Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби


Грамматика және оның салалары, негізгі грамматикалық ұғымдар



бет72/190
Дата06.02.2022
өлшемі5,51 Mb.
#28486
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   190
Грамматика және оның салалары, негізгі грамматикалық ұғымдар


Грамматика - грек тілінің gramm (жазу, жазу өнері) деген сөзі. Қазір грамматика - лингвистиканың негізгі терминінің бірі, тілдің грамматикалық құрылысын зерттейтін дербес саласы. Бір тілдегі грамматикалық мағына мен сол мағынаның берілу амал-тәсілдері - сол тілдің грамматикалық құрылысы деп те аталады. Ал ондай амал-тәсілдер тілдегі жеке-жеке сөздердің басын қосып біріктіріп, бір-бірімен байланыстырады. Соның нәтижесінде айтылмақшы ой-пікір мағыналы сипатқа ие болады. Екінші сөзбен айтсақ, тіл атаулының негізгі коммуникативтік функциясы, яғни тілдің қарым-қатынас, пікір алысу, адамдардың бір-бірімен өзара түсінісу құралы болу қызметі, сол тілдің грамматикалық құрылысы арқылы атқарылады. Бұдан шығатын қорытынды: грамматика - тілдің негізгі функциясын, қарым-қатынас құралы болу функциясын, жүзеге асыру жолдары мен амал-тәсілдері туралы ілім.
Грамматиканың негізгі объектісі - тілдің сөзжасамдық, морфологиялық және синтаксистік жүйесі; оның ішінде грамматикалық форма, грамматикалық мағына, грамматикалық категория, бір тілдегі грамматикалық формалардың көріну амалдары мен сол арқылы айтылмақшы мағыналардың берілу тәсілдері, олардың байланысу, тіркесу жолдары мен типтері. Осыған орай грамматика үлкен-үлкен 3 салаға бөлінеді: сөзжасам, морфология, синтаксис.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет