4-тапсырма.
Өлеңді оқып, ондағы ар-ұжданға байланысты түйген
ойларың туралы қысқаша ақпарат әзірлеңдер.
Құтты білік
(Үзінді)
Жүсіп Баласағұн
Ұятты біл, ұятсыздан қашық бол,
Парасатқа, пәк көңілге асық бол!
Ар-ұятың жаман істен сақтайды,
Бұзықтарды ұят түзеп, ақтайды.
Кісілікті ұят сақтап қалады,
Ұяты бар кісі – адамның адамы.
Іс берсең бер ұятты – арлы адамға,
Намысты жан ашпайды есік арамға.
Ұятсыздың ұятсыз, нас тілі де,
Жөн сөзі жоқ, кісі қоры тіріде.
Тыңда адамды ұяты – көз, жолы хақ,
Ақыл айтқан ақ жүрегін қолына ап:
«Ұятсызға жақындама, жырақ тұр,
Ұятсыздың көзі ұятсыз, құлақ түр».
Ақ көгершін
Сөзі Нығмет Баймұхамедовтікі
Әні Ахмет Жұбановтыкі
Ақ көгершін, көгершін,
Қолқанат құс сен едің.
Бар, кезіп қайт, ел үшін.
Кең дүниенің көлемін.
Әділеттің құсы деп,
Көз алмастан жолыңнан,
Ұшырамын қолымнан.
Ел тілегін алып ұш,
Адамзаттың бағына.
Қара бұлтты жарып ұш,
Мұхиттың арғы жағына.
Көзін сенен алмайды,
Ақ ниеті бар адам.
Ақ қанатың талмайды,
Әділеттен жаралған.
Тыныш бейбіт өмірдің,
Белгісі боп қанат қақ.
Әлемге ортақ көңілдің,
Қайт шыңына қонақтап.
Ел тілегін алып ұш,
Адамзаттың бағына.
Қара бұлтты жарып ұш,
Мұхиттың арғы жағына.
АР-ҰЖДАН – АДАМДЫҚ БЕЛГІСІ
152
Достарыңызбен бөлісу: |