Зат есімнің грамматикалық категориялары
Грамматикалық категориялардың ішінде көптік, тәуелдік, септік категорияларының білдіретін мәндері заттық мағынамен байланысты болғандықтан, олардың көрсеткіштері өзі жалғанатын сөздерге заттық мән үстейтіндіктен, зат есімнің түрлену жүйесіне көптік, тәуелдік, септік категориялары жатады. Сонымен бірге зат есімнің кейбір топтары предикаттық қызметте атқаратындықтан, жіктік жалғау адамға байланысты есімдерге жалғанады. Демек, зат есім сөйлемде баяндауыш болғанда, жіктік жалғауын қабылдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |