Сабақтас құрмалас сөйлемнің құрмаластың басқа түрлерінен айырмашылықтары қандай?
Сабақтас құрмалас сөйлемнің əрбір түріне сипаттама берің.
Сабақтас құрмалас сөйлемдердің құрамындағы жай сөйлемдердің құрмалас тəсілдері қандай?
Пайдаланылған əдебиеттер:
Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы. 1997.
Əміров Р., Əмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы. 1996.
Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы. 1997.
Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. Алматы. 1992.
Бектұров Ш. Қазақ тілі. Алматы. 2006
АРАЛАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ. ЖОСПАРЫ:
Аралас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары.
Аралас құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің құрамы.
Құрмалас сөйлем құрамына енген жай сөйлемдер, жоғарыда айтылғандардай, өз ара əрдайым не бірыңғай салаласа, не болмаса бірыңғай сабақтаса байланысып отырмайды. Көп жағдайда құрмаласудың осы екі тəсілінің (салаласу мен сабақтасу тəсілдері) бір сөйлем ішінде қатармен келе беретін болады. Мысалы: 1.Қарағандының қары биыл бұрқан-тарқан қауырт еріп еді, сай-салалар суға толып, қырдың тентек өзендері сақылдап тасығалы кемерлеп тұр. 2.Түн бойы жазғандарын хатшыға көшіртіп алып, Ушаков қайта оқып шығып еді, толып жатқан қайшылықтар көп екен. 3.Бүгін жұмысқа кім шықпай қалса, соны көнбегенге санаймын да, бүгіннен бастап есебін беріп босатып жіберем. 4.Көзін сəулеге үйреткен Асқар терезеден қараса, аспан айнадай ашық екен де, нұры толқи жарқыраған күн түске тармасып қалған екен.5.Шарды түбінде елбасылар салып болған соң, санайтын ұлықтардың өзі болмайды, оны осы мынау столда отырған екі тілмаштың бірі санайды.
Мысалдағы құрмалас сөйлемдердің барлығы да аралас құрмалас сөйлемге жатады. Өйткені ондағы əрбір құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдер бір- бірімен салаласып та, сабақтасып та байланысып келегн. Мысалдағы үш жай сөйлемнен құралған алдыңғы құрмаластың бірінші жай сөйлемі екінші жай сөйлеммен сабақтаса байланысқан. Ал мысалдың екінші сөйлемінде бірінші жай сөйлем екінші жай сөйлемге сабақтаса байланысса, екіншісі үшінші жай сөйлемге салаласа байланысқан. Мысалдың кейінгі сөйлемдерінде де осылар тəріздес құрмаласудың екі тəсілі бірден араластырыла қолданылып отырған.
Осылар тəріздес, құрамына енген жай сөйлемдері бір-бірімен салаласып та, сабақтасып та байланысатын құрмалас сөйлем аралас құрмалас деп аталады.
Аралас құрмалас сөйлем құрамында үш немесе одан да көп жай сөйлем бола береді. Жоғарыда келтірілген мысалдағы құрмалас сөйлемдер құрамында үш жай сөйлемнен бар. Ал енді төмендегі құрмалас сөйлемдердің біріншісі төрт жай сөйлемнен құралса, соңғысы алты жай сөйлемнен құралған. 1. Алғашқы айларда шоқ-шоқ қарағанға тіреле төгілген сары балшық ыржиып жатқанда, қазақ жұмыскерлері оны
«сары ауыз» деп атап еді, қазір сары балшықың бетін түгел көмір ұнтағы жауып кетті де, ол «қара жыра» атанды. 2. Лиза ойнап есік алдына шығып кетсе, əке- шешесінің дауыстары дыбырлап, сөздері үздіксіз шығады да, Лиза үйге қайтса, сөз ортасынан үзіліп, аяқталмай тоқталғаны аңдалады.
Аралас құрмалас сойлем үш жай сөйлемнен құралғанда ондағы салаласа байланысу да, сабақтаса байланысу да бір-бірден ғана болады. Ал егер ол төрт немесе одан да көп жай сөйлемнен құралған болса, онда салаласа байланысатын жай сөйлемдер де сабақтаса байланысатын жай сойлемдер де бірнешеуден болуы мүмкін. Мысалы, осының алдынада ғана келтірілген, төрт жай сөйлемнен құралған аралас құрмалас сөйлемнің тек Алғашқы айларда шоқ-шоқ қарағанға тіреле төгілген сары балшық ыржиып жатқанда деген бірінші жай сөйлемі ғана сабақтаса байланысқан да, қазақ жұмыскерлері оны «сары ауыз» деп атап еді, қазір сары балшықың бетін түгел көмір ұнтағы жауып кетті де, ол «қара жыра» атанды деген кейінгі үш жай сөйлем өз ара салаласа байланысқан. Сол мысалдың алты жай сөйлемнен құралған соңғысында Лиза ойнап есік алдына шығып кетсе деген бірінші жай сөйлемі əке-шешесінің
дауыстары дыбырлап деген екінші жай сөйлемге сабақтаса байланысса, бұл екіншінің өзі сөздері үздіксіз шығады да деген үшінші жай сөйлемге сабақтаса байланысады, ал бұл үшінші жай сөйлем Лиза үйге қайтса деген төртінші жай сөйлемге салаласа байланысса, төртіншінің өзі сөз ортасынан үзіліп деген бесінші сөйлемге сабақтаса байланысқан, сол сияқты бесінші жай сөйлем алтыншы жай сөйлеммен (аяқталмай тоқталғаны аңдалады) де сабақтаса байланысқан. Сөйтіп мұнда төрт жай сөйлем сабақтаса байланысса, бір жай сөйлем салаласа байланысқан.
Талданған мысалдарға қарағанда, төрт немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралған құралған аралас құрмалас сөйлемдерде компоненттердің бір-бірімен байланысу жолдары біркелкі болмайды: бірде салаласа байланысқан жай сөйлемдер көп болып келе береді.
Аралас құрмалас құрамындағы жай сөйлемдер де бір-бірімен қалыпты салалас құрмалас пен сабақтас құрмаластардағы жай сөйлемді құрмаластыру тəсілдері аркылы байланысады.
Салалас құрмалас сөйлемдегі сияқты, аралас құрмаластағы салаласа байланысатын жай сөйлемдер де бір-бірімен жалғаулықтар арқылы да, жалғаулықсыз да байланыса береді. Мысалы: 1. Жабай шығып кетпегенде, Игілік жігіттерді сөзге айналдырып бөгей тұрмақ еді, бірақ оның реті болмай қалды. 2. Кеше іңірде Жабай жылқының бір шетін қайырып жүр еді, Игілік аулына құйғытып шыға келген жолбасар жігіттер мұны ортаға алып, оған қасқырдың қозыға жапқан жаласын жапты. Жабай атынан ауытқып құлай берді де, сол аяғы үзеңгіге ілігіп қалып, ол біраз сүйретіліп барып жерге сылқ етті.
Мысалдың бірінші сөйлемінде екінші компонент соңғы үшінші компонентпен бірақ қарсылық жалғаулығы аркылы құрмаласса, үшінші сөйлемнің бірінші компонентті өзінен кейінгі жай сөйлеммен де жалғаулығы арқылы құрмаласқан. Ал мысалдың екінші сөйлеміндегі бірінші компонент екінші компонентпен жалғаулықсыз, іргелесе байланысқан.
Дəл осы сияқты, аралас құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің сабақтаса байланысу тəсілінде де жалпы сабақтас құрмаластағы жай сөйлемнің құрмаласу тəсілінен ешқандай өзгешелігі болмайды. Мұндағы сабақтаса байланысатын жай сөйлемдер де өзі жетегінде тұратын компоненттерге етітіктің есімше, көсемше, шартты рай тағы басқа формалары арқылы құрмаласады. Жоғарыда келтірілген мысалдардағы сабақтаса байланысқан жай сөйлемдер дəл осы айтылған формалар арқылы құрмаласқан.
Сөйтіп, бұл айтылғандардан байқалатын нəрсе-аралас құрмалас сойлем дегеніміз жай сөйлемдер құрмаласуының салалас пен сабақтастан бөлекше тұратын, үшінші бір тəсілі емес, сол негізгі екі тəсілдің-салаласу мен сабақтасу тəсілінің-бір құрмаластың ішіне топтасқан түрі болып табылады.
Аралас құрмалас сөйлем құрамында оның жеке компоненттері ретінде төл сөздің болуы да мүмкін. Мысалы: «Пушкин дегеніміз төтенше көрініс жəне ол орыс рухының бірден-бір көрінісі болуы да мүмкін»,-деп, Гоголь Пушкиннің орыс əдебиеті тарихындағы ролін өте жоғары жəне соншалық əділ бағалады деген сөйлем де аралас құрмалас сөйлемге жатады. Мұндағы төл сөз құрамындағы Пушкин дегеніміз төтенше көрініс деген бірінші жай сөйлем төл сөздің екінші жай сөйлемімен жəне жалғаулығы арқылы салаласа құрмаласса, төл сөздің ол орыс рухының бірден-бір көрінісі болуы да мүмкін деген екінші жай сөйлемі деп көмекші етістігі арқылы автор сөзі болып тұрған жай сөйлеммен сабақтаса байланысып тұр т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |