Өзін-өз тану» оқу курсы мазмұнындағы төрт» Т» транс, традишн, транпаренси, толеранс) ұғымдары
Орындаған: Төкебай Назыкен
Қазақстан ЕҚЫҰ-на төрағалық ету барысында ағылшынның «Т» әрпінен басталатын сөздерін ұран етіп ұстанбақ Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық барысында ағылшынның 4 бірдей «Т» әріпінен басталатын сөздерін ұран етіп ұстанбақ. Олар: Trust- «траст», Traditions-«традишин», Transparency-«транспаренси», Tolerance- «толеранс». Бұл сөздер қазір әлемдік терминге де айналыпүлгергені белгілі. Қазақша мағынасы - сенім, дәстүр, ашықтық және төзімділік сөздеріне жақын мағынаны білдіреді. Бұл туралы бүгін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Еуропадағы ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымына қатысты жасаған бейнеүндеуінде мәлім етті.
Қазақстандық төрағалықтың ұраны — төрт "Т" - "Траст" (сенім), "традиция" (дәстүр), "транспаренси" (транспаренттілік) және "толеранс" (толеранттылық).
Біріншісі бізге қажет бір-бірімізге деген сенімді білдіреді.
Екіншісі-ЕҚЫҰ-ның негізгі қағидаттары мен құндылықтарын ұстану.
Үшінші - " Қос стандарттардан "және" бөлу сызықтарынан "бос халықаралық қатынастардағы барынша ашықтық пен транспаренттілік. Қауіпсіздікке төнетін сын-тегеуріндер мен қауіптерді еңсерудегі сындарлы ынтымақтастыққа бағытталу.
Сонымен, төртінші-қазіргі әлемде барған сайын үлкен маңызға ие болып отырған мәдениетаралық және өркениетаралық диалогты нығайту жөніндегі жаһандық трендтердің көрінісі.
Жалпы сенім өзін-өзі тануда: Сенім тек жақын адамдар ғана арасында емес, қоғамдық деңгейде, әлемдік шеңберде де көрініс алады.
Адамның өз-өзіне, өзгелерге сенім білдіруі оның өмірге деген үміті мен қызығушылығын арттырады. Өзіне–өзі сену адамның өз құндылығын түсініп, мақсат-мүддесіне жетуіне көмектеседі.
Айналадағы адамдардың сенім білдіруі адамның жауапкершілігін арттырып, өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуға ықпал етеді.
Сенімді болу – ол жауапты және орындай білу дегенді білдіреді. Ол бастаған істі аяғына дейін орындау. Сенімді адамға қашанда ден қоюға болады. Сенімді болу – ол сөзіне берік болу, тосқауыл мен ескертусіз өзіне уәде еткенді жасау. Сенімді кісі жанымызда болғанда біз өзімізді еркіндікте, барлығы ойдағыдай болатынына сенімді боламыз. Сенімді кісі уәде берсе, соны істейді және дәл уақытында орындайды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: Біріншісі, бір-бірімізге деген аса қажетті сенімді білдіреді. Екіншісі, ЕҚЫҰ-ның негізгі қағидалары мен құндылықтарынан тұрады. Үшіншісі - халықаралық қарым-қатынастарда қосарланған стандарт пен жіктеушектерінен азат, барынша ашықтық пен транспаренттік. Қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерлерді еңсеруде сындарлыынтымақтастыққа ұмтылу. Төртіншісі, бүгінгі әлемде барған сайын маңызы артып отырған мәдениеттер және өркениеттер арасындағы диалогты нығайту жөніндегі жаһандық трендтің көрініс табуы. Елбасы үндеуін Қазақстан үшін Еуропадағы қауіпсіздік және ынымақтастық ұйымына төрағалық ету аса зор жауапкершілік деуіменбастады. Себебі, төрағалық мерзімі әлем тарихындағы күрделі бір кезеңмен тұс келіп отыр. Дегенмен, ЕлбасыҚазақстанның төрағалығы кезінде ұйымның бастыұстанатын бағыттарын жалғастыратынын атап өтті. Бұл, атап айтқанда, елдер арасында оңтайлы тепе-теңдікті сақтауға көңіл бөлу, қазіргі заманғы сыртқы қауіп-қатерлердің пайда болуына тиімді түрде қарсы тұру. «Ұйымға мүше барша елдердің мүдделеріне өзара тиімдішешімдерді табу ниетіндеміз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Осы орайда, барлық мүше мемлекеттерді Қазақстанның алғашқы бастамасы болып табылатын ЕҚЫҰ-ның биылғы саммитін өткізу туралы ұсынысына қолдау білдіругешақырды. Сондай-ақ Елбасы халықаралық ұйымның өз күнін белгілеу туралы да ұсыныс жасады. Елбасы бұл күн Хельсинки Қорытынды актісіне қол қойылған 1-тамыз болуы қажет деп есептейді.
Егеменді Қазақстан 1991 жылдан бастап өзінің сыртқы саясатында ынтымақтасу, бейбітшілік, өзара пайдалы сауда-экономикалық қатынастар, өркениеттердің үн қатысуы принциптерін бұлжытпай басшылыққа алып отырды. Соның нәтижесінде ЕЫҚҰ Қазақстан төрағалығы «Trust – Traditions – Transparency - Tolerance» немесе сенім, дәстүр, ашықтық, төзімділік ұрандарымен жүрді. Қазақстан, біріншіден Батыс пен Шығысты жақындастыруға, олардың өзара үн қосуына үлес қосуды көздеді. Екіншіден, әлемдік қайшылықтар мен аймақтық соғыстарға себеп болып отырған күрделі мәселелер: Ауғанстан, Таулы Қарабақ, Днестр бойы, Кавказдағы соғыстар сияқты қайшылықтар көзін шешуді мақсат тұтты. Төрағалық қызметі барысында Қазақстанның сыртқы істер министрлігі өкілдері осындай қауіпті нүктелердің барлығында болып, Евразия кеңістігінде бейбітшілікті нақты нығайту шараларын қарастырды. Қазақстан осымен қатар, үшіншіден, әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыстардан шығудың жолдары мен тәсілдерін Евразия мемлекеттеріне ұсынды. Төртіншіден, гуманитарлық, діни, мәдени салалардағы толеранттылық пен мәдениетаралық сұхбат мәселелері көтерілді.