83
Ұйқыңнан қанша ерте оянсаң да
Естисің тыстан үнін мал қайырған.
Тұнығын
шайқасаң да оңды-солды,
Кешіргіш, мейірімді, бөлек орны.
Көңілі хош, дүниесі түгел оның
Қалқиып көз алдында жүрсең болды.
Анама
Оразақын Асқар
Есейіп жігіт болсам да,
Қоймайсың айналғаныңды.
Өзге үйге бір күн қонсам да,
Айтасың сағынғаныңды.
Кезімде
сәби былдырлап,
Не дедім, қалай жүгірдім.
Айтасың ылғи қызықтап,
Қылығын сол бір күнімнің.
Есейдім,
өтті ол бір кез,
Өмірге ойлы қарадым.
Қалыпты бойда бал мінез,
Алдыңда әлі баламын.
Достарыңызбен бөлісу: