Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби


?! Тақырыпты бекіту үшін сұрақтар мен тапсырмалар



бет75/190
Дата06.02.2022
өлшемі5,51 Mb.
#28486
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   190
?! Тақырыпты бекіту үшін сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Грамматика туралы түсінік.

  2. Грамматиканың салалары мен түрлері.

  3. Грамматикалық ұғымдар: грамматикалық мағына, форма, категория

  4. Грамматика жүйесінің зерттелуі жайлы сипаттама беріңдер.

Cөздің морфологиялық құрамы мен жасалу жолдары. Сөзжасам - тіл білімінің бір саласы.

Сөзжасамның тіл білімінің дербес саласы болып танылу оның өзіндік зерттеу нысаны болумен байланысты. Сөзжасам тілдің сөзжасам жүйесін, сөзжасамдық бірліктерді, сөзжасам заңдылықтарын, сөзжасамның амал-тәсілдерін, сөздердің жасалу жолдарын, сөзжасам арқылы жасалған туынды сөздерді, олардың түрлерін, сөзжасамдық үлгілері, сөзжасамдық мағынаны, әр сөз табының сөзжасамын т.б. болып жатқан толып жатқан сөзжасамға қатысты мәселерді зерттейді яғни тілдің сөзжасам жүйесін зерттейді. Тілдің сөзжасам жүйесі қазақ тілінің сөздік қоры мен сөздік құрамы жаңа сөздер жасау арқылы толықтырылып отыратын негізгі тілдік құбылыс болғандықтан, тілде оны іске қосып отыратын сөзжасамдық заңдылықтар, әдіс-тәсілдер көне замандардан бері қолданылып, дамып, іріктеліп, түрлі өзгерістерді басынан өткізіп, қазіргі қалыпқа түсіп, әбден қалыптасқан. Сондықтан тілде жаңа сөз кездейсоқ, қалай болса солай жасала бермейді. Ол тілде қалыптасқан заңдар арқылы жүзеге асады. Сөзжасам пәні студенттерді осы заңдылықтармен таныстырады, ол туралы нақтылы ғылыми деректер береді.


Сөзжасамды тіл білімінің жеке, дербес саласы деп тану мәселесі басталғанына бірсыпыра уақыт болды. Сөзжасамды жеке сала деп тануды орыс тіл білімінде алғаш ұсынған акад. В.В. Виноградов болды. В.В. Виноградов бұл пікірді 1950 жылдары ұсынған болатын. Содан бері ғалымдар бұл пікірді дәлелдей, дамыта келе 1970 жылы шыққан “Русская грамматика” кітабында оны жеке сала ретінде беріп, сөзжасам тіл білімінің жеке саласы деген пікірін жария етті. 1980 жылы шыққан “Русская грамматикада” сөзжасам жеке сала ретінде беріліп, бұл мәселенің түпкілікті шешілгенін дәлелдейді.
Сөзжасамның тіл білімінің жеке саласы болып танылуы – ұзақ уақыт бойы ғалымдардың пікір-таласының нәтижесі. Ресейде сөзжасам мәселесін зерттеп, ол туралы дәлелді пікір айтқан сөзжасамның өзіндік зерттеу нысанасы барын, оның тіл білімінің басқа салаларынан ерекшелігін ашқан, басқа салаларымен байланысын да көрсете білген ғалымдар болды. Олардан Г.О. Винокур, Е. С. Кубряков, Е.А. Земская, Н.Д. Арутюнова, А.Н. Тихонов, И.С. Улухановтарды айтуға болады.
Сөзжасамды тіл білімінің жеке саласы деп тану мәселесі шетел ғалымдарының зерттеуінде де дәлелденді. Оған 1978 жылы Вена қаласында өткен лингвистердің дүниежүзілік ғылыми конгресі дәлел болды. Бұл конгресте сөзжасам мәселесі тұңғыш рет күн тәртібіне қойылып, оған арнайы секция бөлінген. Конгресте тіл біліміндегі сөзжасам мәселесіндегі олқылықты жою мақсаты көзделіп, сөзжасам мәселесін зерттеуді күшейту мәселесі алға қойылды. Ғылымдағы бұл бетбұрыстан түркі тілдерінің ғалымдары да тыс қалмады. Татар тілінің маманы Ф.А.Ганиев өзінің сөзжасамның мәселесіне арналған докторлық диссертациясында “Сөзжасам-татар тіл білімінің бір саласы”деген тақырып бөлініп, онда осы мәселені жан-жақты дәлелдеген.
Сөзжасам мәселесі туралы ғалымдар зерттеулері, түрлі пікірлері мен ұсыныстары қазақ тілі ғалымдарына да әсер етті, қозғау салды, осы мәселені зерттеуге игі ықпал жасады. 1984-1988 жылдары академияның тіл білімі институтының грамматика бөлімінің қызметкерлері сөзжасам мәселесін арнайы зерттеді. Зерттеудің нәтижесі 1989 жылы “Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы” деген атпен монография болып шықты. Бұл сөзжасам мәселесін жаңа тұрғыдан зерттеген зерттеудің нәтижесі болды. Ғалымдардың соңғы жетістігіне негізделе отырып жазылған ғылыми көлемді монография еді. Монографияны Тіл білімі инситутының ғылыми қызметкерлері жазды. Олар: М.Балақаев, А.Қалыбаева, Қ.Есенов, Н.Оралбаева, Е.Жанпейісов, С.Нұрқатов. Монография екі бөлімнен тұрады: 1) сөзжасамның жалпы мәселелері, 2) сөз таптарының сөзжасамы.
Сөзжасамның тіл білімінің жеке саласы болып танылуы оның тіл білімінің басқа салаларымен байланысын жоққа шығармайды. Өйткені тіл білімінің барлық салалары бір-бірімен байланысты, себебі олардың бәрі тілді зерттейді, сондықтан оларда байланыс болмауы мүмкін емес.
Тіл білімінің салаларының ішінен сөзжасамның морфологиямен байланысы ертеден-ақ назарға іліккен. Сондықтан да сөзжасам соңғы кезге дейін көп тілде морфологияның құрамында қаралып келеді.Бұл екі саланың байланысты болатын себебі екеуі де сөздің ең кішкене бөлшегі морфемамен байланысты. Тіл білімінің сөзжасам саласы да, морфология саласы да морфеманы зерттейді. Бірақ сөзжасам жаңа сөз жасаушы морфемаларды зерттейді де, морфология грамматикалық тұлғаларды (формаларды) яғни сөз түрлендіруші қосымшаларды зерттейді.
Сөзжасам мен синтаксистің байланысы да тілде белгілі орын алады. Сөзжасамның синтаксистік тәсіл арқылы жасалған күрделі сөздері өзінің шығу тегі жағынан сөз тіркестеріне барып тіркелетіні жалпы тіл білімінде әбден танылған, даусыз мәселе деп саналады. Сөз тіркесі сөзжасамдағы күрделі сөзде өз ізін қалдырып отырған. Күрделі сөздердің құрылысында, сыңарларының бір-бірімен байланысуында сөз тіркесінің ізі анық көрінеді. Бұл олардың ұқсастығын туғызып, оларды ажыратуда қиындық келтіреді. Өйткені көп жағдайда олардың жасалу үлгілері ұқсас. Бұл күрделі сөздердің түп негізі сөз тіркесі екеніне байланысты.
Сөзжасам нәтижесінде жасалған туынды сөздер сөздік қорға қосылып, тілдегі басқа сөздер сияқты лексикологияның зерттеу нысанасына түседі. Бұл арада туынды сөздер сөзжасам мен лексикологияның байланысын туғызады. Бірақ сөзжасам мен лексикология сөзді әр тұрғыдан зерттейді. Лексикология тілде бар сөздердің мағыналық ерекшелігін, шығу арнасын т.б. құбылыстарын зерттейді. Сөзжасам болса туынды сөздердің жасалу заңдарын зерттейді.
Қосымшалардың дыбыстық варианттары фонетикалық заңдылық негізінде қалыптасқан. Оны морфонология саласы зерттейді. Сонымен бұл арада сөзжасам өзінің жұрнақтарының вариантта қолданылуы арқылы тілдің фонетика, морфология салаларымен байланысатыны анықталды.
Қазақ тілі бай тілдердің біріне жатады. Тілдің бай лексикасы үнемі толығып, дамып отырған. Тілдің лексикасының үздіксіз дамуы қоғамның дамуымен тығыз байланысты. Қоғамның дамуы, адам санасының өсуіне байланысты өмірде жаңа заттар мен ұғымдар пайда болады да, оларды атау қажеттілігі туады. Осы қажеттілікті өтеу үшін сөзжасам арқылы жаңа сөздер жасалады. Ол жаңа сөздер тілді байытады, сондықтан тілдің сөздік құрамының баюында негізгі қызметті қазақ тілінің сөзжасам жүйесі атқарады, өйткені қазақ тілінің қалыптасқан сөзжасам жүйесі бар, ол тілде жаңа сөздер жасауды қамтамасыз етеді.
Қорыта келгенде, тілдің сөзжасам жүйесі көне замандардан бері қарай үнемі дамып, күрделеніп, қазір әбден қалыптасқан, бірақ ол даму тоқталады деген сөз емес. Тілдің сөзжасам жүйесі бірден өзгеріп кетпейтін құбылыс болғандықтан, оны біршама тұрақты деп санағанмен, ондағы болып отырған үздіксіз даму, сандық өзгеріс ретіндегі жылдамдық оның әр саласының қызметі әр дәуірде құбылып тұратын жоғарыда анық байқалды. Ұзақ уақыт ішінде өзгерістен өтіп, әбден қалыптасқан қазақ тілінің сөзжасамдық жүйесі бар, ол өмірде пайда болған барлық жаңа заттарды, жаңа құбылыстарды, жаңа ұғымдарды атауды қамтамасыз етеді, сол үшін қызмет етеді.
Тілде жаңа сөз жасаудың тілдің сөзжасам жүйесінде қалыптасқан өзіндік жолы, заңдылығы бар. Тілде жаңа сөздер көне замандардан бері қалыптасқан заңдылықтар бойынша, яғни сөзжасамдық тәсілдер бойынша жасалады.
Қазақ тілінің сөзжасам жүйесінде көне замандардан бері карай қолданылып әбден орнықкан, қалыптасқан негізгі тәсілдері мыналар:
1) синтетикалық тәсіл,
2) аналитикалық тәсіл,
3) лексика-семантикалық тәсіл.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет