Қосарланған күрделі сөздер
Қос сөз деп екі сыңардан тұратын, сыңарлары бір сөздін қайталануынан немесе бір тектес синоним я антоним сөздерден жасалып, бір ырғақпен тұтаса айтылатын сөздер аталады. Мысалы, ойын-сауық, ине-жіп, ыдыс-аяқ, құрал-сайман, қыз-келіншек, жақсы-жаман, ұзынды-қысқалы, үлкен-кіші, ата-ана, әке-шеше, он-он бес, жиырма-отыз, қырық-елу, кеше-бүгін, жоғары-төмен, қызыл-жасьш, кімде-кім, келіп-кетіп, көріп-біліп, айтыс-тартыс т.б.
Қос сөздер тілдің аналитикалық тәсілінің қосарлама тәсіл арқылы жасалады. Қос сөздер - түркі туыстас тілдердің бәрінде бар тілдік құбылыс. Қос сөздер ең көне орхон жазба ескерткіштерден тілінде де болған. Сондықтан ғылымда әбден танылған, сөздіктерде өзіндік орны бар тілдік кұбылысқа жатады.
Тілде қос сөздердің жасалуының өзіндік әбден қалыптасқан заңдылықгары бар: 1. Қос сөздердің екі сыңары да бір сөз табының сөзінен болады. Мысалы, қыз-келіншек, көрпе-жастық, қауып-катер, карым-қатынас, тамыр-таныс, жауын-шашын деген қос сөздердің екі сыңары да зат есімдерден жасалған. Ал үлкен-кіші, қызылды-жасылы, үлкенді-кішілі, жақсы-жаман, кәрі-жас деген қос сөздер сын есім сөздерден жасалған. Сол сияқты алпыс-жетпіс, бес-алты, жеті-сегіз, он бес-он алты, сексен-тоқсан кос сездері сан есімдерден жасалған. Келіп-кетіп, алып-беріп, көре-көре, ішіп-жеп, карғап-сілеп, асыға-үсіге қос сөздер етістіктерден жасалған.
2. Қос сөздердің сыңарлары мағыналық жағынаң катысы, байланысы бар, не синоним, не антоним сөздерден болады. Ешбір мағыналық байланысы, бір-біріне ешбір қатысы жоқ сөздер бір-бірімен қосылып, қос сөз жасай алмайды. Міне, бұл қос сөздердің жасалуында қатты сақталатын зандылық. Ал осымен байланысты қос сөздердің сыңарлары көбіне мағыналас, синоним, антоним сөздерден болады. Мысалы, ыдыс-аяқ, ине-жіп, әке-шеше, аға-іні, аяқ-қол, өкпе-бауыр, етек-жең, сока-сайман, қазан-ошақ сияқты қос сөздер өмірде бір-бірімен байланысы бар заттардың атынан яғни мағыналық қатысы бар сөздерден жасалған. Осы сияқты қос сөздердің көбі құрал-сайман, шақұр-шұқыр, жалтаң-жұлтаң, карғап-сілеп, жүн-жұрқа, тамыр-таныс, кауіп-катер, уайым-қайғы, қырып-жойып, жөн-жоба, күш-қуат, сабыр-тағат, талан-тараж дегендердегі сияқты синоним сөздерден жасалған. Ал үлкен-кіші, жақсы-жаман, жоғары-төмен, ақ-кара, үлкенді-кішілі, жақсылы-жаманды сияқты қос сөздер антоним сөздерден жасалған.
Бұл келтірілген мысалдардың бәрі қазақ тілінде қос сөздердің жасалуы оның сыңарларының белгілі мағыналық қатыстағы сөздер болуын талап ететінін анық көрсетеді. Ол заңдылық ретінде калыптасқан.
3.Қос сөздердің сыңарлары бір сөздің қайталануынан жасалады. Мысалы, айта-айта, тау-тау, жақсы-жақсы, үлкен-үлкен, келе-келе, дір-дір, сарт-сарт, қора-қора, өзді-өзімен, бір-бірімен, бірдең-бірге т.б.
4.Қос сөздердің екі сыңары да мағыналы сөздерден жасалады. Мысалы, қырық-елу, алпыс-жетпіс, әке-шеше, жақсылы-жаманды, ыдыс-аяқ, туған-туысқан т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |