Өздігінен білім жетілдіру деген не? Өздігінен білім жетілдіру


Мұғалімнің ғылыми-әдістемелік тақырыппен жеке жұмысының алгоритмі



бет3/7
Дата11.10.2022
өлшемі28,64 Kb.
#152617
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ӨЗДІГІНЕН БІЛІМ ЖЕТІЛДІРУ

Мұғалімнің ғылыми-әдістемелік тақырыппен жеке жұмысының алгоритмі:

1) Жеке ғылыми-әдістемелік жұмыстың тақырыбын таңдау;


2) Әдебиеттермен танысу;
3) Нормативтік-құқықтық құжаттармен танысу;
4) Зерттеу мәселелері бойынша прогрессивтік педагогикалық тәжірибені зерттеу;
5) Әдебиеттің картотекасын құрастыру;
6) Әдебиеттен үзінділер жазып алу;
7) Тақырыпты нақтылау және жеке ғылыми-әдістемелік жұмыстың алдын ала жоспарын жасау;
8) Таңдап алған тақырыпты дәлелдеу;
9) Өзектігі мен жаңашылығы;
10) Іздену әрекеттің әдістері мен құралдарын таңдау;
11) Жұмыстың мақсаты мен міндеттерін қалыптастыру;
12) Жеке жұмыстың күнтізбелік жоспарын жасау;
13) Педагогикалық әрекеттің дәстүрлі технологияларын, моделдерін таңдап, жасау;
14) Өз педагогикалық әрекетінің практикасына инновацияларды кіргізу;
15) Ғылыми-әдістемелік тақырып бойынша жұмыстың жеке тәжірибесінің нәтижесін талдап, бағалау;
16) Жұмысты әдебиетті рәсімдеу, әріптестер алдында алған нәтижелер туралы есеп беру.


Бастапқы деңгей жас мұғалімде құжаттармен, балалар ұжымдарымен, ата-аналармен жұмыс істегендегі нақты білік, дағдыларын қалыптастыруын болжайды. Осы кезеңде тәжірибелі жетекшімен жеке жұмыс та жетеді..
Бұл кезең оқытушының имиджін құрастыратын кезең болғасын, жас маманның дистанциялық олимпиадалар, сайыстар, ӘБ пен мектеп ішіндегі шығармашылық топтарда жұмыс істеуін қолдайды.
Мұғалім мектептен тыс та жұмыс істей алады: мұрағаттарда, музейлерде, кітапханаларда,, өндіріс және басқа да мекемелерде. Осындай жұмыс – мұғалімдердің өздігінен білім жетілдірудайындығына, жұмысты жоспарлауға деген маңызды дағдыларына, жұмысты ұйымдастыру мен өзін-өзі бақылау, ақпаратты өндеу және талдау біліктілігіне, жалпылауларды жасау, керек түзетулерді кіргізуге қажет оқыту әдісі
Бірақ өнімді деңгейдің кезінде, анық нәтиже алуыболжамданатын кезде, ал мұғалімнің әрекеті санат түрінде бағаланған кезде, жоғарыда айтқаны міндетті болады.
Сонымен «Жаңа формацияның педагогы» деп үнемі өзін-өзі дамытуға ұмтылатын, өзін-өзі көрсете біле алатынпедагог туралы айтылады. Өздігінен білім жетілдіру жұмысында динамика маңызды.
Осындай педагогты дамытуын қалыптастыратын үдерістер ұзақ мерзімді және де сағатпен өлшенбейді. Осы үдерістерді тоқтату, дамуға деген қалауын жоғалту – деградацияның басы. Неменеге үйрену, нені дамыту деген маңызды болмайды:компьютерде презентацияларды құрастыру немесе гитарада ойнау.Бұл әр түрлі білім беру модельдері болу мүмкін: «Білім беру және демократия», «Білім берудегі әлеуметтік теңсіздік», «Білім берудегі ақпарат технологиялары», «Білім беру үдерісті басқару», «Оқытылатын ерекшеліктері мен оларды оқыту», «Ғылыми-зерттеу жұмысы, зерттеу әдістері», «Мультимедиялық жүйелер», «Компьютерлік графика» және т.б. Ертең ол – тамаша мұғалім – міндетті түрде сабақтарында өз білімдеріне орын табады.
Мәселе басқада: өзін-өзі дамытуға керек бос уақыттың жоқтығы және өткізілетін курстар туралы ақпараттың жеткіліксіздігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет