Үнді дауыссыздар
Үнді дауыссыздар деп аздап үні бар фонемаларды айтады. Аздап үні бар деген сөз үнді дауыссыздардың дауысты дыбыстарға жататындығын көрсетеді. Сондықтан да үнді дауыссыздар дауысты дыбыстарға жақын дыбыстар. Осы дыбыстарға жеке-жеке талдау жасайық. Үнді дауыссыздарға р фонемасы кіреді. Р фонемасы тіл ұшы альвеоляр анық тиіп, фонациялық ауа өте қарқынды шығу арқылы жасалады. Сөз ортасында р фонемасы бір рет дірілдейді де, ол сөз аясында 2 рет дірілдейді. Сондықтан да бұл фонеманы вибрациялық (діріл) дыбыс деп атайды. Р фонемасы сөз басында, ортасында, аяғында кездесе береді. Мысалы: рахмет, Жарас, қарар. Сондай-ақ рас, рахмет, рай, рет, рұқсат сөздерінін алдында ы, і және ұ дыбыстары селбесіп айтылады. Мысалы: рахмет-ырахмет, рас-ырас т.б. яғни өзге тілден ауысқан сөздердің р-дан басталуы тиісті сөздерінің алдынан ы немесе і дыбыстары қосылып, протеза жасалып отырады. Ал, орыс тілі арқылы енген сөздерге р фонемасы сол күйінде айтылып, жазылады Мысалы: ракета - ракета т.б.
Үнді дауыссыздар л фонемасы да кіреді.
Л фонемасын айтқанда тіл ұшы альвеольярға бір тегіс, кесе көлденеңдеп тиеді. Осы дыбысты айтқанда имплозия басым болуы себепті фонациялық ауа тілдің екі жағын ала шырады. Сондықтан да л фонемасын олтераль (бүйір) фонемасы деп жүргізеді. Қазақ тілінде бұл фонеманың көп ұшырайтын жері сөз ортасы мен сөз аяғы. Ал, сөз басында сирек кездеседі. Мысалы: лас, лай, лақ, лашын, сала т.б.
Л фонемасы септік жалғауларында кездеседі. Мысалы: ілік септік: бұның, соның;барыс септік: бұрын, соны; табыс септік: бұны, соны; жатыс септік: бұнда, сонда. Сондай-ақ бұл сілтеу есімдіктері жоғарыда айтқандай түрліше септеледі екен. Л фонемасы анықталып сөз алдында да кездеседі. Мысалы: ол - кісі, бұл - кісі, сол - кісі. Ал, ауызекі тілде кей уақыт, ол, бол сияқты етістіктердің соңғы л дыбысы түсіріліп қалып, алсайшы, болсайшы деудің орнына асайшы, босайшы деп л түсіп қалып айтылады.
Үнді фонемаға й дыбыс да кіреді. й фонемасы тіл алды алғы таңдайға жүйткуінен пайда болады. Бұл фонеманы айтқанда екі дыбыстау мүшеміз өзге дауыссыздардай бір-біріне жуысып та, жабысып айтылмайды.
Қазақ тілінде й фонемасы үнемі дауысты дыбыстан кейін келеді. Сондықтан да сөз аяғында кездеседі. Мысалы: той, сай, бай, қой. Сөз ортасында сый және тый сөздерінен өрбіген тыйым, сыйым сөздерде ғана ұшырайды. Түркі тілдерінін қазақ тілінен айырмашылығы сөз басындағы й үнемі ж-ға айналып отырады. Йаман - жаман, йук - жоқ. Сондай-ақ й фонемасы түбір сөзде де, туынды сөзде де келе береді. Мысалы: ай, әй, ой, өй сияқы дыбыс комплексі қазақ тілінде заңды қағида болып келеді. Й фонемасы дауысты дыбыстың алдынан келсе көрінген дауыстымен көрші тұра алмайды.
Йа, йе тәрізді комплекстер тілімізде жиі ұшырайды. Мысалы: таяқ, саяқ, дайын, дейін. Сондай-ақ ұй, үй комплексі тым сирек ұшырайды. Мысалы: абрұйыр, әбүйір т.б.
Үнді фонемаларға у дыбысы да кіреді. У фонемасы интервокаль позицияда және ашық дауыстыдан кейін де, бұрын да тұрып, таза үнді болады. Бұл үнді у фонемасы екі еріннің азын-аулақ дөңгелене келіп, сүйірленуінен пайда болады. Сондықтан бұл фонема ерін үнділеріне кіреді.
У фонемасының негізінен мынадай ерекшеліктері бар. Ол төмендегідей позицияда келгенде дауыссыз, үнді фонемаға айналады:
1.У фонемасы дауыстының алдында тұрғанда үндіге айналады. Мысалы: уақыт, уәде, уәзір т.б.
2.У дыбысы екі дауыстының ортасында келгенде үндіге айналады. Мысалы: жауап, сауап, қауіп т.б.
3.У дыбысы дауыстыдан кейін келгенде үндіге айналады. Мысалы: тау, бау, сау, жеу т.б.
У фонемасы сөз басында, ортасында және соңында келе береді. Осы у фонемасын айтқанда фонациялық ауа ауыз қуысы арқылы шығады. Сондықтан у фонемасы және р, л, й дауыссыздары ауыз жолды үнділер деп аталады.
Үнді фонемаларға н фонемасы да жатады. Н фонемасы тіл ұшы альвеольярға тию арқылы жасалады. Бұл екі мүшенің бір-біріне нық тиюі арқылы фонациялық ауа мұрын қуысы бойынша өтеді. Сондықтан н дыбысын мұрын жолды үнді деп атайды. Қазақ тілінде н фонемасы сөз басында, ортасында және сөз аяғында кездесе береді. Мысалы: нан, наз, намыс, Анар, Жанар т.б.
Н фонемасы ілік септікте кездеседі. Және табыс, шығыс, көмектес септіктерінде де кездеседі. Мысалы: баланың, баланы, баладан, баламен, күннен, іннен т.б.
Үнді фонемалардың тағы бір түрі М дыбысы. М фонемасын айтқанда екі ерін бір-біріне нық тиіп, жымдасады. Фонациялық ауа мұрыннан шығады. Сондықтан бұл фонеманы мұрын жолды үнді дейді. Бұл фонема да қазақ сөздерінің барлық жерлерінде басында, ортасында, соңында кездесе береді. Мысалы: мұрын, мол, намыс т.б. М фонемасы жұрнақтарда да, шылау сөздерде де, жалғауларда да кездесе береді. Мысалы: тәуелдік жалғауы: балам, үнім, күнім т.б.
Жіктік жалғауы: баламын, адаммын т.б.
Көмектес септікте: баламен, қармен, адаммен т.б.
Үнді фонемалардың соңғысы Ң дыбысы. Ң дыбысы тіл арты таңдайға нық тиюі арқылы жасалады. Кішкене тіл төмен түсіп, ауыз жолын кептеп тұрғандықтан фонациялық ауа мұрыннан шығады. Сондықтан мұрын жолды дейді. Ң фонемасы сөз іші мен сөз соңында ғана кездеседі. Мысалы: маңай, маңдай, аңқай т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |