Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби



бет76/190
Дата06.02.2022
өлшемі5,51 Mb.
#28486
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   190
Сөзжасамның синтетикалық, тәсілі.
Қосымшалы тілдерде синтетикалық сөзжасамдық тәсіл туынды сөз жасауда негізгі тәсілдер тобына кіреді. Түркі тілдері, оның ішінде казақ тілі қосымшалы тілдер болғандықтан, сөзжасамның синтетикалық тәсілі тілімізде туынды сөз жасауда негізгі қызмет атқарады. Синтетикалық тәсіл арқылы туынды сөз жасауда екі тілдік бірлік қызмет атқарады: 1) лексикалық мағыналы сөз, 2) сөзжасамдық жұрнақ.
Синтетикалық тәсіл арқылы сөзжасамға қатысатын бұл тілдік бірліктердің әрқайсысының аткаратын өзіндік қызметі бар.
Туынды сөз жасауға қатысатын лексикалық бірлік туынды сөздің мағынасына арқау болады. Сондықтан да туынды сөз жасауға лексикалық мағыналы сөздер ғана қатысады. Мысалы, жүлдегер, ақта, ақылды, бәлеқор сияқты туынды сөздердің жаңа мағынасы жүлде, ак, ақыл, бәле сөздерінің негізінде жасалған, сондықтан олар негіз сөздер деп аталады. Осы негіз сөздердің мағынасы мен туынды жүлдегер, ақта, ақылды, бәлеқор сөздерінің мағынасы байланысты. Ол мағына байланыстылық негіз сөздің мағынасының туынды мағынаға арқау болғандығынан туып тұр. Сонымен туынды сөздің негіз сөзі болатын лексикалық бірліктер туынды мағына жасау үшін қажет.
Туынды сөз жасауға лексикалық мағынасы бар тілдік бірліктердің қатысуы міндетті шарттың бірі болып саналады. Ал оның тұлғасы мен құрамына ешбір шек қойылмайды, сондықтан туынды сөздің негіз сөзінің қызметін негізгі түбір сөз де, туынды түбір сөз де, біріккен сөз де, қысқарған сөз де атқара береді. Мысалы, көгер, түндік, айлық, ертең деген туынды сөздерге негізгі түбір сөз негіз болған. Ал егінші, өнімсіз, білімпаз, сәнқойлық; дегендерге егін, өнім, білім, сәнқой деген туынды түбірлер негіз болған. Сондай-ақ белбеусіз, колхоздас деген туындыларға біріккен сөз бен қысқарған сөз негіз болған. Осы туынды сөздердің бәрінде негіз сөз қызметін түрлі құрамды, түрлі тұлғалы сөздер атқарған. Бірақ олардың бәрі де - лексикалық мағыналы сөздер яғни туынды сөздерге лексикалық мағыналы сөздер негіз болған, өйткені лексикалық, мағыналы сөзсіз синтетикалық тәсіл арқылы туынды сөз жасалмайды. Сондықтан синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туынды түбірлердің мағынасы оның құрамындағы негіз сөзге байланысты болады. Негіз сөз яғни негізгі морфеманың мағынасы туынды түбірдің мағынасына арқау болатындықтан, оның мағынасы мен туынды лексикалық мағына байланысты болады. Бұл тек туынды түбірлерге, синтетикалық тәсілге ғана қатысты мәселе емес, ол-жалпы сөзжасамға қатысты қалыптасқан, толық, қатал сақталатын зандылық.
Туынды сөздің жасалуына негіз болған сөз бен одан жасалған туынды сөздің мағынасы байланысты болатындықтан, туынды түбірдің қай сөзден, не арқылы жасалғанын дәлелдеуге болады. Мысалы, өнім деген туынды түбірдің лексикалық мағынасы - өну әрекеті арқылы шыкқан заттың аты. Өн, өнім сөздерінің мағынасының байланысы анық көрініп тұр, сол арқылы ол дәлелденеді.
Сонымен сөзжасамдық мағынаны негіз сөз бен туынды түбірдің мағына байланыстылығы арқылы ажыратуға болады.
Негіз сөз дегеніміз - туынды сөздің лексикалық мағынасына аркау болатын сөз. Мысалы, кәсіпкер, қаламгер, аңшы туынды мағынасы кәсіп, қалам, аң деген негіз сөздердің мағынасынан жасалған, сондықтан олардың мағынасы байланысты. Жалпы туынды тұбір атаулының бәрінде осы зандылық сақталады. Орыс тіл білімінде оны "мотивированность значения" деп атайды. Бұл ғылымда әдетте туынды түбірмен байланысты айтылады.
Туынды түбір сөз бен негіз сөздің мағына байланыстылығы, әсіресе, сөзжасамдык ұяда анық көрінеді. Сөзжасамдық ұяға бір негізгі түбірден өрбіген туынды түбірлердің бәрі жатады. Мысалы, «Қазіргі казақ тілінің сөзжасам жүйесі» атты 1989 жылғы монографияда бас сөзінен (есім, етістік мағынасындағы) 137 туынды түбір жасалғаны келтірілген. Осы туынды түбірлердің бәрінің мағынасы бас сөзімен байланысты. Ол жалғыз осы сөзжасамдык ұяның ерекшелігі емес, жалпы әр сөзжасамдық ұяда канша туынды түбір болса да, олар бір-бірімен мағына жағынан байланысты болады. Өйткені бір ұядағы туынды түбірлердің бәрінің құрамынан ұяның негіз сөзі орын алады да, ол ұядағы түбірлес туынды түбірлердің мағына байланыстылығын туғызады.
Туынды түбірдің құрамындағы негіз сөздің лексикалық мағыналы сөзден болуы міндетті шарт саналуы оның туынды түбірдін лексикалық мағынасын жасауға кажеттілігіне байланысты.
Синтетикалық сөзжасамдық тәсілдегі екінші тұлға, екінші тілдік бірлік - сөзжасамдық жұрнақ. Синтетикалық сөзжасамда жұрнақ негізгі мүше болып саналады, синтетикалық тәсіл арқылы туынды түбірді тек жұрнақ жасайды.
Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер туынды түбір деп аталады. Туынды түбір негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақ арқылы жасалады. Мысалы, арда+гер = ардагер, көрер+мен = көрермен, дәріс+хана = дәрісхана, ой+ла = ойла, айып+кер = айыпкер, сәулет+ші = сәулетші т.б.
Сонымен туынды түбірлер бір негізгі морфема мен бір көмекші морфемадан тұрады. Мысалы, өнерпаз>өнер (негізгі морфема)+паз (көмекші морфема). Осы сияқты барлық туынды түбірлер негізгі морфема мен көмекші морфемадан яғни лексикалық мағыналы сөз бен жұрнақтан тұрады.
Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туынды түбірлердің құрамындағы тілдік бірліктердің әрқайсысының орны бар, негіз сөз бірінші орында тұрады, жұрнақ екінші орында тұрады.
Туынды түбірдің кұрамындағы морфемалардың орны тұрақты.
Бұл заңдылықтан ауытку тек басқа тілден кірген кейбір сөздерде кездеседі. Мысалы, бисаясат, бейкүнә т.б. Мұндай жағдай біздің тіліміздің зандылығына жатпайды.
Туынды түбір жасаушы жұрнақтың да атқаратын өзіндік қызметі бар. Оның негізгі қызметі - туынды лексикалық мағына жасау. Сондықтан көпшілік сөзжасамдық жұрнақтар лексикалық жаңа мағына жасайды. Мысалы, ойыншық туынды түбірін жасаған -шық жұрнағы ойын негіз сөзінен басқа лексикалық мағына яғни ойнайтын заттың атын жасаған. Сонда мұндағы ойын сөзінің лексикалық мағынасынан ойыншық туынды түбірінің лексикалық мағынасы басқа.
Сөзжасамдық жұрнақтардың көбі осьшайша жаңа лексикалық мағына жасайды. Олар-тілдегі ең көп жұрнақтар. Осы жағдай сөзжасамдық жұрнақ жаңа лексикалық мағына жасайды деген ұғымды калыптастырған.
Сөзжасамдық жұрнақтың ішінде сөздің лексикалық мағынасын мүлдем өзгертпей, негіз сөздің мағынасын түрлендіретін жұрнақтар да бар. Мысалы, апатай, інішек, өзгеше, белес, әкежан, ботақан, бірінші, біреу, ондаған т.б. осы сияқты туынды түбірлердің құрамындағы жұрнақтар негіз сөздің лексикалық мағынасын өзгертпей, оларға түрлі мағына қосқан.
Мұндай тілдік құбылыс басқа тілдерде де бар. Мысалы, орыс тілінде мұндай туынды түбірлердің мағынасын «модифицирующие значения» деп атаған.
Сондықтан сөзжасамдық жұрнақгар екіге бөлінеді:
1) лексикалық мағына жасайтын жұрнақтар,
2) лексикалық мағынаны түрлендіретін жұрнақтар. Сөзжасамдық жұрнақтардың әрқайсысының жеке мағынасымен бірге, жалпы мағыналары да бар. Айталык, бір топ жұрнақтардың мағынасы заттық ұғыммен байланысты. Мысалы, саудагер, көрме, емхана, оттық, сусын, белес, ауылдас т.б. осы сияқты туынды түбірлерді жасайтын жұрнақтардың мағынасы заттық ұғыммен байланысты. Ал сәнкой, көңілді, өнімді, тапқыш, әсемпаз, жинақы, сыншыл, сәнді, көйлекшең, ақылды, көреген, білгіш сияқты туынды түбірлердегі жұрнақтар сындық белгі мағынасын жасаған.
Мына туынды түбірлердегі жұрнақтар қимыл мағынасын жасаған: басқар, байы, сына, ағар, бөліс, карай, көкте, ұзар, ақта, жина т.б.
Жұрнақтар мағынасымен байланысты сөз таптарына телулі болады. Әр сөз табының өз сөзжасамдық жұрнағы бар. Олар әр сөз табына қатысты туынды түбір сөз жасайды. Бұл жағдайға байланысты әр сөз табының өзіндік сөзжасамы қалыптасқан. Синтетикалық тәсіл барлық сөз табында сөзжасамдық қызмет атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет