Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби



бет183/190
Дата06.02.2022
өлшемі5,51 Mb.
#28486
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   190
Одағайдың түрлері
Одағайлар білдіретін мағыналарының әр түрлілігіне қарай үш топқа бөлінеді.
1. Көңіл-күй одағайлары. Сөйлеуде сөйлеуші адам хабарды тек хабарлап қана қоймайды, хабармен бірге өз ойына өң бере сөйлейді. Хабар беруде сөйлеушінің қуанта, таңдандыра, күлдіре, ызаландыра, өтіне, кекесіндей, сұрай, бұйыра, айтқан ойы көңіл-күй одағайлары арқылы беріледі. Мысалы: -Па, шіркін! өмір болсаң, бол осындай! -Мырқымбай! Мырқымбай! Бай-бай-бай!.. жүрмісің жай (Б.М.) - деген сөйлемдерде ойына тән сезім «па, шіркін және бап-бай-бай» көңіл-күй одағайлары арқылы берілген.
Көңіл-күй одағайлары сан жағынан аса көп болмағанымен, семантикалық құбылуы жағынан әр қилы. Адамның ішкі сезіміне қатысты айтылатын одағай сөздердің мағынасының әр түрлілігіне қарай көңіл-күй одағайлары үш түрге бөлінеді.
Бірінші, жағымды көңіл-күйді білдіретін одағайлар: Алақай!, Ұра! (қуану, шаттану), Па!, Пай- Пай!, Бәрекелді! (сүйсіне қоштау, шаттана сүйсіну),Оһо! (таңдану) Па-па! (сүйсіну, таңдану), т.б.; Мысалы: Е, бәрекелді!-деп Артықбай да мақұлдады (Ғ.М.).
Екінші, жағымсыз эмоцияны білдіретін одағайлар: Әттеген-ай!, Әттең!, Қап! (өкіну), Тәйірі!, Түге! (наразылық реніш), Ищай! (тоңу, жиіркену), Бай-бай-бай (қатты реніш, наразылық, кейістік), Пішту (менсінбеу, жақтырмау) т.б.; Мысалы: Қап!-деді де, Ґлпан тұра берді. (Ғ.М.). Әй, сен, құтырған қатын, үйі өртенген адамға көңіл айтқаның осы ма? (Ғ.М.). Әй, әттеген-ай! Кезінде білмегенім ай!
Үшінші, көңіл-күй одағайларының әрі жағымды, әрі жағымсыз эмоцияны білдіретін тобына жататындары әдетте көп мәнді болып келеді де, олардың мағыналары контекст ішінде не ситуацияда анықталады. Мысалы, «Пай-пай!» одағайы қарама-қарсы екі мәнде жұмсалады: бірі -«таңдану, сүйсіну, таңырқау» (Пай-пай қандай жарасады, ә!) мәнінде болса, ендігісі - «ренжу, наразылық мағынасында (Пай-пай, не болар екен соңы!) қолданылады. Бұл оның көп мағыналы сөз екенін көрсетсе керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет