Кеңдік, кеңпейілділік
– адам бойындағы жақсы қасиетті білдіретін
этикалық ұғым. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында айналасына
жайлы, қолы ашық адамдарды алды кең, пейілі жомарт деп атап, жоғары
бағалаған, кеңдікті адам бойындағы ізгі қасиеттер қатарына қойған.
Көпшілдік
– адам бойындағы бауырмалдық қасиетті білдіретін
ұғым. Көпшілдік адамның адамгершілік мұраттарды ардақтап, қоғамдық
істерді жүзеге асырудағы қауымшылдығынан, белсенділігінен көрінеді.
Көргенділік
– жеке адам бойындағы имандылық, кішіпейілділік,
әдептілік тәрізді адамгершілік қасиеттерінің жиынтығы.
Достарыңызбен бөлісу: |