Өзбекстан республикасы жоғары жəне орта арнаулы



бет71/83
Дата21.09.2024
өлшемі287,94 Kb.
#204841
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   83
Байланысты:
asanova zh

Сабақтас құрмалас сөйлем түрлері. Сабақтас құрмаластың бағыныңқы компоненті мен басыңқы компонентінің бір-бірімен мағыналық қарым-қатынастары біркелкі болмайды. Сабақтас қрмалас сөйлемдерді түрге бөлгенде, олардың бағыныңқы компоненттері мен басыңқы компоненттерінің, жоғарыда көрсетілгендей, мағыналық қарым-қатынастары басшылыққа алынады. Бағыныңқы сөйлем мен басыңқы сөйлемнің мағыналық қатынасына қарай сабақтас құрмалас сөйлем мынадай түрлерге бөлінеді:
1) шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем. 2)Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлем

  1. Салыстырмалы бағыныңқылы сабақтас сөйлем.

  2. Мезгіл багыныңқылы сабақтас сөйлем.

  3. Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлем.

  4. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас сөйлем.

  5. Мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлем.

  6. Мезгілдес сабақтас сөйлем.

Енді сабақтас құрмалас сөйлемнің осы аталған түрлеріне жеке-жеке талдау жасайық. 1) Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем.
Бағыныңқылы жай сөйлем басыңқы жай сөйлемдегі іс- əрекет, жай-күйдің болу я болмауының шартын білдірсе, ондай сабақтас құрмалас сөйлем шарттыбағыныңқылы сабақтас сөйлем деп аталады.
Шартты бағыныңқының басқа бағыныңқы сөйлемдерден бірнеше өзгешелігі бар. Бірінші өзгешелік шартты бағыныңқының баяндауыш формасында, оның өз бастауыштарымен байланысында. Шартты бағыныңқының шартты райдан болған баяндаушы жіктік жалғаулар арқылы əр жаққа жіктеле айтылады да, өз бастауышымен жақтық жағынан қиысып тұрады.
Шартты рай арқылы жасалатын шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлемнің сабақтастың басқа түрлерінен екінші өзешелігі-компоненттердің бір-бірімен қарым- қатынасында. Сабақтас құрмаластың басқа түрлерінде бағыныңқы компоненттер жай сөйлемнің пысықтауыш мүшесі функциясында қолданылып, басыңқы сөйлемдегі баяндауыштың жетегінде, соған меңгеріліп тұрса, шартты рай арқылы жасалатын шартты бағыныңқы сөйлем басыңкы сөйлемдегі ешбір сөзге де тəуелді болмайды.
Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем сабақтастың басқа түрлерінен компонентерінің мағыналық қатынастары арқылы ғана ажыратылмайды, сонымен бірге бағыныңқы компоненттінің баяндауыш формалары арқылы да жекеленеді. Шартты бағыныңқы, жоғарыда айтылғанындай өз басыңқысымен етістіктің шартты райы арқылы құрмаласады. Екі жай сөйлемді құрмаластырушы шартты рай не дара күйінде, немесе басқа бір сөзге көмекші болып тұрып, бағыныңқы жай сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарады. Мысалы: Бұл əңгімені анау қайын жұрт білсе, ағайын алалығы
туып кетуі де мүмкін. Əзімбай үшін əкесі Еркежанды алмай, Зейнеп, Торымбаланың біріне тайқып түссе, онда баяғы үлкен 6йдің бұлар ырқына кеткені.
Бұл сөйлемдердің біріншісінде шартты рай бағыныңқы жай сөйлем баяндауышы қызметін жеке тұрып атқарса екінші сөйлемде көсемше етітікке көмекші болып барып атқарып тұр. Осыған байланысты ескерте кететін бір нəрсе, көптеген сөйлемдерде шартты бағыныңқының функциясын шартты райдан болған бір ғана баяндауыштың атқарып тұратыны да болады. Мұндайлар əсіресе мақал, мəтелдерде жиірек кездеседі. Мысалы: Бірлік болмай, тірлік болмас. Түбінде осы сөз бос сөз болып қалатын болса, ол Əйгерімнің бағын байлауы мүмкін. Ақыл сынына салып сөйлессе, ісінің теріс шыгатынын жігіт өзі де түсінді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет