126
7-тапсырма.
«Ғаламтор кітапты алмастыра ала ма?» тақырыбында
эссе жазыңыздар.
«Ешқандай техника адами құндылықты алмастыра
алмайды» тақырыбында пікір алысу жүргізіңіздер.
8-тапсырма.
Facebook, Instagram, Twitter желілерінде
рухани-адамгершілік
бағытындағы
парақшалармен
бөлісіңіздер. Осы желілерде рухани-адамгершілік бағыттағы
өз
парақшаларыңызды ашып, сыныптарыңыздағы «Асар»
тобының қызметімен бөлісіңіздер.
Компьютерде уақытының басым бөлігін виртуалды әлемде
өткізу денсаулыққа қауіп төндіріп қана қоймай, адамды
компьютерлік тәуелділікке, психологиялық күйзеліске
ұшыратады.
Ең дұрысы виртуалды өмір мен нақты өмірдің арақатынасын дұрыс
ажырата алып, өзіңе шек қоя алу.
Ал адам виртуалды өмір мен нақты
өмірде дұрыс таңдау жасай
алмаса, виртуалды кеңістіктің тұтқынына айналады. Бұл адамның өзіне
және қоршаған ортасына үлкен қауіп-қатер әкеледі.
Адам
Сөзі Тұманбай Молдағалиевтікі
Әні Әсет Бейсеуовтікі
Адам күліп қарсы алады таң нұрын,
Адам жырлап жөнелтеді әр күнін.
Сәл қайғырса, ол ұғына түседі,
Дүниенің кеңдігі мен тарлығын.
Қайырмасы:
Адам
боп өтейік,
Адам боп туған соң.
Мақсатқа жетейік,
Мақсатты қуған соң.
Адам күліп қарсы алады таң нұрын,
Адам жырлап ұзартады әр күнін.
Сәл қуанса, шығарады ол естен,
Дүниенің кеңдігі мен тарлығын.
Қайырмасы.
АДАМ ВИРТУАЛДЫ КЕҢІСТІКТЕ