Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби



бет90/190
Дата06.02.2022
өлшемі5,51 Mb.
#28486
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   190
Көптік мәнді есімдер
Зат есімдердің семантикапық топтарының бірі-көптік мәнді есімдер. Тілімізде өзі арқылы аталатын заттың біреу емес, жиынын топтап я қамтып атайтын зат есімдер бар екендігі белгілі жайт. Мысалы, шұбат, адыраспан, өрік, күміс, қуаныш секілді зат есімдер көптік ұғымды білдіреді. Сондықтан, ғылымда «затты жеке-даралап атамай, оның жиынын жобамен атайтын зат есімдер көптік мәнді есімдер» деп аталады. Олай болса, көптік мән деген ұғым заттың санымен байланысты екенін көруге болады. Бірақ көптік мәнді есімдер заттың санын дәл атамайды, сол заттың саны көп екендігін байқатады, яғни бұндай есімдердің лексикалық мағынасының өзінде көптік мән бар, тек қана тұлғасы жекеге ұқсайды. Мысалы, шаш, дән, кітап деген зат есімдер арнайы грамматикалық көрсеткіші болмаса да, көптік мәнді білдіреді.
Проф. А.Ысқақов көптік мәнді есімдерді мынадай түрлерге бөледі:
1. Сұйық заттардың атаулары: айран, боза, шай т.б.
2. Газ тектес заттардың атаулары: азон, бу, түтін т.б.
3. Уақ, ұнтақ заттардың, ұйысқан заттар мен бытыранды, таранды, үгітінді заттардың атаулары: ұн, шаң, тозаң, бетегет.б.
4. Дерексіз ұғымдарды білдіретін заттардың атаулары: айла, алғыс, ақыл, дау т.б.
5. Өздігінен табиғи бөлшектенбейтін кесек заттардың атаулары: алтын, қола, құрыш т.б.
6.Жаратылыс құбылыстарының атаулары: боран, жаңбыр, қарт.б.
Осы топтарға жататын зат есімдердің барлығы да ешбір грамматикалық көрсеткішсіз семантикалық жағынан көптік ұғымды білдіретін сөздер. Сондықтан да бұл сөздер осындай семантикалық және грамматикалық ерекшеліктеріне қарай зат есімдердің жеке бір тобы ретінде, яғни көптік мәнді есімдер ретінде танылып жүр.
Кейбір жеке сөздердің мағынасының өзінде көптік ұғымның болуы көне жазба ескерткіштер тілінде де кездеседі. Мысалы, жылқы (жылқы), барым (мүлік, дүние) тәрізді сөздер қолданылуына қарай жекелік те, көптік те ұғым берген .
Сондай-ақ табиғи жұп болып келетін зат есімдер де (көз, құлақ, аяқ, қолғап, етік, сырға, кебіс, бәтеңке т.б.) көптік мәнді зат есімдер қатарына жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет