Өзбекстан республикасы жоғары жəне орта арнаулы



бет82/83
Дата21.09.2024
өлшемі287,94 Kb.
#204841
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83
Байланысты:
asanova zh

Төлеу сөз. Жазушы, сөйлеуші адам біреудің сөзін, пікірін пайдаланғанда, оны, жоғарыда айтылғандай, əрдайым ешқандай өзгеріссіз, бұлжытпай келтіріп отырмайды. Кейде оны азды-көпті болса да өзгертіп, өз тарапынан сөздер, қосымшалар қосып, кейбір сөздерін алып тастап, грамматикалық кейбір формаларын өзгертіп пайдаланады.

  1. Төл сөзде сөйлеуші я жазушы бөгде біреудің сөзің ешқандай өзгеріссіз, қоспасыз, бұлжытпай келтіретін болса, төлеу сөзде олай болмайды: оның бірер сөзің болса да өзгертеді, өз тарапынан кейбір сөздер қосады, ең болмаса бірер сөзінің бастапқы морфологиялық формасын, соған байланысты синтаксистік қызметін өзгертеді.

  2. Төл сөздің айналасында міндетті түрде автор сөзі жүреді жəне ол екеуінің жігі айқын байқалып, бір-бірінен бөлектеніп тұрады. Төл сөзді автор сөзімен байланыстыру үшін оған тұлғалық өзерістер енгізу қажет болмайды, тек дəнекер ретіңде де етістігі қолданылады. Төлеу сөзде олай емес. Мұнда ол автор сөзімен араласып, тұлғалық өзгеріске ұшырауы арқылы онымен тығыз байланыста тұрады. Төлеу сөз автор сөзсіз өз алдына сөйлем бола алмайды, өйткені төлеу сөзде, төл сөздегідей, өзіне меншікті

баяндауышы болмайды. Сондықтан төлеу сөз автордың қоспасымен бірігіп, бір-ақ сөйлем болады да, де етістігін қажет етпейді.

  1. Төл сөзде сөйлемнің əр алуан мағыналық түрлері болады. Ол хабарлы да, сұраулы да, лепті де болып келеді. Соған қарай оның əр сөйлемнің өзіне лайықты сазы, интонациясы, римика-мелодикалық ерекшеліктері болып отырады. Төлеу сөзде мұның бірде-бірі болмайды, яғни олар сақталмайды. Өйткені төлеу сөз өзінің бастапқы түрінің қандай екендігіне қарамастан, тек хабарлау түрінде ғана беріледі, сондықтан онда сөз иесінің бастапқы əр алуан интонациялық; ритмика-меледикалық ерекшеліктері сақталмайды.

  2. Төл сөзде сөйлемнің бастапқы эмоциялық, модальдық ерекшеліктерінің барлығы да сақталады. Төл сөз иесі қолданылған одағай, қаратпа, қыстырма сөздер бұлжытпай беріледі.

  3. Төл сөз бен төлеу сөз жақтық тұрғыдан, жіктеу есімдіктерін қолдану жағынан да біркелкі болмайды. Төл сөзде іс-əрекеттің иесі өзі болған жағдайда автор жіктеу есімдігінің бірінші жағын қолданып сөйлей береді. Ал төлеу сөзде олай етуге болмайды.

Төл сөзді төлеу сөзге айландырудың тілімізде қалыптасқан, ежелден келе жатқан тұрақты тəсілдері бар. Ол тəсілдерінің ең негізгісі жəне өте жиі қолданылатыны-төл сөзде сөйлемнің тиянақты баяндауышы болып тұрған сөзге табыс жалғауын жалғау арқылы оны автор сөзімен байланыстыру тəілі. Мұндай жағдайда төл сөздің баяндауышы болып тұрған етістіқ қай шақта, қай райда айтылуына қарай, алдымен етістіктің есімше түріне айналады да, содан кейін барып табыс септігін қабылдайды. Кейде табыс септік жалғауы есімше-дық,-дік жұрнағы мен тəуелдік арқылы жалғанады. Мысалы: -Өстіп жүргенде өлшеулі өмір бітіп қалып, болашақты көре алмай кетем бе деп қорқамын,-деді Аман сөйлеміндегі төл сөзді төлеу сөзге: Аман өстіп жүргенде өлшеулі өмір бітіп қалып, болашақты көре алмай кетем бе деп қорқатынын айтты деп айқындауға болады. Мұнда төл сөзді автор сөзімен байланыстыру үшін төл сөзді сөйлемнің баяндауышы болып тұрған қорқамын сөзіндегі жіктік жалғау айтылмай, қорық сөзі табыс жалғаулы есімшеге айналдырылған. Бұл сөзге есімше жұрнағы мен жалғау арасында –дық жұрнағы келтіріліп, қорқатындығын деп те айтуға болады. Ал енді: Таласбай Аманға: -Шырағым, сиырды иесіне қайтарың. Енді мені соттың алдына апара көрме! Туғалы сот алдын көрген жан емен. Не істесең де, өзің істе! Тек сотқа сүйремеші, айналайын!-деп, қақсап келді деген масалда əр сөйлемнің баяндауышы əр түрлі шақта, əр түрлі райда берілген. Олар сөз табы жағынан да біркелкі емес. Соған қарай, олардың төлеу сөзге айналып, автор сөзімен байланысуында да азды-көпті озгешеліктер болмақ. Оны мынадан да байқауға болады: Таласбай Аманға оның сиырды иесіне қайыртқанын, енді өзін сот алдына апармауын, туғалы сот алдын көрген жан емес екендігін, не істесе де, өзінің істеуін, тек сотқа сүйремеуін өтініп, қақсап келеді.
Мысалдан көрініп тұрғанындай, төлеу сөзге айналдырғанда, төл сөздің тиянақты баяндауыштарының кейбіреулері есімшенің табыс жалғаулы түріңде айтылса, екіңші біреуінің тұйық райдың табыс жалғаулы түрінде айтылатынын, ал енді біреулеріне екен, керек сөздерінің көмекші болып қосылып айтылатынын көреміз. Сөйтіп, төлеу сөз автор сөзімен əр түрлі тəсілдер арқылы байланысады. Бірақ солардың қай- қайсыларында болса да табыс жалғауының қатынасы бар. Сондықтан да табыс жалғаулы төл сөзді төлеу сөзге айналдырудағы, оны автор сөзімен ұштастырудағы бірден-бір шешуші форма болып есептеледі.
Төл сөздің баяндауышы болып тұрған сөздің төлеу сөзге жоғарыда айтылған сөз түрлерінің қайсысымен берілуі оның қай сөз табынан болғанына, егер етістіктен, болса, оның қай райында, қай шағында айтылғанына байланысты болады. Өйткені төл сөз
төлеу сөзге айналғанда да ондағы əрекеттің шақтық мағынасы белгілі дəрежеде сақталады. Осы себептен егер төл сөздің баяндаушы өткен шақты немесе нақ осы шақты білдіретін етістік формасында айтылса, төлеу сөзге айналғанда, ол есімшенің қан,-ған,-кен,-ген жұрнақты түрі арқылы беріледі де, егер ол етістіктің ол етістіктің келер шақ немесе ауыспалы осы шақ формасында айтылса, төлеу сөзге айналғанда, - тың, тін жұрнақты есімше арқылы беріледі. Ал егер, төл сөздің баяндауышы етістіктің бұйрық рай формасында айтылса, төлеу сөзде ол тұйық рай формасына айналады. Баяндауышы есім сөзден я есім араласуынан, я болмаса атау тұлғалы тұйық райдан болса, төлеу сөзге айналғанда, е етістігі көмекші болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет