Өзін-өзі тану жалпы орта білім беретін мектептің 10-сыныбына арналған оқулық Алматы 2019 «Өзін-өзі тану»



Pdf көрінісі
бет43/115
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#86755
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   115
Байланысты:
Book-file-22-0 (1)

Жақсылыққа апарар жол қайда?
(Үзінді)
Дейл Карнеги
Бірнеше жыл бұрын мен радио арқылы елдің алдына шығып сөйлеп 
жүрген кезімде менен: «Сіздің өмірден алған ең үлкен сабағыңыз 
қандай?» деген сұраққа жауап беруімді өтінді. 
Мен үшін бұл сұрақ еш қиындық туғызған жоқ. Өйткені бұл сұраққа 
жауап беру мен үшін оңай болатын. Менің өмірден үйренгенім – 
ол біздің ойлаған нәрсеміздің қаншалықты маңыздылығын түйсіне 
білу еді. Сен алдымен маған не ойлап отырғаныңды айтсаң, мен 
сенің кім екеніңді айтып беремін. Біздің ойларымыз біздің тұлғалық 
қасиеттерімізді айқындайды. Біздің өмірге деген қарым-қатынасымыз – 
біздің тағдырымызды анықтайтын фактор. Эмерсон айтқан: «Күні бойы 
ойлаған ойы арқылы адамның кім екендігін білуге болады». Бұдан 
артық не айтуға болады? 
Біз жиі кездесетін бірден-бір өзекті мәселе – дұрыс көңіл-күйді 
таңдау екендігіне еш күмәнім жоқ. Егер біз оны дұрыс таңдай алсақ, 
ӨНЕГЕЛІ ӨМІР


63
өз проблемамызды шешуге жол табамыз. Рим империясын басқарған 
ұлы философ Марк Аврелий бұл ойды тоғыз ауыз сөзбен жеткізген, 
бұл тоғыз ауыз сөз сіздің тағдырыңызды айқындайды: «Біздің өміріміз 
өзіміздің өмір туралы ойларымыздан туындайды».
Шынында, біз бақыт туралы ойласақ, өзімізді бақытты сезінеміз. 
Егер бізді мұң басса, біз мұңға батамыз. Егер 
бойымызды үрей билесе, біз қорқамыз. Егер 
ауру туралы ойласақ, ауырып қалуымыз әбден 
мүмкін. Егер біз жеңіліс туралы ойласақ, бірде 
болмаса бірде жеңіліске ұшырауымыз ғажап 
емес. Егер біз өзімізді-өзіміз аясақ, адамдар бізге аянышты көзбен 
қарап, айналып кетуі мүмкін.
Сіздің ойыңызша, мен біздің проблемаларымызға оптимистік 
көзқараспен қарауды насихаттап отырған шығармын? Жоқ. Өмір 
ойыншық емес. Мен адамдардың қоршаған ортаға теріс емес, оң 
көзқараспен қарауын қолдаймын. Басқа сөзбен айтқанда, біз өз 
проблемамыз туралы мазасызданудың орнына оларды шешу туралы 
қамдануымыз қажет. Бұл екеуінің айырмашылы неде?
Мен бұл ойға мысал келтіре кетейін. Күн сайын мен Нью-
Йорктың қандай да бір көшесін кесіп өткен кезімде көлденең өтіп 
бара жатқан көліктің астына түсіп қалмауыма жағдай жасаймын. 
Бірақ бұл қорықаннан емес. Өзіңе-өзің жағдай жасау дегеніміз – біздің 
проблемаларымыздың мәнін түйсіну жөне соны шешуге күш салу.
Біздің ішкі жан-дүниеміз проблемаларға толы болса да, оны сырт 
көзге білдірмей, еңсеңді көтере, басыңды тік ұстап та жүре беруіңе 
болады.
Адамдарға отыз бес жыл үздіксіз дәріс беруімнің нәтижесінде мен 
бір нәрсеге толық көз жеткіздім, ол – ерлер мен әйелдер өздерінің ой-
пікірлерін өзгерту арқылы бойын мазалаған мазасыздықтан, үрейден, 
ауру-сырқаудан арылып, өз өмірлерін түбегейлі өзгерте алатындығы. 
Өз өмірлерінде осындай ұлы өзгерістер болған жүздеген адамдарды 
білемін. Менің оларды көп көргендігім соншалықты, мен оларға таң 
қалмайтын да болдым.
Менің шынында да терең түйсінгенім, сезінгенім – ол біздің рухани 
тыныштығымыз бен өмірдегі қызығымыз қай жерде, қандай қоғамда, 
қандай екендігімізге қарамастан – адамның көңіл-күйіне байланысты 
болады.
Мильтон көзі көрмейтін көрсоқыр болса да, бұл туралы үш жүз 
жыл бұрын: «Адам өзінің ақыл-ойы арқылы жұмақты тозаққа, тозақты 
жұмаққа айналдыра алады» деп айтқан екен.
Шынында, біз бақыт 
туралы ойласақ, 
өзімізді бақытты 
сезінеміз. 
ӨНЕГЕЛІ ӨМІР


64
Наполеон мен Элен Келлердің өмірге деген көзқарасы да бұл 
сөздеріме толық дәлел бола алады. Наполеон қанша байлыққа, атаққа, 
билікке қол жеткізсе де, Қасиетті Елена аралында тұрып: «Мен өзімді 
өмірімде ең болмаса алты күн де бақытты сезініп көрмеппін» десе, 
құлағы керең, көзі соқыр Элен Келлер: «Мен өзімді сондай бақытты 
сезінемін» деген екен.
Жарты ғасырдан астам өмірімде мен «өзімізден басқа ешкім бізге 
рухани тыныштық әкелмейтіндігіне» көзім анық жетті.
Ұлы философ Эпиктет: «біздің денемізде пайда болған бездерді 
алып тастағаннан гөрі басымыздағы жаман ойларды алып тастауға көп 
көңіл аударуымыз керек екендігін» баса айтқан болатын.
Француздың ұлы философы Монтень мына бір он жеті сөзді өз 
өмірінде, мақсат етіп ұстаған: «Адам айналадағы болып жатқан оқиғадан 
емес, оны сезініп, бағалағаннан кейін зардап шегеді». Ал болып жатқан 
оқиғаны қалайша бағалау – ол біздің өз қолымызда.
Практикалық психология саласында зор жетістіктерге жеткен 
Уильям Джеймс «біз өз сезімімізді тек ерік күшіміз арқылы ғана өзгерте 
алмаймыз, ал бірақ өз іс-әрекетімізді өзгерте аламыз» деп санайды. Біз 
сол іс-әрекетімізді өзгерткен кезде сезімімізді де еріксіз өзгертеміз.
«Сонымен, егер сіздің қабағыңызды кірбің шалса, сіз бірден 
көңілдене алмайсыз. Ал егер сіздің отырысыңызда, қозғалуыңызда 
немесе сөйлеген сөзіңізде бір көтеріңкі көңіл болса, сіздің тез-ақ 
қабағыңыз ашылады».
Шынында да осы бір қарапайым әдіс пластикалық операция сияқты 
әсер етеді. Сенбесеңіз, өз басыңыздан өткеріп көріңіз. Алдымен риясыз 
көңілмен күлімсіреңіз, денеңізді тік ұстап, терең дем алыңыз. Қандай 
да бір көңілді әннің бір қайырымын ыңылдап әндетіп көріңіз, ән айта 
білмесеңіз – ысқырыңыз. Егер ысқыра білмесеңіз – күбірлеп көріңіз. 
Сонда ғана Уильям Джеймстің не айтқанын түсінесіз.
Бұл табиғи шындықтың бірі және ол сіздің өміріңізге көп өзгеріс 
енгізеді.
Бірнеше жыл бұрын менің есімде ұмытылмастай із қалдырған бір 
кітап оқыдым. Оның аты «Адам қалай ойлайды?», авторы – Джеймс 
Лейн Аллен. Онда мынадай сөздер келтірілген:
«Адам баласы өзінің айналасындағыларға, басқа адамдарға деген 
көзқарасын өзгертсе, олардың да бұған деген көзқарасы өзгереді. Адам 
өзінің ой-пікірін түбегейлі өзгертсе, оның өмірінің материалдық жағы 
да өзгереді. Біздің тағдырымыз өз қолымызда. Адамның қол жеткізген 
жетістіктері – оның өзінің ақыл-ойының нәтижесі. Адам өзінің ойы 
арқылы жоғары көтеріліп, жеңіске жетеді. Ал ойын бағыттай алмаған 
ӨНЕГЕЛІ ӨМІР


65
адам әлсіз, бақытсыз болады». Сондықтан да өз бақытымыз үшін 
күресейік. Алдымен күресуді оптимистік ойлау негізінде жүзеге 
асырайық.
• 
 Адам өмірінің мән-мағынасы неліктен оның ойынан басталады?
• 
Мәтіндегі «Біздің өміріміз өзіміздің өмір туралы ойларымыздан 
туындайды» деген оймен қаншалықты келісесіздер? Неліктен?
• 
 Мәтіндегі «Біз өз проблемамыз туралы мазасызданудың 
орнына оларды шешу туралы қамдануымыз қажет» деген ойды 
түсіндіріп беріңіздер. 
• 
Адам ақыл-ойының мәнді-мағыналы өмірге бастайтынын қалай 
дәлелдер едіңіздер?
• 
Жақсы ойлаудың жемісін көрген кездеріңізді еске түсіріп, 
айтып беріңіздер. 
• 
Өзінің жақсы ойы арқылы жоғары көтеріліп, жеңіске жеткен 
өздеріңіз білетін жандар жайлы әңгімелеп беріңіздер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет