МектепМәдениет қазақ –орыс орта мектебіМерзімі:______
МұғалімИсмаилова А.А.Сынып: 8Оқушылар саны _____
Тақырып:Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп
Құндылық:сүйіспеншілік Қасиеттер: кешіре білу, адалдық, риясыз қызмет ету
Мақсатты: «Риясыз сүйіспеншілік» сөзінің мағынасын тереңінен ұғындыра отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Міндетті:
Кешіре білуге үйрету;
Адалдық қасиеттерің дамыту;
Риясыз қызмет етуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Тыныштық сәті. №3 Орманға ойша саяхат
Үй тапсырмасын тексеру
«Екі дос» (аңыз әңгіме)
Осы әңгіме сендерге қалай әсер етті?
Осы әңгімеден қандай қасиеттерді өзіңе алуға болады?
Неліктеп екі дос осылай істеді деп ойлайсындар?
Екі дос қандай болды?
Жан жолдас деп айтуға болма?неліктен?
Екі достың арасында риясыз сүйіспеншілік бар деп айтуға болама?неліктеп және қандай әрекеттен байқадындар?
3.Дәйек сөз.
Не жетеді нағыздосқа, асылға, Қуансаң да, қайғырсаң да қасыңда. Қиналады — сен қиналсаң болғаны, Ұйықтамасаң — ұйықтамайды ол дағы
Уильям Шекспир...
(Уильям Шекспир туралы қызық деректерді оқушыларға айтып беремін)
–Дәйек сөзде қандай дос жайлы айтылған?
–Осындай қасиеттермен бай досыңды, бауырым деп айтуға бола ма?
–Егер дос болсан, қандай дос болу керек?
–Нағыз дос болу үшін қандай қасиеттері болу керек?
4.Әңгімелеу (сұхбат)
І.Есенберлин
«Мен адамдарды құрмет тұтам.Бірақ олардың Американы не бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқандықтан немесе ғарышқа ұшуымен емес, тек таза көңілмен сүйе білу және жақсылық жасап, әділ бола білу, біреудің қайғысын бөлісе білуіне қарап .Өйткені адамды адам ететін және мәңгілік ететін –махаббат, әйтпесе бәрі де апат болар еді...
Тіпті, егерде ең ұлы ашылымдар болмаса да – бәрібір адамзат өмір сүрген болар еді, ал егер сүйіспеншілік жоқ болса, ол тез арада жойлар еді».
–Осы әңгімеде сендер қалай ойлайсыңдар І.Есенберлин не айтқысы келді?
–Соңғы сөзді қайталап,оқушылардан осы сөзді қалай сендер түсіңіндер?
Мұғалімнің сыйы:
Мультфильмы: Верните Рекса
https://youtu.be/Zh9T0VJ7Jek
5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс
Шағын қойылым Атасы мен немересі.
Атасы: Айналасындағыларды жақсы көрмеген адам әрқашанда өзін бақытсыз сезінеді.
Немересі:Барлық адамды жақсы көру мүмкін емес қой.
Атасы:Мүмкін болғанда қалай. Бұл –өте қарапайы нәрсе. Тек қана барлығына жақсылық тілеп, ниетің мен ойыңды жақсылыққа бағыштасаң болғаны.....
Немересі:Мен бұған қалай үйренсем екен....
–Сендер қалай ойлайсыңдар бірінші адам неден бастау керек?адамзаттың бәрін сүю үйрені үшін?
–Немересіне қандай кеңес берер едіңіз?
6.Үй тапсырма
–Балаларға Ұлы адамдар туралы қызықты деректерді тауып алуға тапсырма беремін.Оқушылар Ұлы адамдар туралы бізге айтып, тауып алған материалдармен бөліседі.
Әнi: Оралхан Көшеровтiкi.
Жанар Айжанова «Достарым» Толтыра бiлiп көңiлдiң олқы бос жағын,
Қатемдi түзеп жол тапсам дұрыс қостадың,
Қиналған шақта бөлiсiп жүрек жылуын,
Жүрдiңдер сендер қолтықтан демеп достарым.
Жабыққан сәтте қас-қағым
Жанымды ұғар басқа кiм?!
Жаңа бiр әуен бастадым
Сендерге арнап , достарым.
Сағыныш толы кеудемдi кернеп жыр көшкiн,
Достыққа келдi сағына әнмен үн қосқым,
Өтермiн мына өлшеулi ғана тiрлiкте,
Биiктен сайлап, орынын адал, шын достың.
Жабыққан сәтте қас-қағым,
Жанымды ұғар басқа кiм?!
Жаңа бiр әуен бастадым
Сендерге арнап , достарым.
Десек те қанша баянсыз достан түңiлдi ер
Қаншама арзан мiнезге куә жұмыр жер.
Асылдар аз ба, жанын да қияр дос үшiн
Соларға тағдыр, өкiнбей өтер ғұмыр бер.
Жабыққан сәтте қас-қағым,
Жанымды ұғар басқа кiм?!
Жаңа бiр әуен бастадым
Сендерге арнап , достарым.
8.Соңғы тыныштық сәті.
–Балалар енді көзімізді жұмып, бүгінгі сабақта өткен кезеңдерді есімізге түсірейік. Енді осы барлық жағымды әрекеттерімізді жүрегімізде сақтайық.