтың тар ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды қысаң дауыстылар дейміз. Олар: ы,і,и,у,ү,ұ.
VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
Шығармашылық диктант
Төмендегі сөздерді қатстырып, сөйлем құрап жазыңдар.
Мұндай, тұқым, үлкен, күрес.
Бұлбұл, мазмұн, мағлумат.
Бүрсігүні, Бибігүл, аққұтан.
Жұлдыз, ұшқыш, күндіз.
VІІ. Жаңа сабақты бекіту.
1.Оқулықпен жұмыс
244 –жаттығу
Мәтінді көшіріп, ашық дауыстылардың астын сызыңдар.
245 –жаттығу
Мына жұмбақтардың шешуі қай дыбыс? Дауыстылардың қайсысына жатады?
–жаттығу
Мәтіннен ашық дауысты дыбыстарды бір бөлек, қысаң дауысты дыбыстарды бір бөлек теріп жазыңдар.
VІІІ. Сабақты бекіту:
Бағалау
Үйге тапсырма беру:
Достарыңызбен бөлісу: |