Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби



бет79/190
Дата06.02.2022
өлшемі5,51 Mb.
#28486
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   190
Туынды түбір
Туынды түбір деп құрамы негіз сөз бен жұрнақтан тұратын сөздер аталады. Мысалы, үгітші, каламгер, әсемпаз, сәнқой, бәлеқор, ботақан, кұлыншақ, құнажын, бөлім, бөлме, ақта, майла т.б.
Туынды түбірге сөзжасамның синтетикалық тәсілі арқылы жасалған туынды сөздер ғана жатады. Сонда туынды түбір мен туынды сөз деген екі терминнің арасында үлкен айырма бар. Сондықтан бұл екі термин кейде орынсыз бірінің орнына бірі қолданылатынына қарамастан, олардың әркайсысың өз мәнінде қолдану керек.
Туынды түбір туынды сөздердің ішіндегі ең көп тараған түрі. Сөзжасамның синтетикалық тәсілі сөзжасамдық жұрнақгар арқылы туынды түбір сөздер жасап, тілді байытып отырады.
Туынды түбірдің құрамы негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақтан тұрады. Туынды түбірдің мағынасы негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақтың мағынасынан жасалады. Негіз сөздің лексикалық мағынасы жұрнақ қосылғаннан кейін туатын лексикалық мағынаға негіз болады, сондықтан туынды түбірдің мағынасы мен негіз сөздің мағынасы үнемі байланысты болады. Мысалы: өнер-лі, ақ-та, көйлек-шең, біт-ім, сыр-лас т.б. Бұларда өнерлі деген мағына өнер деген сөздің мағынасына негізделген. Сол сияқгы ақпа дегенге ак, көйлекшең дегенге көйлек, бітім дегенге біт, сырлас дегенге сыр сөзі негіз болған. Сондықтан өнерлі, ақпа, көйлекшең, бітім, сырлас деген туынды түбірлердің мағынасы оларға негіз болған өнер, ақ, көйлек, біт, сыр деген негіз сөздердің мағынасымен байланысты.
Туынды түбірлердің мағынасы оған негіз болған сөздің мағынасымен байланыста бола тұра, ол негіз сөздің мағынасынан белгілі дәрежеде өзгешелігі болуы керек. Кейде туынды сөздің мағынасы үлкен өзгеріске түссе, кейде ол мағыналық ерекшелік аз болуы да мүмкін. Мысалы, дәрігер, тәлімгер, зейнеткер дегендердің бәрі түрлі кәсіпті маманданған адамдарды бідіреді. Бұлардағы дәрі, тәлім, зейнет деген жансыз заттық ұғым атауларынан маманданған адам атауы жасалды. Олар сөз табын сақтағанымен, мағыналарында үлкен өзгеріс болды.
Ал жақсылық, жамандық, үлкендік деген туынды түбірлерде негіз сөздің сындық, белгі мағынасы туынды түбірде заттық ұғымға ауысты. Бірақ олардың мағынасында үлкен айырмашылық бар деу қиын.
Таулы, ақылды, өнерлі сиякты туынды түбірлерде сөз табы өзгерді, бірақ мағынадағы өзгеріс өте үлкен емес. Мысалға келтірілген туынды түбірлердің бәрінде негіз сөздің мағынасында өзгеріс болған, ол мағыналық өзгеріс әр топта әр түрлі. Бұдан шығатын қорытынды негіз сөзбен салыстырғанда, туынды түбірдің мағынасында кандай болса да, белгілі бір өзгеріс, мағыналық түрлену болады. Сондыктан да негіз сөз бен туынды түбірдің мағынасы бірдей бола алмайды. Олай болса, туынды түбірдің мағынасында өзгеріс болу туынды түбірдің белгілерінің бірі болып саналады, өйткені туыңды түбірде мағыналық өзгеріс болу міндетті.
Туынды түбір құрамы жағынан алғанда, екі морфемадан тұрады. Олар: негіз сөз және сөзжасамдық жұрнақ. Бұл екі морфема - туынды түбір үшін міндетті шарт. Негіз сөзден туынды түбірдің құрамы кашанда күрделі болады. Туынды түбірге негіз болған сөз кандай түбір болса да, одан жасалған туынды түбірдің бір морфемасы артық болады.
Туынды түбірлер тілдің қазіргі даму сатысына сай танылады. Сондыкган туынды түбірдің құрамындағы морфемалардың жігі анық көрініп тұрады. Мысалы, кедейлік<кедей+лік, қымызхана<қымыз+хана, көкте<көк+те, намысқор<намыс+қор, тапқыр<тап+қыр, тотық<тот+ық, тігін<тік+ін, үшкыш<үш+қыш, ұшақ<ұш+ақ. Келтірілген туынды түбірлердің бәрінде олардың құрамындағы морфемалардың жігі анық көрініп тұр.
Осы туыңды тубірлердің құрамындағы жұрнақгың әрқайсысы тілде бірнеше басқа туынды түбірлер жасаған. Олармен бұл туынды түбірлерді салыстыру арқылы жұрнактың тілдің сөзжасам жүйесінде бары аныкталады.
Бұл жағдай тарихи тұрғыдағы туынды түбірлерге катысты емес. Тарихи тұрғыдағы туынды түбірлердің құрамындағы морфемалардың жігі жойылған. Сондықтан олар қазіргі тілдің даму сатысында туынды түбір саналмайды. Мысалы, түркологтар жой-жоқ, той-тоқ, кел-кет сөздерін көне заманда туынды түбір болған сөздер деп дәлелдеген. Қазіргі тілдің даму сатысында бұл сөздер туынды түбірлер ретінде танылмайды, олар казір негізгі түбірлер саналады. Міне, сондыктан да туынды түбірлердің құрамындағы морфемалардың жігі сакталуы да олардың белгілеріне жатады.
Туынды түбірлер белгілі сөз таптарының құрамында болады. Мысалы, қолөнерші, жазушы, күресші, дорбашық, буыншақ, түйін, болжам деген туынды түбірлер зат есімге жатады. Өркениетті, білікті, әуесқой, өнерпаз, дүниекор, бағалы, киімшең деген туыңды түбірлер сын есімге жатады. Ал тазала, әңгімеле, қолда, жолық, ағар, қысқар, бағала деген туынды түбірлер етістік екені белгілі.
Туынды түбірлердің сөз таптарына қатысты болатын себебі әр сөз табының өзіне тән сөзжасамдық жұрнактары бар. Туынды түбір қай сөз табының жұрнағы арқылы жасалса, сол сөз табының туынды түбірі саналады. Әр сөз табының жұрнағы туынды түбірге өзі тәуелді сөз табының мағынасын косып, сол сөз табының сөзін жасайды. Сондықтан туынды түбір сөздің бәрі де белгілі бір сөз табының сөзі болып саналады. Осымен байланысты әр сөз табының сөзжасамы бар. Мысалы, зат есімнің сөзжасамы, сын есімнің сөзжасамы, етістіктің сөзжасамы т.б.
Қорыта келгенде туынды түбірлердің мынадай белгілері бар:
1) туынды түбір екі морфемалы сөз, олар: негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақ;
2) туынды түбірдің мағынасы оның құрамындағы негіз сөз бен сөзжасамдық жүрнактың мағынасынан жасалады;
3) туынды түбірдің құрамындағы негіз сөз бен туынды түбірдің мағынасы байланысты болады;
4) туынды түбір сөз белгілі бір сөз табына қатысты болады. Бұл белгілерге сүйеніп, туынды түбірлерді басқа тілдік бірліктерден ажыратуға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет