Өзін-өзі тану жалпы орта білім беретін мектептің 10-сыныбына арналған оқулық Алматы 2019 «Өзін-өзі тану»



Pdf көрінісі
бет99/115
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#86755
түріОқулық
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   115
Байланысты:
Book-file-22-0 (1)

1-тапсырма.
Сыныптағы «Асар» тобының жыл бойы 
атқарған ізгі істерінің қорытындысын шығарып, фотокөрме, 
презентация жасаңыздар. Жаз мезгілінде атқаратын іс-
шаралардың жоспарын жасаңыздар.
2-тапсырма. 
Facebook, Instagram, Twitter желілерінде рухани-
адамгершілік бағытындағы ашқан парақшаларға сараптама жүргізіп, 
қорытындысын диаграмма түрінде көрсетіңіздер. Осы парақшаларды 
ары қарай дамыту жоспарын жасаңыздар.
3-тапсырма. 
«Менің борышым» жобасының нәтижелерін 
презентациялаңыздар. «Өмір мәні – ізгілік» тақырыбында мерекелік іс-
шара ұйымдастырыңыздар. Оған ата-аналарыңызды, өздеріңізге немесе 
өздеріңіз көмектескен адамдарды қонаққа шақырыңыздар. 
Бағала
Сөзі Мирас Қадырмұраттікі
Әні Ренат Гайсиндікі
Күлімдеп көктем көңілде,
Көркем өмірде,
Бөленейік мөлдір сезімге.
Шынайы болса сөзіміз,
Болар жолымыз,
Өзгертетін бәрін өзіміз.
Бастау алатын тілегің,
Сенің тірегің –
Кеудеңдегі соққан жүрегің.
Қайырмасы:
Бағала уақытыңды,
Бағала бақытыңды,
Ата-ана, дос-бауырдың бәрін бағала!
Бағала адалдықты,
Бағала адамдықты,
Бағалай алмағанға бақ кеп қона ма?
Алданып елес, сағымға,
Жолдан жаңылма,
Әр күніңді сый деп қабылда.
Қиындықтардан жеңілме,
Ешбір берілме,
Бақыт оңай келмес тегінде.
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ САБАҚТАРЫ


155


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет