Өзін-өзі тану жалпы орта білім беретін мектептің 10-сыныбына арналған оқулық Алматы 2019 «Өзін-өзі тану»



Pdf көрінісі
бет92/115
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#86755
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   115
Байланысты:
Book-file-22-0 (1)

4-тапсырма.
Мәтіндерді оқып, адам болуға, азамат 
болуға негіз болатын тірек сөздер мен ойларды іріктеп 
алып, әңгімелеп беріңіздер. Тұлғалардың азаматтығы, елге, 
адамзатқа деген сүйіспеншілігі қай сөздерден көрінеді? 
а) ... Жастарға қандай ақыл-кеңес айтар едіңіз Тоқтар аға? 
– Мен мұны ылғи да айтып жүрмін. Намысты әркезде бірінші 
орынға қою керек. Жастарға, тәуелсіздік құрдастарына айтар бірінші 
кеңесім осы.
Екінші мәселе өмірде мақсатың болуы керек. Алдыңа мақсат 
қоймасаң, өмір бойы адасып өтесің. Бала кезден-ақ кім болатыныңды 
анықта. (Әңгімелескен Арман Алтайұлы).
ә) ... Бауырлар, кітапты көп оқыңдар. Спортта болсын, басқа 
салада болсын, ең бірінші білім керек. Білімің болмаса, еш жерден 
жарқырап шықпайсың. Ең алғаш спортзалға барғанда ұстазымыз 
барлық балаларды жинап алып айтқан: «Маған сендердің чемпион 
болғандарың керек емес, ең бірінші кезекте адам болыңдар! Ертең 
чемпион болғанда адам танымай, тәкаппарланып кетсең, немесе 
жеңілген кезіңде сынып қалып, төмен түсіп кетсең, ең қиыны сол 
болады. Сондықтан бірінші кезекте адам болыңдар!» – деген сөзі әлі 
жадымда. (Қанат Ислам: Тәуелсіз елдің қадірін білейікші, бауырлар! 
www.qazaquni.kz/ Қазақ үні. Ұлттық портал). 
АДАМ – АДАМЗАТ АЙНАСЫНДА


143
б) ... Бәрінен азаматтық биік! «Ақын болуға міндетті емессің, 
азамат болу борышың» дейді Некрасов. Қазақ ақылды адамын азамат 
деп ардақтайды.
– Некрасов – ұлы ақын. Айтқаны дұрыс шығар. Азаматтықты 
қастерлегенде, адамгершілікті де ескерген болар, – деді Жарас.
Қазақша азаматтықты көбіне тар мағынада түсінеміз. Қейде 
ат майын берген адам да, азамат атана беретіні бар. Азаматтық 
ақылға қарап та өлшене бермейді. Ал адамгершіліктің мәні, онан гөрі 
тереңірек жатыр. Ол бір адамның құшағына сия да бермес. Бүкіл 
адамзатты сүюге шақырады ол. Ал адамзатты сүйген азамат, адам 
баласына қиянат істемейді, әрине... (З. Шүкіров «Отты өткелдер»).
Өнер туындысымен танысып, Мағжан Жұмабаевтың 
«Бақытты өмір адам мен қоғамның, ұлт пен адамзаттың 
бірлігін қалайды» деген сөзін негіз етіп алып, «Адам және 
адамзат» немесе «Адам – жасампаз», «Өнегелі өмір» 
тақырыптарының біріне пікір алысу жүргізіңіздер. 
Әмірхан Меңдеке «... Әуелі – адам, содан кейін – қоғам. 
Әуелі – ізгілік, содан кейін – үйлесімділік. Әуелі – руханият, 
содан кейін – өркениет. Бастапқылары түзелмей, кейінгілері 
ешуақытта түзелмейді» дейді. 
Ұлы көш. Тюлькиев Б.А., Қожамқұлов З.К.
АДАМ – АДАМЗАТ АЙНАСЫНДА


144
Ерлікке шақыру
Сөзі мен әні Мұхтар Шахановтікі
Мiне, саған ойланатын келдi күн,
Азамат боп атқа мiндiң сен бүгiн.
Бiрақ атқа мiнгенiңнен не пайда,
Жүрегiңде қалғып жатса, ерлiгiң.
Қайырмасы:
А - а - а
Бозбала,
Қанатыңды талдырма,
Алай-түлей жаңбырда,
Тiзгiнiңдi берiп қойма тағдырға,
Қуанышым.
Жан-тәнiңмен бiр адамды сүймегенiң үшiн,
Сүйе алмағаның үшiн
Табиғаттың алдында кiнәлісiң.
Қорға, жаным, сенiмiңдi жеруден,
Қорлық бар ма, жанбай жатып сөнуден.
Өмiрдегi үлкен жеңiс әрдайым,
Басталмай ма өзiңдi өзiң жеңуден.
Қайырмасы.
АДАМ – АДАМЗАТ АЙНАСЫНДА


145


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет