Өзін-өзі реттеу психологиясы дегеніміз не?



бет4/4
Дата26.04.2024
өлшемі26,71 Kb.
#201404
1   2   3   4
Байланысты:
?ç³í-?ç³ ðåòòåó ïñèõîëîãèÿñû äåãåí³ì³ç íå?

Өзін-өзі реттеу дағдысы – бұл оқушының орындаушылық әрекетін сапалы іске асыруға бағытталған әрекеттер. Қорыта келе, оқушының өзін-өзі реттеу дағдысын дамытуға ықпал ететін белсенді оқу әдістерін тиімді қолдану – оқудың нәтижелілігі ғана емес, тұлғаның толыққанды қалыптасуының да шарты болып табылады. Оқытуда нәтижеге жету жолдарын мұғалім дұрыс анықтай алса, тиімді тапсырмалар құрастырып, әдістерді іріктеп қолданса, оқушының дамуы мен оқу әрекетін біріктіретін тұлғалық мәнді сапасының біртіндеп қалыптасуына тікелей ықпал етеді.





Қалай оқу керектігі туралы оқыту
Оқыту –ол оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктер: Оқыту негізін түсіну, оқыту стильдерін назарға алу, өмір бойы білім алудың қажеттілігін мойындау және оның әдістерін таңдау; Жүйелі ойлануға үйрету; Шығармашылық таланттарын және оларды барынша жақсы пайдалану жолдарын зерттеу және анықтау;
Оқу үдерісі үшін және өзін-өзі тану әдісі ретінде оқуды жақсы көру; Тілді , есептеуді жақсы игеру және кеңістіктік ойлау қабілетінің болуы; Сандық техногогиялар саласындағы жоғары құзіреттілік. Қалай оқу керектігін үйренудің қозғаушы күші .
Өз кезінде мұғалімдер өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға көбірек назар аударуы керек. мұғалім өз мақсатында оқыту ортасын құру керек. Соның арқасында оқушылар ақпаратты енжар қабылдамай оқу үдерісіне белсенді қатысатын болады. Тапсырманың негізгі идеясына ақпарат беріледі, білім мен түсінікті оқушы өзі қалыптастырады. мұғалім бұл үдерісте – көмек беруші, бағыт беруші ,табыс , ұмтылыс және тиімді қолдану арасындағы негізгі байланыс. Индивид қалай ойлайтынын, қалай оқитынын қадағалау, бағалау, бақылау. Бұл үдерісте мұғалім: метатану мұғалім.
«Қалай оқу керектігін үйрену» модулінің атауы «өзін-өзі реттеу» үдерісіне жатады. Бұл үдерісте оқушылар метатану үдерісі арқылы түсіну, бақылау және оқу тәжірибесіне қадағалау жүргізу қабілеттерін дамытады. Қазіргі заманғы бірқатар зерттеулерде 3 жастағы оқушыларға мүмкіндік жасалған жағдайда, олар өзінің оқуына асқан жауапкершілікпен қарауға қабілетті екендігі анықталды . Олар балғын жас болуына қарамастан, өздерінің оқуына саналы түрде қарайды, тапсырмаларды шешу үшін өзіндік әдіс-тәсілдерді қолданады, сондай-ақ өздерін оқушы ретінде сезіне бастайды. Өзін-өзі реттеу мен метатанудың мұндай дағдыларын дамыту бұл балалардың саналы оқушы болып шығуларының кілті екендігін растады. Бұл зерттеу аталған қабілеттерді дамыту 3–5 жас аралығында болатындығын, сондайақ мұғалімдердің осы кезеңде жоғары сапалы педагогикалық тәсілдерді қолданып қомақты үлес қоса алатындығын көрсетті.
Қорытындылай келе,тәуелсіз оқушыларда тәсілдер, сапалар, дағдылар және білім кешені болады, олар бір нәрсені үйрену қажет болған кез келген жағдайда оны іске қоса алады. Есейген сайын оқушы тәуелсіздікті көбірек қажетсінеді; оқытудың әрбір кезеңін оқушы тәуелді жағдайда бастайды, содан соң (қолайлы жағдайда) мұғалімнің қолдауымен және мадақтауымен дербестік пен тәуелсіздіктің жоғары деңгейіне көтеріледі. Өзін-өзі басқарудағы метакогнитивтік қабілеттер тәжірибеге қарай және уақыт өте жақсарады деп ойлағанымыз дұрыс.

Пайдаланылған әдебиеттер:



  • Джейкобс, Дж .; Париж, СГ (1987). «Балалардың оқу туралы метатануы: анықтама, өлшеу және нұсқаулық мәселелері». Психолог. 22 (3–4): 225–278.

  • https://lifemotivation.online/razvitie-lichnosti/samopoznanie/samoregulyatsiya

  • https://psylogik.ru/90-samoreguljacija.html


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет