«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІ БОЙЫНША
ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІК
Адамгершілік
– адамдардың күнделікті қарым-қатынасына қатысты
гуманизм принциптерін бейнелейтін моральдық қасиет, адамдарға деген
ізгі ниетілік, құрмет, жанашырлық пен сенім, кеңпейілдік, басқалардың
мүддесі үшін жан аямаушылық сияқты жеке қасиеттерді қамтиды.
Адамгершілік қасиеттер
– адамгершілік нормалармен реттелетін
іс-әрекеттерге деген қатысын адамның бойынан өткізуі.
Адамгершілік мәдениеті
– тұлғаның моральдық принциптері,
нормалар мен идеалдарын игеру деңгейі, оларды адамдар арасында
қарым-қатынастарда практикалық түрде пайдалану.
Адамгершілік мінез-құлық
– адамдарға жағымды мінез көрсету,
мейірімділік, рахымдылық білдіру.
Адамдық
– адамға тән ізгі қасиет.
Адамшылық
– адам бойындағы ізгі қасиет, адамгершілік.
Асар
– жабылып бірге жұмыс істеуге, көмекке шақыру.
Атамекен
– ата-бабадан ұрпаққа мұра болып қалған ежелгі құтты
қоныс, мекен.
Әдептілік
– адамдардың жүріс-тұрысы мен өзара қырым-
қатынасының жалпы ережелері. Адам бойындағы жағымды қасиет,
оның қоғамда қабылданған әдеп талаптарын мінсіз орындауы.
Әдет-ғұрып
– жалпыға бірдей қалыптасқан қоғамдық дәстүр, жөн-
жора.
Достарыңызбен бөлісу: |