Өзің өзі тану сабақтарындағы топтық іс-әрекет
Адамгершлік тәрбиесі – инабаттылыққа, ізгілікке баулудың жолы, сондықтан да ізгіліктің еі үлкені – адамдарға жақсылық жасау деп түсінсек, мұның өзі адамның бойындағы ізгіктің болуынан. Ізгілік – адамның өзіне баға беруінен басталатындығынан адамның өмірдегі орны мен өмір сүрудің негізгі өзегін және маңызын түсінуін, адамдық міндеттерге құрметпен қарауын білдіреді. Рух – жан тіршіліктің қуаты, рухани азық болмаса рух(жан) мерейі үстем болмай, адамдық қасиет бұзылады.
Рухани қажеттілік – адамның жеке тұлғалық, шығармашылық қажетін қанағаттандыратын құндылық. Рухани негізінде адамның мінезі қалыптасады. Ар-ұят, өзін – өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды.Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады. Ал махаббат адамның мінез – құлқына рух береді, оны өзгертеді. Шығармашылық әрекеттерге жетелейді.Адамдардың бір-бірімен жақсы қарым-қатынас жасауы, адам бойындағы адамгершілік қасиеттің жоғарлығын көрсетеді. Адамгершілік – адамның рухани білімі жетілген, жан дүниесі бай адам бойынан табылады. Рухани-адамгершілікке тәрбиелеу дегеніміз – оқушы өміріндегі орнын, жауапкершілігін түсініп, өзін-өзі жетілдіріп, адамдарға, айнала қоршаған ортаға, жан-жануарларға және экологияға жақсылық тілеп, жақсы іс жасауы.Сондықтан рухани-адамгершілік жеке тұлғаны қалыптастырудың негізі болып табылады. Негізгі көрсеткіштері: басқаларға жақсылық жасау, жақсылыққа ұмтылу, өзін-өзі дамытып жетілдіру. Рухани-адамгершілік тәрбиелеу білім берумен ғана шектелмейді.Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани-адамгершілік қасиеттері қалыптасады.Адам баласының қоғамдағы қарым-қатынасы тек рухани-адамгершілік құндылықтармен ғана нәтижелі болады.
ХХІ ғасырдың ақпараттар ғасыры, адам ғасыры деген сипаттамасына жүгінсек, білім адам және ақпарат қорын қалыптастырудағы негізгі фактор болып табылады.Сондықтан білімнің жаңа ғасырдағы мәні оның жеке тұлға тағдырындағы мәнділігімен жеке мемлекеттің қауіпсіздігін
әлеуметтік, рухани, мәдени өрлеу арқылы қамтамасыз етумен және жалпы адамзаттың өркендеуіне ықпал етуімен сипатталады. Білім беруге деген жаңа көзқарас тұрғысынан оның сапасы да жаңаша пайымдалуда. Бұл негізінен
білімнің төрт сипатын біртұтас қарастыра отырып, оның ішінде білімнің құндылық ретіндегі және білімнің нәтиже ретіндегі қырларына аса мән берумен байланысты. Осыған орай білім жүйесінің соңғы нәтижесі оқушының жеке пәндер бойынша алған білім, білік, дағдылары емес,
оларды пайдалану арқылы қалыптасып дамытылатын өмірлік дағдылар, құзырлықтар болып табылады.
Егер оқу үрдісінің басты мақсаты – жан‑жақты дамыған, саналы азамат дайындау болса, оның негізінде нәтижелі іс‑қимылдар арқылы жүзеге асатын шығармашылық әрекет жатады. Шығармашылық әрекеттің негізгі сипаттамаларын, оларға сәйкес қалыптасатын қабілеттіліктерді, мүмкіндіктерді И.Я.Лернер, В.В.Давыдов, В.В.Репкин, В.И.Слободчиков, Ю.Г.Юдина, А.Н.Лук өз еңбектерінде қарастырады. Шығармашылық әрекетті қалыптастырудың кейбір аспектілерін Қазақстан ғалымдары да зерттеді.
Кезінде Кеңес Одағында есімі тек әдебиетшілерге мәлім болып қойған, ал Батыста терең философ ретінде дәріптеген М.М.Бахтин кезінде былай деп жазған еді: «Адамның шынайы өмірін сөзбен құрастырудың жалғыз ғана адекваттық формасы болып ешқашан аяқталмайтын диалог танылады.Өмір өз табиғаты бойынша диалогтық құбылыс.Өмір сүру дегеніміз диалогқа қатысу: сұрау, тыңдау, жауап беру, келісу, және т.с.» [3, 363]
Диалогқа негізделген бірлескен жұмысты еңбек пен танымның ең тиімді және өнімді әрекеті деп ұйғаруға әбден болады.Сол себепті де әрбір сабата топтық жұмыс арқылы бірлесе әрекеттенген тиімді.Бұл ұстаным құрастырылған білімнің де басты идеяларының бірі.Осы бағытты ұстанған оқу/үйрену жобаларының барлығы да бірлескен әрекеттерді үйрендің негізі деп таниды.
Ж.Пиаже бұл туралы былай деп жазады: «Адамның ақылы мен миы өзін таниды, яғни, психологиялық тілмен айтқанда, басқа заттармен немесе басқа ақылдармен қатынаста ғана болады».Адамның санасы тек басқа адамдармен қарым-қатынаста ғана дамиды, тек қарым-қатынас әрекеттері ғана бізді түсінікке әкеледі.Ал қарым-қатынас дегеніміз өзімізді басқаларға(олардың пікіріне, идеяларына, көзқарасына, мінезіне) бейімдеу деген сөз.
Топтық шығармашылық іс-әрекет – тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін үдерістің бір түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады.Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: |