Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби



бет83/190
Дата06.02.2022
өлшемі5,51 Mb.
#28486
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   190
Қазіргі тілде қос сөздердің кейде бір сыңары, кейде екі сыңары мағынасыз сөз болып келеді. Бұл тілдің қазіргі даму сатысына байланысты, ол жағдай қос сөздердің жасалған кезіне қатысты емес, олардың бәрі алғаш мағыналы сөзден жасалған. Кейін бір сыңары, кейде екі сыңары да тілдік дамудың нәтижесінде лексикалық мағынасы солғындап, не мағынасынан мүлдем айрылып, қазіргі дәрежегеге жеткен, оған сөздің дыбыстық өзгеріске ұшырауы да қосылған. Мұндай қос сөздерге төмендегі мысалдарды келтіруге болады: бала-шаға, жора-жолдас, жүдеу-жадау, жылау-сықтау, әуре-сарсаң, шөп-шалам, ың-жың, арық-тұрақ, некен-саяқ, тырым-тырақай, ұйпа-тұйпа, ту-талақай, әңкі-тәңкі,
5. Қос сөздердің жасалуында тағы бір зандылық бар. Ол - қос сөздердің сыңарларының буын санының үндесіп келуі. Тілдегі қос сөздердің 80-90 пайызы буын саны жағынан тең буынды сөздердең сыңарлардан тұрады. Мысалы, ән-күй, дәм-түз, ың-жың, көш-қон ата-ана, әке-шеше, үлкен-кіші, ыдыс-аяқ, аға-іні, борыш-карыш өрен-жараң, жігіт-желең, егіл-тегіл, өнер-білім, кәкір-шүкір ұзынды-қысқалы, кіресілі-шығасылы т.б. Бұл мысалда бір буыңды екі буынды, үш буынды, төрт буынды сөздерден жасалған қос сөздер берілді. Тілде екі буынды сыңарлардан жасалган қос сөздер ете көп, қалғандары аздап қана кездеседі. Әсіресе, 3-4 буынды сөздердең жасалған қос сөздер өте аз.
6. Буын саны тең сыңарлардан қос сөздің жасалуы олардың айтылуы үнемділігін көздеуден туған. Өйткені қос сөздердің басым көпшілігінде буын үндестігі яғни сингормонизм сақталады. Мысалы, ақыл-айла, сауыт-сайман, ауру-сырқау, жауын-шашын, қырып-жонып, азан-қазан, жатса-тұрса, ағал-жағал, азып-тозу, айла-амал, алай-бұлай, алал-қапас, алба-далба, алда-жалда, әрлі-берлі, бүгін-ертең, елтең-селтең, жеңіл-желпі, ине-жіп, кейіп-кескін, келіп-кетер, көйлек-көншек, көріп-білу, күйініш-сүйініш, күйіп-пісу, күдік-күмән, немере-шөбере, іркес-тіржес т.б.
Алайда қос сөздердің жасалуындағы бұл заңдылықтарда қайшылықтар жоқ емес, бірақ олар негізгі заңдылықтарға карағанда, әлдеқайда аз. Қос сөздердің сыңарларының буын саны тең болмайтындары да бар. Олардың іштей ерекшеліктері бар: 1) Таза мағыналық байланыстан туған сыңарлардың буын санының теңсіздігі: қыз-келіншек, ат-шапан, бау-бақша, ар-ұждан, ар-ұят, бек-сұлтан, бай-патша, бес-алты, есік-терезе, жай-жағдай, жиын-той, той-думан, жөн-жоба, жын-пері, кір-қожалақ, кайғы-қасірет, қайғы-зар, қарым-катынас, қас-қабақ т.б. Мұндай қос сөздер сыңарларының мағына байланысының күштілігі негізінде жасалған. 2) Қос сөздердің бір сыңарының қосымшамен келуі арқылы сыңарларының буын саны теңдігінен айрылады. Мысалы, бетпе-бет, қолма-қол, ауызба-ауыз, өз-өзінен, бірден-бір, үй-үйден, бостан-бос, он-ондап, бес-бестен т.б.
7. Қос сөздердің екі сыңары да не бірыңғай жуан сөздерден, не бірыңғай жіңішке сөздерден жасалады. Мысалы, сауыт-сайман, ақыл-ой, ата-ана, көрген-білген, тәлім-тәрбие, өнеге-үлгі, үлкен-кіші, уайым-кайғы, өнер-білім, жаман-жаксы т.б. Осы заңдылықтың біраз жағдайда бұзылатыны -. бар құбылыс. Мысалы, азық-түлік, үсті-басы, карғап-сілеп, сүріне-жығьша, іші-сырты, ойнап-күліп, алты-жеті, сексен-тоқсан, буып-түйіп, жүн-жұқа, жөн-жоба, ойын-күлкі, қыз-келіншек, көшіп -қонып, дәм-түз, көш-қон, ұрыс-керіс, ерсілі-қарсылы, өштік-қастык, үздік-создык, ауыр-жеңіл, жоғары-төмен, оқта-текте, сатыр-гүтір, жүдеу-жамау, жаман-жәутік, көрші-қолаң т.б.
Қос сөздердің сыңарлары буын үндестігіне бағынбай, жуан, жіңішке сөздердің аралас келуі арқылы жасалуы мағынаға тікелей байланысты. Қос сөздердің бұл түрлерінің бәрінде олардың сыңарларының мағына байланысы өте күшті. Мұндай қос сөздер мағыналық байланыс негізінде жасалған. Сөйтіп қос сөздердің сыңарларының мағынасы жақын, мағынасы байланысты сөздерден жасалатынын тағы да өзі дәлелдеп, көрсетті.
Қос сөздер тілде екі түрлі тәсіл арқылы жасалады: 1) екі түрлі сөздін. қосарлануы арқылы, 2) бір сөздің қайталануы арқылы жасалады. Осымен байланысты қос сөздерді қазақ тіл білімінде екі түрге бөлу калыптаскан: 1) қосарлама қос сөздер, 2) қайталама қос сөздер. Қос сөздерді осылай жіктеу, топтауды ғылымға кіргізген А.Ыскақов. Қос сөздердің бұл түрлері ғылымда танытған және ол қалыптасқан.
Қосарлама қос сөздер тілде өте көп, олар мағынасы жақын екі сөзден жасалып, біртұтас лексикалық мағына береді. Мысалы, аяқ-табақ ыдыс деген мағынаны білдірсе, ине-жіп іс тігуге қажет заттардың жалпы аты, туған-туысқан деген қос сөз туыс деген мағынаны білдіреді, шай-кант-шай ішуге керек заттардың аты, қой-ешкі-ұсақ малдың аты, қыз-келіншек-әйел текті жастардың жалпы аты, өрік-мейіз-шайда қолданлатын жеміс атаулының жалпы аты.
Қосарлама қос сөздердің мағынасында жинақтау, жалпылау мән болады. Мысалы, апа-қарындас-әйел туыстың жалпы аты, ол сіңіліні де, апаны да, қарындасты да бәрін қамтиды, қару-жарақ деген құруға жататын құралдардың (мылтық, қылыш, найза т.б.) бәрінің ортақ, жиынтық аты, көрпе-жастық-төсекте қолданылатын заттардың бәрінің аты. Бұл қосарлама қос сөздердің бәріне тән жалпы қасиет.
Қосарлама қос сөздердің сыңарлары екі түрлі сөз болғанымен, олар міндетті түрде бір сөз табына жататын сөздерден болады. Мысалы, аға-іні, көйлек-көншек, бас-аяқ, аяк-кол, өнер-білім, ән-күй зат есімдерден жасалған, қызыл-жасьш, ақ-қара, қызылды-жасылды, үлкенді-кішілі, аумалы-төкпелі сын есімдерден, үш-төрт, бес-алты, қырық-отыз, елу-алпыс сан есімдерден, әне-міне, анау-мынау есімдіктерден, келіп-кетіп, көрген-білген, алу-беру, келген-кеткен, алып-беріп етістіктерден, бүгін-ертең, жоғары-төмен, аңда-санда, окта-текте, ерте-кеш үстеулерден, тарс-тұрс, бұрқ-сарқ, жалт-жұлт, шақыр-шұқыр, сатыр-сұтыр еліктеуіш сөздерден, ах-ух, уһ-оһ одағай сөздерден жасалған.
Келтірілген қос сөздердің екі сыңарлары да бір сөз табынан жасалумен бірге, сол сөз табының аясында қалған. Сонымен бірге осы мысалдар қосарлама қос сөздердің барлық сөз табында бар тілдік құбылыс екенін дәлелдейді. Барлық сөз табының құрамынан орын алатын, барлық сөз табына кдтысты қосарлама қос сөздер тілдің сөздік қорынан да үлкен орьш алады, бірақ олар сөздіктерде қазір толық қамтылмай жүр.
Қайталама қос сөздер де тілге кең тараған, жиі қолданылатын сөздер тобына жатады. Кайталама қос сөз бір сөздің екі рет қайталануы арқылы жасалады. Мысалы, елең-елең, тарс-тарс, қора-қора, қалш-қалш, келе-келе, айтып-айтып, сөйлеп-сөйлеп т.б.
Тілде қайталама кос сөздер түрлі құрамда кездеседі: 1) түбір қалпында қосымшасыз қайталану: тау-тау, өркеш-өркеш, жол-жол мая-мая, үйір-үйір, құшак-құшақ; 2) бір сыңары қосымшасыз, бір сыңары қосымшалы кайталама қос сөздер: өз-өзінен, бетпе-бет, кімде-кім, қолма-қол; 3) екі сыңары да қосымшалы: біріңе-бірің өзіңнен-өзің, қолдан-қолға, ұйден-үйге т.б.
Түбір сөздің ешбір қосымшасыз қайталануы арқылы жасалған кайталама қос сөздер тілде көп қолданылады. Мысалы, тау-тау үйілген бидай, қора-қора малы бар, өркеш-өркеш таулар, құшақ-құшақ бумалар, мая-мая шөп т.б. Осы қос сөздердің ешқайсысы түбір сөздің дара қолданысындағы мағынаны білдіріп тұрған жоқ, бұларда тау, қора, өркеш, күшақ мағыналары мүлдем жоқ. Осы сөздерден жасалған кайталама қос сөздердің бәрі олармен тіркескен, бидай, мал, тау зат есімдерінің көлемін, аумағын білдіріп тұр. Бұл осы қайталама қос сөздердің сыңарларының негізгі мағынасынан басқа мағынаға көшкенін білдіреді. Осы жағдай мұндай қос сөздердің сөзжасам үрдісінің нәтижесінде басқа мағынаға көшкенін білдіреді.
Кайталама қос сөздердің екінші сыңары белгілі бір дыбыстық өзгеріспен қолдану да тілде жиі кездеседі. Мысалы, шай-пай, ет-мет, сүт-мүт, ешкі-мешкі т.б. Бұл қолданыс та мағынаға әсер етеді. Мысалы, шай ішейік, ет жейік, сүт бер, ешкі ал деген мен шай-пай ішейік, ет-мет жейік, сүт-мүт бер, ешкі-мешкі ал дегендердің мәні бір емес, соңғыларда нағыз шай, ет, сүт, ешкі мәні сақталып тұрған жоқ, осылар сияқты бірдеме деген эмоционалдық мән косылған. Анық айтсақ, бұларда да мағыналық өзгеріс бар.
Бір сыңары қосымшасыз, бір сыңары қосымшалы кайталама қос сөздер тілде екі түрлі: 1) бірінші сыңары қосымшалы, екінші сыңары қосымшасыз қайталама қос сөздер; 2) бірінші сыңары қосымшасыз, екінші сыңары қосымшалы қайталама қос сөздер; 3) екі сыңары да қосымшалы қос сөздер.
Бірінші сыңары косымшалы, екінші сыңары косымшасыз қайталама қос сөздер мыналар: бетпе-бет, қолма-қол, жүзбе-жүз, көзбе-көз, ауызба-ауыз, бостан-бос.
Қайталама қос сөздердің бірінші сыңарына -ма/-ме қосымшасы қосылу арқылы қос свздің жасалуы әбден қалыптаскан тәсілге айналған. Бұл тәсіл арқылы қимыл-әрекеттің екі субъектінін тікелей қатысуы арқылы жасалғаны білдіріледі. Зат есімнен осы тәсіл арқылы жасалған кайталама қос сөздердің мағынасы өзгеріп, үстеуге айналады. Мысалы, көзбе-көз сөйлесті, қолма-қол тапсырды, жүзбе-жүз кездесті, ауызба-ауыз пікірлесті т.б. Бұлардың бәрі де кайталама қос сөз қимылдың калай жасалғанын білдіріп тұр.
Кайталама қос сөздердің бірінші сыңары қосымшасыз, екінші сыңары қосымшалы түріне бес-бестен, он-оннан, он-ондап, бес-бестеп, үй-үйге, үй-үйден сияқты мысалдар жатады. Бұлардың ішіндегі сан есім қос сөздер есептік саннан топтау санына көшкен, бұл осы қос сөздерде мағыналық өзгеріс болғанын білдіреді. Ал зат есімнен болған қайталама қос сөздердің мағынасы езгеріссіз калмаған онда әр үй деген мән бар.
Екі сыңары да қосымшалы кайталама қос сөздер тілде көп емес. Олар: қодды-қолына, өзді-өзіне, үйден-үйге, баладан-балаға т. б. Бұл қос сөздерде де мағыналык өзгеріс бар. Мысалы, өзді-өзінен сөйлеп отыр, қодды-қолына таратты, үйден-үйге жүгірді. Осылардың мағынасын мына қолданыспен салыстыруға болады: өзінше сөйлеп отыр, әр кімнің қолына таратты, әр үйге жүгірді. Бұл мағына қос сөздің жеке сыңарының мағынасымен тең емес, олай болса, сөз мағынасында өзгеріс бар. Сондықтан бұларды да сөзжасам нәтижесі деп қарау қажет.
Күшейтпелі буынды сын есімнен жасалған қос сөздер де қайталама қос сөздерге жатады, бірақ олар сөзжасам нысанасына жатпайды. Күшейтпелі буынды сын есім қос сөздер сын есімнің шырай категориясына жатады, шырайдың бір түрін жасайды, оның мағынасын білдіреді. Атап айтқанда, олар шырай категориясының грамматикалық мағынасьш білдіретін сөз түлғаларға жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет