69
түседі. Кішіпейілділік – адамның көркі.
Бейпілауыз жаман сөздерге әуестену, темекі тарту, арақ ішу сияқты
жарамсыз қылықтар адамды тұрпайылыққа, тәртіпсіздікке, қылмысқа
апарады.
Адам сыншыл,
көңілі ашық, жігерлі болуы керек. Әрине, бұл
қасиеттер жасанды бояулы болмай, табиғатына біткенде ғана
сәнді. Дүниеде жағымпаз болудан жаман жоқ.
Кішіпейілділік пен
жағымпаздықтың арасы жер мен көктей.
Адамның қасиеттерін нәрлендіре түсетін нәрсе – өзін эстетикалық
тәрбиеге бейімдеу. Музыкаға әуестену, музыканы сүйіп тыңдау, жақсы
суреттердің мәнін түсіне білу, өлеңге, әдебиетке құлықтану, өткен
тарихты білу – адам мәдениетін өсіре түседі.
Мұндай адамдармен
сөйлесудің өзі бір ғанибет әрі қызықты.
Өмір жолы жеңіл жол емес. Бұл жолда кедір-бұдыр аз болмайды.
Табысқа мақтанбай, қайғыға бағынбай, қиыншылыққа мойымай, өзіңді-
өзің ілгеріге тарту – адамшылық парызың.
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болу қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз, – деген Абай сөзін естен шығармаңдар!
•
Мәтіндегі «Халық мүддесінен аулақ, жеке жол іздеу, қоғам
қорынан үзіп-жұлып күн көру – адамгершілік жол емес» деген
ойды қалай түсіндіңіздер?
•
Мәтіндегі «Халық әр уақытта қарапайымдылықты,
сыпайылықты, әдептілікті жақсы көреді. Кішіпейілділіктен
адам кем болмайды, қайта тұлғалана түседі. Кішіпейілділік –
адамның көркі» деген ойды түсіндіріп беріңіздер.
•
Автордың адам бойындағы жақсы қасиеттердің жасанды
болмауы керек деуінен нені түсіндіңіздер?
•
Мәтінде айтылған жастық кезеңнің міндеттері өз
ұстанымдарыңызға сай келе ме? Неліктен?
•
Өздеріңіз күнделікті өмірде талап қоя білесіздер ме? Ол не үшін
қажет? Қойылған талап пен уақыттың қандай байланысы бар?
•
«Өзіңе сыни көзбен қарау» дегенді қалай түсінесіз?
•
Жас кезеңнің міндеті ретінде тағы нені қосуға болады?
Достарыңызбен бөлісу: