72
көтеріңдер» деп сұрақ қойды. Отырғандардың көпшілігі қолдарын
көтерді. «Ал ағаш жоңқасын арамен кескен адам бар ма?» дегенде,
ешкім де қолын көтерген жоқ.
«Әрине, ағаш жоңқасын жону мүмкін емес, өйткені олар жонылған.
Өткен күндер туралы да осыны айтуға болады.
Өткен өмір туралы,
болып кеткен жайлар туралы ойлаған кезіңізде сіз сол ағаш жоңқасын
қайта жоңғанмен бірдей боласыз».
Әрине, барлығымыз да пендеміз ғой, қателік жасамайтын адам жоқ.
Ондай-ондай кемшілік кімнің басында болмайды? Тіпті Наполеонның
өзі жүргізген үлкен ұрыстардың үштен бірінде жеңіліске ұшыраған.
Бір сөзбен айтқанда, қанша жерден патша болса да, оның айналасында
жүрген адамдар да өткен күнді қайтара алмайды. Сондықтан мына
ережені есте ұстаңыз: «Жонылған ағаш жоңқасын қайта жонамын деп
әуре болмаңыз».
Түйін:
Мазасыздыққа бой беретін жаман әдеттен қалай арылуымыз керек?
1-ереже. Бойыңызды билеген мазасыздықтан құтылу үшін бос
жүрмей, өзіңізді-өзіңіз жұмысқа жегіңіз. Бұл – мазасыздықтан,
алаңдаушылықтан арылудың бірден-бір жолы.
2-ереже. Түкке тұрмайтын нәрсеге бола ашуланбаңыз.
3-ереже. Бойыңызды жайлаған мазасыздықты кетіру үшін үлкен
сандар заңын қолданыңыз.
4-ереже. Айналаңыздағы болып жатқанды сол күйінде қабылдаңыз.
Егер оны өзгерту немесе түзеу қолыңыздан келмесе «Бұның басқа жолы
жоқ бұл осылай күйде қалуы керек» деп сендіріңіз.
5-ереже. Мазасызданудың да шегі бар деп белгілеңіз. Болып жатқан
оқиға қаншалықты мазаңызды ала алатынын шамалаңыз да, одан әрі
оны ойламауға тырысыңыз.
6-ереже. Өткен күн туралы ойламаңыз. Ағаш жоңқасын қайта
жонудың қажеті жоқтығын есте ұстаңыз.
Түйін:
1-ереже. «Біздің өміріміз – ол туралы біздің не ойлайтындығымыз»
екендігін
естен шығармай, өз ақыл-ойыңызды тыныш өмір, үміт,
денсаулық туралы ойлармен толықтырыңыз.
2-ереже. Ешқашан да өзіңізге дұшпан адамдардан кек алуға
тырыспаңыз, себебі, сіз олардан гөрі өзіңізге көп зиян келтіресіз.
Генерал Эйзенхауэр айтқандай, өзіңіз жақсы көрмейтін адамдар туралы
бір минут та ойлаудың қажеті жоқ.
3-ереже. а) Адамдар жасаған
қайырымсыздыққа бола өкпелемей,
солай болуы мүмкін-ау деп қараңыз.
ә) Бақытқа қол жеткізудің бірден-бір жолы – жасаған жақсылығыңызға
АДАМДЫҚ БОРЫШ – АСЫЛ ҚАСИЕТ
73
біреулердің алғыс айтуын күту емес, алдымен жақсылық жасау және
сол арқылы алғысқа бөлену.
б) Алғыс айта білу – көргенділіктің, тәрбиенің нәтижесі екендігін
есте ұстаңыз, егер біздің балаларымыз тәрбиелі болсын десеңіз – осы
қасиетті бойына сіңіре біліңіз.
4-ереже.
Сәтсіздіктеріңізді емес, қуанышты күндеріңіздің есебін
жүргізіңіз.
5-ереже. Ешкімге ұқсамауға тырысыңыз. Өзіңізге тән бейнеңізді
табыңыз да, сол қалпыңызда қалуға тырысыңыз. «Қызғаныш – қызыл
от, ал біреуге еліктеу өзіңді өзің, өлтіргенмен бірдей» екендігін естен
шығармаңыз.
6-ереже.
Өмір сізге ащы дәмін татырса, сіз оны тәтті дәмге
айналдыруға тырысыңыз.
7-ереже. Өз басыңыздағы сәтсіздіктерді ұмытыңыз. «Өзгелерге
жақсылық жасау арқылы сіз алдымен өзіңізге көмек көрсетесіз».
Достарыңызбен бөлісу: