Өзін-өзі тану жалпы орта білім беретін мектептің 10-сыныбына арналған оқулық Алматы 2019 «Өзін-өзі тану»



Pdf көрінісі
бет66/115
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#86755
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   115
Байланысты:
Book-file-22-0 (1)

21-22 КӨШБАСШЫ БОЛУ
Ел көшін бастау – маған сын, мені қостау – елге сын.
Нұрсұлтан Назарбаев
• Дәйексөзді оқып, мағынасын түсініп алыңыздар.
Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіздер.
Ол – туған халқының кемеңгері
 Нұрмұханбет Дияров
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі филолог-ғалым 
Мырзатай Жолдасбеков – Тәуелсіз еліміздің туын көтерісіп, сол бір 
күрделі кезеңдерде Елбасымыздың сенімді серіктерінің бірі болған, оң 
жағынан табылған тұлға. Ол «Ел тағдыры – ер тағдыры», «Сөзді ұғатын 
кез келді», «Күндерімнің куәсі», тағы да басқа еңбектерінде Нұрсұлтан 
Әбішұлы Назарбаевтың көшбасшылық, қайраткерлік, адами келбетін 
бейнелейді.
– Ал шын мәніне келсек, Нұрсұлтан Әбішұлы туралы көбірек білетін 
адамдар санаулы. Соның бірі өзіңіз екендігіне тіпті де күмән жоқ. 
Сондықтан әңгімені ол кісіні алғашқы көрген сәтіңізден бастасаңыз.
– Болашақ Президентті алғаш рет 1957 жылы көрдім. Қаскелеңдегі 
Абай атындағы қазақ орта мектебінде педагогикалық практикадан 
өткенімде Нұрсұлтан оныншы кластың оқушысы еді. Жүзі жайнап, 
екі көзі оттай жанып, жарқ-жұрқ етіп, ай маңдайы жарқырап, бәйге 
атындай тыпыршып отыратын. Ішіне сыймай жүрген бір құдірет бардай 
көрінетін. Қажырлы, еңселі болатын. Тұрғыластарының арасынан 
иығы озық тұратын. Намысшыл болатын. Момынға болысып, жұртқа 
көмектесіп жүретін.
«Болат кездік
37
қын түбінде жатпайды» дегендей, ол жастайынан 
қынаптан суырылған қылышқа ұқсады, әуел бастан-ақ мұзжарғыш 
кемедей қай ортаға барса да сыйып, сіңіп жүре берді.
Орта мектепті үздік бітірді. Бала жастан елгезек болып өсті. Ерте 
тұрды, кеш жатты. Отбасының ауыртпалығын әке-шешесімен бірге 
көтерісті. Жатпай-тұрмай ата-анасына қолғабыс тигізді.
Асылы, ықылым
38
заманнан бері қоғамдық өмірде қалыптасқан 
белгілі бір құбылыс – кесек, біртуар тұлғалардың жаратылысы 
37
Пышақ.
38
Ескі.


99
39
Серік.
ерекше болып, көпшілік ортада Құдай 
берген қадір-қасиетімен бала кезден 
танылатындығы. Сөйтіп, жасынан көзге 
ілігіп, қай істе де мақсаткерлік мінез-
болмысымен дараланып, шоқтығы биік 
тұратындығы.
Өзі қатарлы балалар ауылын қимай жүргенде Қаскелеңге тиіп 
тұрған әсем Алматыға емес, ол кезде жер түбіндей көрінетін Арқадағы 
Қарағандыға, оның да өзіне емес, жанындағы ол кезде атын біреу естіп, 
біреу естімеген Теміртау қаласына, онда да оқуға емес, жұмысқа тартып 
кеткенін, кейіннен өзге де қазақстандық жастармен Днепродзержинскіге 
аттанғанын, келгеннен кейін Қазақстан Магниткасының маңдайалды 
металлургі атанғанын да, сонда жүріп көзге түсіп, әуелі комбинаттың, 
одан қаланың, одан облыстың басшылығында болғанын да, 
қылшылдаған қырықтағы жасына жаңа жеткенде республикалық 
деңгейдегі лауазымды қызметке – Орталық Комитеттің хатшылығына 
шақырылғанын да, мұнан соң көп ұзамай сол кезде Кеңес Одағындағы 
ең жас Министрлер Кеңесінің Төрағасы болып бекітілгенін де бүгінде 
халық жақсы біледі.
– Бүгінде тәуелсіздігімізді нығайтып, алыс-жақынға танылып, тіпті 
бірсыпыра жерлерде мойындатып, біраз ілгері бастық. Ал кешегі бір 
қиын күндерде, яғни өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарындағы 
тұсқа қайта бір оралайықшы. Сол кездегі Президент, сіздің көзіңізбен 
қарағанда, қандай қиындықтарды бастан кешті және елді адастырмас 
тура жолды қалай тапты?
– Тәуелділіктен арылып, тәуелсіздікпен қауышқан тұста, ызы-
қиқы кезеңде мен Нұрсұлтан Назарбаевтың елді апатқа ұшыратып 
алмай, аман алып шығудың айла-әрекеттерін іздеп шарқ ұрған, елі 
үшін төсегінен түңіліп, түн ұйқысын төрт бөлген мазасыз күндерінің, 
ұйқысыз түндерінің куәсі болған, жан тебіренісін де, күйзелісін де көрген 
адаммын. Жан-жақтан анталаған кезеңде жанында болған, ерлігін, 
қайсарлығын, тәуекелшілдігін көзіммен көрген, елі үшін атқарған ерен 
еңбектерінің куәсі болған адаммын. Шамам келгенше қолғабыс тигізген 
нөкерлерінің
39
бірімін.
Тәуелсіздіктің қиын да күрделі жылдары бес жыл бойы күні-түні 
қасында болып, тереңдігін, кемелдігін көрдім. Елім дегенде ен дүниеге 
сыймай талай тебіренгенін, талай ұйқысыз түндер мен тынымсыз 
күндерді басынан кешіргенін көзіммен көріп, жүрегіммен сездім. 
Арпалысқан, аласапыран кезеңде үйреніскен қалыпты жүйенің астан-
кестеңі шығып жатқан, алда не боларын білмей жұрт сасқалақтаған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет