Өзін-өзі басқару, жетекшілік және көшбасшылық



бет3/6
Дата07.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#91677
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
психология лидерство

Бірақ сонымен бір мезгілде бұл ұғымдарды біріктіру дұрыс емес. Басқару туралы айтқанда, біз екі жай жүйенің — басқарушы мен басқарылушының бар екенін ескереміз. Басқарушы жақ адамдардың іс-әрекетін реттеуде анағұрлым белсенді және бастамашыл. Бұл жағдайда ол қоғамның немесе ұжымның өзінің өкілеттілігіне сүйенеді. Мұның соңғы жағдайында, биліктің көзі түрғысынан алғанда ол өзін-өзі басқарудың элементі түрінде көрінеді. Бірақ функционалды тұрғыда, яғни өрекеттің мазмұны бойынша, ол өзін-өзі басқарудың жай жүйесінен айрықшаланады: өзін-өзі басқарудың әрбір қатардағы қатысушысы басқаруға тек ішінара қатысса, жекелеген функцияларды іске асыруға өзінің үлесін қосумен шектелсе, ал ол өзіне басқарушы функциялардың үлкен көлемін алады. Әдетте өзін-өзі басқарудың қатысушылары ең алдымен басқарушылықпен емес, кәсіби қызметімен айналысады. Басқару олар үшін ең бастысы емес. Мысал үшін айтар болсақ, оқытушылар, шеберлер өзін- өзі басқарудың субъектілері болып табылады. Бірақ олардың негізгі жүмыстары — ғылыми-педагогикалық қызмет, оның өзінде де басым көпшілігінде аса маңызды шешімдер қабылдауға байланысты жекелеген міндеттерді ғана өз мойындарына алады. Оқушылардың (студентердің) өзіндік басқаруына қатысушылар да оқу орнын басқаруға ішінара қатысады. Олардың басты жүмысы — оқу. Ал ректор мен оның басқарушылары үшін негізгі жүмыс — басқару. Өзін-өзі басқару үйымның өзінің еркі мен мүдделерін де қамтиды



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет