Көпкомпоненттісалалассөйлем. Сабақтас құрмалас ойлемдердің көп бағыныңқылы болып келетіні сияқты бір салалас сөйлем құрамында да үш немесе одан да көп жай сойлемдер келе береді. Мұндай көп компонентті салалас сөйлемдерді компоненттерінің бір-бірімен магыналын қатынастарына қарай атау мүмкін емес. Өйткені ондағы компоненттердің бір-бірімен мағынаық қатынастары əр түрлі болып келеді.
Көп тармақты салалас сөйлем компоненттері бір-бірімен жалғаулықтар арқылы да, жалғаулықсыз да байланыса береді. Мысалы: 1. Қатыннан келген жалғыз алашаны қыстыгүні ашықканда сатпай сақтап едім, соған жарты пұт тары алып сеуіп едім, енді мынау бəрі налогқа кетейін деп отыр. Оның дөңгелек көзі кірпігін қақпастан қадала қалатын əдеті бар еді, бұл жолы ол тесіле қараған жоқ. Əбдірахманның тұла бойын, жүзін шарлап қарады.
Қарын ашады, бірақ қосқа баруға қорқам, оны маңайлап қасқырлар жүрген сияқты. Ақырын ғана есікті ішке қарай итеріп еді болмашы саңылау көрінеді, бірақ кілтті ме, əлде іштен сұқпа салған ба байқап болар емес.
Қоян бастапқыдай жүгіре алмады, өйткені ол шаршап қалыпты, бірақ əдіс алған неме енді жалтармен жан сақтап қалың агашқа жақындап келеді. Аманғали молданың насыбай атуы мүмкін, өйткені насыбайды иіскемейтін адам аз, ал ана ишандардың балаларының шылым тартуы сөкет екен.
Келтірген мысалдың бірінші тобындағы сөйлемдер компоненттері бір-бірімен жалғаулықсыз іргелесе құрмаласқан. Екінші топтағы сөйлемдердің алдыңғысындағы бірінші компонент екінші компонентпен жалғаулық аркылы, екіншісі үшінші компонентпен жалғаулықсыз құрмаласса, соңғы сөйлемде, оның керсінше, бірінші мен екінші жалғапулықсыз, екінші мен үшіңші жалғаулық арқылы құрмаласқан. Сөйтіп, бұл сөйлемдер компоненттерінің бір-бірімен байланысы əрі жалғаулықты, əріжалғаулықсыз түрде араласып келген. Ал мысалдың соңғы үшінші тобындағы сөйлемдер компоненттерінің барлығы да бір-бірімен жалғаулықтар арқылы құрмаласып бірыңғай болып келген.
Сонымен, көп тармақты салалс сөйлем, компоненттерінің бір-бірімен байланысу тəсілі жағынан, жалғаулықсыз болып та, жалғаулықты болып та, əрі жалғаулықты, əрі жалғаулықсыз аралас болып та айтыла береді.