Буддизм (санскритше – बुद्ध धर्म, buddha dharma Будданың ілімі) — дүниежүзіне кеңінен таралған негізгі 3 діннің бірі. Б.з.б. V-VI Үндістанның бүгінгі Бихар штатында пайда болды. Буддизмнің негізін салушы Сиддхарта Гаутама деп есептеледі. Буддизм басқа ілім-танымдарды бойына оңай сіңірді және оның негізгі қағидасы жан иесіне жамандық жасамау болғандықтан, жер жүзіне соғыссыз тарады. Қазіргі кезде Буддизм дінін 1 млрдқа жуық адам ұстанады.
Буддизмдегі негізгі ең ірі бағыттар - хинаяна және махаяна. Буддизм өзінің даму барысында үш кезеңнен өтті: хинаяна, әркімді туу - өлу айналымынан құтылуды үйрететін алғашқы даналық мектебі (б.з.б. V ғ. - б.з. басы); екінші, бодхисаттва - құтқарушы көмегімен құтылу; үшінші, махаяна (б.з. V ғ.-ына дейін) кезі. Махаяна негізінде будда (ісөкірек көзі ашылған) болуға мүмкіндік беретін жаңа тиімді әдістер уағыздалды (V ғ.-дан кейін). Ол важраяна деп аталады.
Ислам
Ислам ) — әлемдік монотеисттік-ибраһимдік дін. Христиандықтан кейін дүниеде көп таралған дін. «Ислам» сөзі «бейбітшілік», (Алланың заңдарына)[1] «мойынсыну, бағыну» болып табылады. Ал шариғаттерминологиясында «ислам» — толық мойынсыну, Алланың алдында парыздардыорындау, одан басқа құдайларға табынбау болып есептеледі. Ислам дінін ұстанушы жан мұсылман деп аталады. Мұсылмандардың негізгі діни кітабы Құран Кәрім (араб.: — классикалық әдеби араб тілінде (араб.: Алла тарапынан түсірілген деп сеніледі.
Исламдық көзқарас бойынша, жаратушы Алла әрдайым адамзат баласын тура жолға салып тұру үшін әр түрлі пайғамбарлар жіберіп отырған. Олардың ішінде Ибраһим (Авраам), Мұса (Моисей), Иса (Иисус) т.б. бар.[2]. Мұсылмандардың сенімі бойынша соңғы пайғамбар — Алланың елшісі Мұхаммед
Ислам негіздері
Иман (араб.: الإيمان) — мұсылмандықтың ең үлкен дәрежесі. Иман алты негізден құралып, көбінесе адамның ішкі қасиеттерін реттейді:
Иман сөзі — араб тіліндегі «ә-мә-нә (араб.: آمن)» етістігінен шығып, ифғал (араб.: إفعال) бабында қолданылған масдар (араб.: مصدر — түбір сөз) болып саналады. Ал жалпы иман ұғымы — бір адамның сөйлеген сөзін қуаттау, айтқанын қабыл ету, шын көңілімен қабыл ету, күмәнға жол берместен нақты, жүрекпен, шын ықыласпен сену деген мағыналарды береді.
Христиандық
Христиан діні — Христостың өмірі мен Жаңа Өсиет іліміне негізделген монотеистік дін . Әлем бойынша ең көп таралған дін. Шамамен 2.2. млрд христиан.[2][3][4][5][6][7]Христиандардың басым бөлігі Исаның Құдайдыңұлы және Көне өсиетте айтылған адамзаттықұтқарушы екеніне сенеді. Сондықтан христиандар Исаны Христ немесе Мессия көреді.
Христиандық пен Інжілді түсіндіруде ортақ бір пікірлер жоқ. Бірақ бүкіл христиандар діннің негізі болатын, келісілген ортақ ұстанымдар бар екенін айтады. Аса көп таралған тармақтары - католицизм, православтық және протестантизм.
Христиандық тарихы
Христиан діні әдебиеті негізгі төрт жанрдан тұрады:
Христиандық - атауын өзінің шәкірттерімен бірге діннің негізін қалаган Иисус Христос есімінен алады. Христиандық дін ілімі Қасиетті Жазу - Көне және Жаңа Өсиеттерге негізделген. Христиандық б.д.д. I ғ. Рим империясыныңқүрамында шиеленіскен экономикалық, саяси, қоғамдық-психологиялық, әлеуметгік және этникалық теңсіздік жағдайында, езгіде болған Палестинада пайда болды.