Өзін-өзі тану жалпы орта білім беретін мектептің 10-сыныбына арналған оқулық Алматы 2019 «Өзін-өзі тану»



Pdf көрінісі
бет95/115
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#86755
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   115
Байланысты:
Book-file-22-0 (1)

Саңылауы жоқпен сабақтас болма
Бөлтірік Әлменұлы
Бөлтіріктің ұлы жас кезінде өзі қатар балалардың сотқар, бұзықтарына 
көбірек үйір болып, көбінесе солармен бірге ойнайды екен. Әкесі 
баласының мұнысын құп көрмей, оған бұзық балалардан аулақ жүруін 
әлденеше рет ескертеді, бірақ одан ештеңе шықпайды. Сөйтіп жүргенде, 
бір-екі жыл өтіп кетеді. Бір күні серіктерінің бастауымен Бөлтіріктің 
баласы көрші ауылға барады. Қасындағы жолдастарының бұл ауылға 
қыдырып барамыз дегеніне 
сеніп, Бөлтіріктің баласы 
оларға еш алаңсыз еріп жүре 
беріпті. 
Көрші ауылға келген соң, 
балалар келген ауылының бір 
мырзасының құмай тазысын 
ұрлайды. 
Жолдастарының 
мұндай ойынан бейхабар 
келген Бөлтіріктің ұлы бұған 
ренжиді. Бірақ болар іс болып қойған соң, амалсыз серіктерімен бірге 
ауылына қайтады. Тазы иесі сұрастырып жүріп, ұрыларының кім 
екенін біледі. Тазысын да табады. Жазықтылар айыбын тартады. Айып 
тартқандардың ішінде Бөлтіріктің баласы да болады. Бала әкесіне өзінің 
айыбы жоқтығын, серіктерінің тазы ұрлайтын ойы барын білмегенін, 
білгенде, оларға қосылмайтынын айтып ақталады. Сонда Бөлтірік мына 
сөзді айтқан екен:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет