48
тұтқан? Жүз жасағандардың бәрін бірдей төбесіне көтере бер-
мейді ғой.
... Адамның ойы да көркем, бойы да көркем.
Қазақ тілінде «таза» адам деген сөз үсті-басының тазалығымен
бірге, ар-ұятының тазалығын да көрсетіп тұрады.
Өз мініңді көруден, басқаның мінін көру оңай.
Өзі таза адам өзгеге күйе жаға алмайды,
Күйе жағу үшін өзінде күйе болу керек.
Өнер туындыларымен танысып, «Малым – жанымның
садағасы, жаным – арымның садағасы» немесе «Қара қылды
қақ жарғандар» тақырыбында пікір алысу жүргізіңіздер.
А. Дүзелханов
Әйтеке би.
А. Дүзелханов
Қазыбек би.
А. Дүзелханов
Төле би.
3-тапсырма.
Сенеканың «Денесін шынықтыратын адамдар көп,
жан-дүниесін жетілдіретіндер өте аз» деген ойын «көзқарас – себеп –
мысал – қорытындылау» әдiсiмен талқылаңыздар.
4-тапсырма.
Жағдаятты шешіңіздер. Кейіпкердің жан дүниесінің
сұлулығын тауып, сахналап беріңіздер.
Хакімнен
20
біреу: «Осы сен мал баққан қойшы болсаң да, ел неліктен
саған құмар?», – деп сұрапты.
Сонда Лұқман хакім:
– Өйткені мен көзімді харамға жұмдым, тым еркіне жібермей,
тілімді тістедім, аз тамақтандым, уәдемде тұрдым, маған қатысы
жоқ нәрселерге көңіл аудармадым, – депті.
20
Білімді, оқымысты, ғалым.
АДАМНЫҢ ЖАН СҰЛУЛЫҒЫ
49
Бальтасар Грасиан
Ізгілік – біздің ішкі әлеміміздің күні, оның аспаны – таза ар-
ождан мен адамдардың сүйіспеншілігіне бөленді.
Ізгіліктен
сүйкімді, кемшіліктен жиренішті ештеңе жоқ. Ізгілік қана
шынайы, қалғанының бәрі жасанды. Тереңдік пен ұлылық
тағдырмен емес, ізгілікпен өлшенеді.
Қазақ елі
Сөзі Шөмішбай Сариевтікі
Әні Сейдулла Бәйтерековтікі
Қазағым сенсің қазақ –
ұлы елім,
Дүрсілдеп сен деп соққан жүрегім.
Мақтанам, қазағым, мақтанышым,
Тәуелсіздік таңы атқан үшін.
Қазағым, сенсің тауым асқарым,
Самғасаң сенсің ұшар аспаным.
Жұлдызы, айы аман, күні аман,
Туған жерім – сенсің ұлы анам.
Қазақ жері –
бұл Қазақстан
Жаса мәңгі гүл Қазақстан.
Келешекке туған елім менің,
Қолым беріп тұр менің Қазақстан.
Бір мен үшін сенен басқа жер жоқ.
Жер бетінде сенен басқа ел жоқ.
Арманым, тағдырым – қазақ жерім
Әнұраным, туым, қазақ елім.
Қазақ елі ұлы көште,
Дария тағдыр суын кеште.
Қазақ жері,
кең далам да осы,
Біз балаңбыз туып өскен.
Қазағым, туып өскен мекенім,
Қастерлеп сені мәңгі өтем.
Туым да, далам да қазақ жері
Жаса мәңгі, қазақ елі.
АДАМНЫҢ ЖАН СҰЛУЛЫҒЫ